Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы" 1995 жылғы 22-ші желтоқсандағы N 9 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы 1999 жылғы 20 желтоқсан N 20. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 8 нормативтік қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2015 № 8 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      1998 жылғы 1-ші қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі пайдалануға берілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы" 1995 жылғы 22-ші желтоқсандағы N 9 P95009S_ қаулысының кейбір қағидалары қайта қарауға жатады. Сонымен бірге, парақорлық туралы істер бойынша сот тәжірибесін жинақтау қорытындысы бойынша соттардың лауазым иесі түсінігін дұрыс ұғынбау фактілері анықталды. Кейбір істер бойынша техникалық құралдарды пайдалану арқылы жүргізілген тергеу іс-әрекеттері ҚІЖК-мен бағдарлаған тәртіп бұзылып жүргізіледі, алайда соттар бұған тиісті баға бермейді. Парақорлық істер бойынша сотталғандарға қылмыстық жаза мөлшерін тағайындау тәжірибесінің әртүрлілігі байқалады.

      Жоғарыда айтылғандардың негізінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етеді:

     

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы" 1995 жылғы 22-ші желтоқсандағы N 9 қаулысына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

      а) 1-тармақтың 1-ші азатжолынан "мемлекеттік немесе жеке кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда" сөздері алынып тасталсын;

      ә) 9-тармақ келесі редакцияда берілсін: "9. Пара мөлшерін белгілеу үшін пара заттары қолданылып жүрген бағалардың немесе көрсетілген қызметке төленетін тарифтердің негізінде ақшалай құнға иеленуге тиіс. Егер ірі мөлшердегі заңсыз сыйақы бөліп-бөліп алынса, бірақ бұл әрекет жалғасы бір қылмыстың жеке көріністері болып табылса, істелінген әрекет ірі мөлшерде алынған пара ретінде саралануы тиіс. Ірі мөлшердегі пара ұғымы ҚК-тің 311-бабына N 1 ескертуде берілген";

      б) 12-ші тармақ келесі редакцияда берілсін: "12. ҚК-тің 307-ші бабына N 2 ескертудегі көрсетілген тұлғалар жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар болып танылады";

      в) 14-ші тармақ алынып тасталсын;

      г) 15-ші тармақтың бірінші азатжолындағы "немесе аса ірі" сөздері алынып тасталсын.

     

      2. Пленум қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      а) 1-тармақтың бірінші азатжолы "Лауазымды адам ұғымы ҚК-тің 307-бабына N 1 ескертуде берілген" сөйлемімен толықтырылсын;

      б) 20-тармақ "Параның коммерциялық сатып алушылық ұғымынан айырмашылығы - коммерциялық сатып алушылық субъектісі болып коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару міндеттерін атқаратын адам табылады" азатжолымен толықтырылсын;

      в) Пленум қаулысы төмендегі мазмұндағы 20-1 және 20-2 тармақтарымен толықтырылсын: "20-1. Парақорлық бойынша істерде техникалық құралдардың көмегімен дәлелдер жинауда (бейне, аудио жазбалар, параға берілетін заттарды арнайы бояғыштармен өңдеу т.б.) заң талаптарынан ауытқуға жол берілу фактілерін ескере отырып, бұндай тәсілдермен дәлелдер жинауда соттар қылмыстық қудалау органдарының ҚІЖК-нің қалыптарын сақтауын мұқият

     

      тексеріп, оларды іске дәлел ретінде жатқызу жөнінде мәселені шешуі керек.

      20-2. Парақорлық үшін жаза тағайындауда соттар бұл мәселе бойынша

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының түсініктемелерін басшылыққа

      алулары керек, сонымен бірге, жаза тағайындауда жазаның тым жұмсақтығына

      немесе тым қатаңдығына жол бермей, жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік

      сипаты мен дәрежесін ескерген жөн."

      Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Сотының

      Төрағасы

      Пленум хатшысы,

      Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Сотының судьясы

      Оқығандар:

      Қобдалиева Н.М.

      Орынбекова Д.К.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады