Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1995 жылғы 22 желтоқсан N 9 нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 8 нормативтік қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2015 № 8 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбы мен кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 6 Нормативтік қаулысымен.

      Парақорлық үшін жауапкершілік туралы қолданылып жүрген заңды бірегей және дұрыс қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы Қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 307-бабына ескертпелерде ұғымдары берілген тұлғалар заң бойынша пара алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны түсіндірілсін.

      Пара берушінің мүддесін орындау үшін тиісті әрекет ету өкілеттігі жоқ адамдар пара үшін өзінің лауазымдылық жағдайында басқа адамдардың осындай әрекет жасауына шара қолданса, ондай адамдар да осы қылмыстың субъектісі ретінде танылуы керек.

      Ескерту. 1-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сот Пленумының 1999.12.20. N 20 , 2008.12.22. N 6 Нормативтік қаулыларымен.

      2. Паралық нәрсе болып ақша, бағалы қағаздар, материалдық байлықтар, сондай-ақ тегін көрсетілген ақылы қызметтер, мүлікке құқық беретін жеңілдіктер (құрылыс, жөндеу жұмыстарын жүргізу; санаторийлық немесе туристік жолдамаларды, жол билеттерін алып беру; жеңілдік жағдайындағы қарыз немесе несие алуға жәрдемдесу және т.б.) саналады.

      3. Парақорлық туралы істерді қарау кезінде адамның пара берушінің мүддесіне сай қандай әрекеттерді орындағаны немесе орындамағаны үшін пара алғандығын әрдайым анықтау қажет. Мұндайда адамның параны қашан алғанына, яки әрекет немесе әрекетсіздік жасағанына дейін, ия кейін, сондай-ақ параның алдын ала келісілген-келісілмеген, пара берушінің мүддесі үшін қандай да әрекеттің орындалған-орындалмағанына қатыссыз жауапкершілікке тартылатынын ескеру керек.

      Адамның өзіне бағынышты немесе бақылауындағы адамдардан қызмет бабында қорғаштағаны немесе кемшіліктеріне көзжұмбайлық жасағаны үшін, оның құзыретіне енетін мәселелерді сәтті шешуі үшін ақша немесе басқа құнды нәрселерді алуы, пара алу деп бағалануы тиіс.

      Құнды нәрселерді алудың немесе қызмет көрсетудің шарттары арнайы келісілмеген, бірақ қылмысқа қатысушылар параны берушінің мүддесін қанағаттандыру мақсатында табыс еткенін түсінген жағдайда да айыпты адамдардың әрекеттері пара беру және пара алу деп дәрежеленуге жатады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 6 Нормативтік қаулысымен.

      4. Мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке ұйымдар үшін қайсыбір артықшылықтарды алу үшін пара берушінің әрекеті пара беру ретінде, ал негіз болған жағдайда, басқа қылмыстардың жиынтығы бойынша (ұрлық, қызмет бабын пайдалану және т.б.) сараланады.

      Мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке кәсіпорындардың, мекемелердің немесе ұйымдардың басшылары қызметі бойынша бағынышты адамдарға ҚК-нің 307-бабына ескертпелерде көрсетілген басқа адамға пара беру жолымен ойлаған әрекетке немесе әрекетсіздікке жетуге тапсырма берсе, ондай адамдар пара беруші ретінде жауапқа тартылады. Пара үшін ойлаған әрекеттерді орындауға келісімге келген және параны табыс еткен қызметкер параны беруге қатысушы ретінде жауапқа тартылуы тиіс. Егер аталған адам жүктелген істің сипатын біле тұрып, тек параны апарып берсе, оның әрекеті парақорлыққа делдал ретінде сараланады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 6 Нормативтік қаулысымен.

      5. Парақорлыққа делдал болу пара берушінің немесе пара алушының тапсырмасымен әрекет ете отырып, тікелей паралық нәрсені беретін адам екенін ескеріп, парақорлыққа делдал болуды параны беру мен алудан даралай білу керек. Мұндайда парақорлыққа делдал болған адамды айыпты деп тану үшін оның пара берушіден немесе пара алушыдан сыйақы алған-алмағанының маңызы жоқ.

      Параны беруді немесе алуды ұйымдастырып, бұған біреуді итермелеген немесе параны алуға, беруге көмектесуші болған әрі бір мезгілде делдал міндетін атқарған ҚК-нің 307-бабына ескертпелерде көрсетілген адам немесе басқа адам параны беруге немесе алуға қатысқаны үшін жауапқа тартылады. Мұндайда қатысушының әрекетін саралау жөніндегі мәселе оның пиғылына, пара берушінің немесе пара алушының қайсысының мүддесі үшін, кімнің жағында болғанына қарай шешілуі тиіс. Мұндай жағдайда оның әрекетін парақорлыққа делдал болу үшін жауапкершілік белгіленген бап бойынша қосымша саралаудың қажеті жоқ.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 6 Нормативтік қаулысымен.

      6. Егер тиісті қылмысты бірлесіп жасауға алдын ала келіскен екі немесе одан көп пара алу субъектісі қатысса, онда параны алдын ала келісім бойынша бір топ адам алды деп есептелінеді. Мұндайда параны ең болмағанда пара алу субъектілерінің біреуі алған сәтінен бастап қылмыс жасалынады деп есептеледі және бұл жерде пара берушінің параны алуға пара алудың бірнеше субъектілерінің қатысқандығын білген-білмегенінің қажеті жоқ.

      Бір топ адамның алдын ала келісімі бойынша алынған параның мөлшері алынған бағалы заттардың немесе көрсетілген қызметтің жалпы құны бойынша анықталады, ал негізсіз иемденген бағалы заттарды мемлекет есебіне қайтару кезінде әрбір пара алушының ақшалай немесе материалдық пайдасының мөлшері тұрғысынан есептеледі.

      Бір адам екінші бір лауазымды адаммен алдын ала келіспестен пара алып, пара берушінің мүддесі үшін оның бір бөлігін соңғыға берсе, параны бергені және алғаны үшін жасаған қылмысының жиынтығы бойынша жауапқа тартылады.

      Пара алу субъектісі болып табылмайтын адаммен келісіп пара алған адамның әрекеті бір топ адамның алдын ала келісіп пара алғаны ретінде бағаланбайды.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 6 Нормативтік қаулысымен.

      7. Жауапқа тарту мерзімі өтіп кетпеген жағдайда параны алу, беру немесе парақорлыққа делдал болу қылмыстары кемі екі рет жасалынса, онда аталған қылмыстар әлденеше рет жасалған деп есептелінеді.

      Егер әрбір пара берушінің мүддесі үшін жеке-жеке әрекет жасалып, бірнеше адамнан бір мезгілде пара алынса, онда пара әлденеше рет алынды деп саралануы керек.

      Пара берушінің қажет еткен нәтижесін қамтамасыз ететін орындағаны немесе орындамағаны үшін параны әлденеше рет беру немесе алу, сол сияқты өзара алдын ала келісіп, қылмыс жасаған пара алу субъектілері тобына пара беру немесе аталған жағдайларда делдал болу, бірнеше рет жасалған қылмыс ретінде қаралмайды.

      Егер әр пара берушінің мүддесі үшін пара алушы жекелеген әрекеттер жасаса (жасамаса), немесе пара берушінің мүддесі үшін пара алудың әр субъектісі жекеленген әрекет етсе және бұл жағдайлар делдал болған адамға белгілі болған жағдайда, ондай адамның бір мезгілде бірнеше пара берушінің пара алудың бір субъектісіне пара берушіден пара алудың бірнеше субъектілерінің пара алу кезіндегі делдалдық әрекеттері әлденеше рет парақорлыққа делдал болу деп есептеледі.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 6 Нормативтік қаулысымен.

      8. Адамның пара берушінің заңды мүддесіне залал келтіретін әрекеттер істелетінін айтып қорқыту әрекетін жасап пара талап етуі немесе соңғыны өзінің құқықтық мүдделеріне тиетін зиянды зардаптарды болдырмау мақсатында пара беруге мәжбүр болу жағдайына жеткізу параны қорқытып алу болып табылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 6 Нормативтік қаулысымен.

      9. Пара мөлшерін белгілеу үшін пара заттары қолданылып жүрген бағалардың немесе көрсетілген қызметке төленетін тарифтердің негізінде ақшалай құнға иеленуге тиіс. Егер ірі немесе аса ірі мөлшердегі заңсыз сыйақы бөліп-бөліп алынса, бірақ бұл әрекет жалғасы бір қылмыстың жеке көріністері болып табылса, істелінген әрекет ірі мөлшерде алынған пара ретінде саралануы тиіс. Параның ірі немесе аса ірі мөлшері ұғымы ҚК-нің 311-бабына ескертпелердің 1 және 3-тармақтарында берілген.

      ЕСКЕРТУ. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сот Пленумының 1999.12.20. N 20 , өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 6 Нормативтік қаулыларымен.

      10. Адамның оған қызметі бойынша берілген құқық пен өкілеттікті парақорлыққа делдал болу кезінде пайдалануы өзінің қызмет бабын пайдаланып парақорлыққа делдал болу болып табылады.

      Егер парақорлыққа делдал болу айыпкердің қызмет бабымен байланысты болмаса, немесе ол парақорлықтың субъектісі болмаса, парақорлыққа делдал болу қызмет бабын пайдалана отырып жасалынды деп танылмайды.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 6 Нормативтік қаулысымен.

      11. Егер пара толығымен немесе жартылай пара алушының ырқына байланысты емес себептермен алынбай қалса, оның әрекетін алдын ала келісілген параны алуға оқталу деп саралау керек. Пара алу субъектісі ұсынылған параны алудан бас тартқан жағдайда пара берушінің әрекетін пара беруге оқталғандық, ал делдал адамның әрекетін делдал болуға оқталғандық деп саралаған жөн.

      Адамға пара түрінде берілген ақша жалған немесе бір бөлігі қолдан жасалған ақша таңбалары болған жағдайларда пара алушының әрекетін параны келісілген мөлшерде алуға оқталғандық ретінде саралау керек.

      Құқық қорғау органдарына дайындалып жатқан қылмыс жөнінде мәлім болғанына қарамастан егер адам параны іс жүзінде алса, онда мұндай адамның әрекетін пара алды деп есептеу керек.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 6 Нормативтік қаулысымен.

      12. ҚК-тің 307-ші бабына ескертудің 4-тармағында көрсетілген тұлғалар жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар болып танылады. <*>

      ЕСКЕРТУ. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сот Пленумының 1999.12.20. N 20 , өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 6 Нормативтік қаулыларымен.
      13. (Ескерту. 13-тармақ алынып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 6 Нормативтік қаулысымен.

      14.<*>

      ЕСКЕРТУ. 14-тармақ алынып тасталды - ҚР Жоғарғы Сот Пленумының 1999.12.20. N 20 қаулысымен . P99020S

      15. Қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің жоғарылығын сипаттайтын саралау белгілері (қорқытып алу, параның ірі, аса ірі мөлшері, пара алушының жауапты лауазымға ие екендігі) параны алуға қатысушылардың да айыбына тағылуы тиіс, егер олар бұл жағдайларды қылмысқа қатысқан кезде саналы түрде білсе.<*>

      Осымен қатар қылмысқа қатысушылардың әрекетін саралау кезінде басқа қатысушылардың жеке басын сипаттайтын жайлар (параны бірнеше рет алғаны, бергені, парақорлыққа делдал болғаны) есепке алынбауы керек.

      ЕСКЕРТУ. 15-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Сот Пленумының 1999.12.20. N 20 қаулысымен, ҚР ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 6 Нормативтік қаулысымен.

      16. Егер адам пара берушіден ақша немесе басқа құнды заттарды адамға пара ретінде беру үшін алып, бірақ апарып беру оның ойында болмай өзі пайдаланса, оның жасаған әрекеті алаяқтық ретінде саралануы тиіс. Егер бұл адам құнды нәрселерді иелену мақсатымен пара берушіні пара беруге итермелесе, онда оның әрекеті алаяқтықпен бірге қосымша, пара беруге итермелеген арандатушылық болып, ал мұндай жағдайда пара берушінің әрекеті пара беруге оқталғандық болып саралануы тиіс. Бұл жағдайда нақты пара берілетін адамның аты аталған-аталмағандығының маңызы жоқ.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 6 Нормативтік қаулысымен.

      17. Параны бергені және алғаны үшін жауапкершілік парақорлықпен байланысты болса өз алдына жеке қылмыс құрамын құратын басқа әрекеттер үшін (қызмет бабын пайдалану, бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысу және т.б.), бір мезгілде қылмыстық жауапқа тартудың жоққа шығарылмайтыны түсіндірілсін. Мұндай жағдайда жасалған әрекеттер қылмыс жиынтығы бойынша саралануы қажет.

      Егер делдал адам пара берушінің паралық нәрсені ұрлап алатынын алдын ала білсе және оны пара алушыға апарып беруге келіссе, онда әрекеттері парақорлыққа делдал болу және ұрлыққа қатысқан деп сараланады.

      18. (Ескерту. 18-тармақ алынып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 6 Нормативтік қаулысымен.

      19. Айғақ заттар болып танылған пара ретінде алынған ақша мен басқа құнды заттар мемлекет кірісіне жатқызылады.

      Егер параға берген нәрсе табылмаса, онда негізсіз иемделген нәрселер ретіндегі оның құны азаматтық заңға сәйкес мемлекет есебіне өндіріледі.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 6 Нормативтік қаулысымен.

      20. Параның коммерциялық сатып алушылық ұғымынан айырмашылығы - коммерциялық сатып алушылық субъектісі болып коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару міндеттерін атқаратын адам табылады.<*>

      ЕСКЕРТУ. 20-тармақ жаңа азатжолымен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сот Пленумының 1999.12.20. N 20 қаулысымен, өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 6 Нормативтік қаулысымен.

      20-1. Парақорлық бойынша істерде техникалық құралдардың көмегімен дәлелдер жинауда (бейне, аудио жазбалар, параға берілетін заттарды арнайы бояғыштармен өңдеу т.б.) заң талаптарынан ауытқуға жол берілу фактілерін ескере отырып, бұндай тәсілдермен дәлелдер жинауда соттар қылмыстық қудалау органдарының ҚІЖК-нің қалыптарын сақтауын мұқият тексеріп, оларды іске дәлел ретінде жатқызу жөнінде мәселені шешуі керек.<*>

      ЕСКЕРТУ. 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сот Пленумының 1999.12.20. N 20 қаулысымен. P99020S_

      20-2. Парақорлық үшін жаза тағайындауда соттар бұл мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты нормативтік қаулысының түсініктемелерін басшылыққа алулары керек, сонымен бірге, жаза тағайындауда жазаның тым жұмсақтығына немесе тым қатаңдығына жол бермей, жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесін ескерген жөн.<*>

      ЕСКЕРТУ. 20-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сот Пленумының 1999.12.20. N 20 қаулысымен, өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 6 Нормативтік қаулысымен.

      21. Осы қаулының қабылдануына байланысты:

      Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының 1982-жылғы 20-желтоқсандағы N 8 "СССР Жоғарғы Соты Пленумының 1977-жылғы 23-қыркүйектегі N 16 "Парақорлық туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы" қаулысын республика соттарының орындауы туралы" қаулыларының күші жойылады деп танылсын.

      СССР Жоғарғы Соты Пленумының 1990-жылғы 30-наурыздағы N 3 "Парақорлық туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы" қаулысы қолданылмайды деп танылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады