"Маңғыстау мұнай-газ" АҚ-ның акцияларын сатып алу-сату шарты жөніндегі кейбір мәселелер

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 18 наурыз N 259

      1997 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасы мен "Central Asia Petroleum Ltd." компаниясының арасында жасалған N 04/031-97 "Маңғыстау мұнай-газ" АҚ-ның акцияларын сатып алу-сату шарты (бұдан әрі - "Маңғыстау мұнай-газ" АҚ-ның акцияларын сатып алу-сату шарты) бойынша Қазақстан Республикасы қабылдаған міндеттемелерді орындау мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 мамырдағы N 897 P970897_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кіріс министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1997 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жекешелендіру жөніндегі департаменті мен "Central Asia Petroleum Ltd." компаниясының арасында жасалған N 04/031-97 "Маңғыстау мұнай-газ" АҚ-ның акцияларын сатып алу-сату шартының 9.2-тармағы бойынша міндеттемелерді орындауды;
      "Маңғыстау мұнай-газ" АҚ-ның активтері сомасының пассивтері сомасынан асуын 129 507 мың АҚШ долларына бара-бар сомада теңгемен салықтық міндеттемелер мен кедендік төлемдердің есебіне өтеуді;
      аумақтық органдардың "Маңғыстау мұнай-газ" АҚ-ның акцияларын сатып алу-сату шартының 9.2-тармағында көзделген өтемақыларды жүзеге асырудың тәртібін әзірлеуін және орындауға қабылдауын;
      "Маңғыстау мұнай-газ" АҚ-ның 1998 жылғы 1 қаңтарға бюджеттің алдында пайда болған борыштарын өтеуді және "Маңғыстау мұнай-газ" АҚ-ның акцияларын сатып алу-сату шарты бойынша мәмілелердің аяқталуына қатысты 1998 жылғы 6 наурыздағы Хаттаманың шарттарына сәйкес 1998 жылғы 1 қаңтарда пайда болған өсім ақылар мен айыппұлдар бойынша

 

берешектерді өтеудің кестесін құжаттамалық растауды қамтамасыз етсін.

     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары, Қаржы министрі О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.         





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады