Мемлекеттік органдардың қызметкерлерін шетелге іссапарға жіберуді реттеу жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 1999 жылғы 19 наурыз N 274

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Әкімшілік шығыстарды қысқарту және 1999 жылғы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 1 ақпандағы N 5 өкімін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің, шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялар делегацияларының, жұмыс топтары мен сарапшылардың, оның ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет басшыларымен үкімет басшыларының, Мемлекетаралық кеңестің, Кеден одағы мен Орталық Азиялық экономикалық қоғамдастыққа қатысушы мемлекеттердің Премьер-Министрлері кеңесінің мәжілістеріне құжаттар дайындау үшін, сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шаралар мен тергеу-іс жүргізу іс-қимылдарын жүзеге асыруы кезінде мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының шетелге ресми іс-сапарларынан басқа мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен шетелге іс-сапарларға жіберу тек Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде ғана жүргізіледі.
      2.Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі республикалық бюджеттен шетелге іссапарға жіберуге бөлінетін валюта қаражатының жұмсалуына тиісті бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің:
      "Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің шетелге іссапарға шығуын тәртіпке келтіру жөніндегі шаралар туралы" 1998 жылғы 14 тамыздағы N 770 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 28, 239-құжат);
      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамыздағы N 770 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 1998 жылғы 15 қыркүйектегі N 887 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 32, 285-құжат) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады