Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 қарашадағы N 1186 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 13 қаңтар N 23а

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астана қаласындағы тұрғын үйлер мен әкімшілік үйлерді сатып алу үшін республикалық бюджеттен ақша бөлу туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы N 1186 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: 
      мынадай мазмұндағы 1-2 және 1-3-тармақтармен толықтырылсын: 
      "1-2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Республика даңғылы, 60 мекен-жайы бойынша орналасқан ғылыми-зертханалық кешеннің ғимаратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне берсін. 
      1-3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті заңдарда белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-2-тармағында көрсетілген ғимаратты "Қазақойл" жабық акционерлік қоғамының жарғылық капиталына берсін".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады