ЕСКЕРТУ. Қаулы күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.08.24. N 1232
қаулысымен. P991232_
Каспий теңiзiндегі су деңгейiнiң көтерiлуiнен, соңғы жылдардағы су басудан және ыза сулардың жемiрлiгiнен болып отырған Атырау қаласындағы автомобиль жолдарының қиын жағдайын есепке ала отырып, "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Атырау облысы әкiмiнiң "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жергiлiктi атқарушы органдар қарыз алуының жиынтық лимитiнiң шегiнде заңды тұлғалардан (екiншi деңгейдегі банктерден) Атырау қаласындағы автомобиль жолдарын жөндеуге заңдарда белгiленген тәртiппен 900 млн. теңгеге дейiнгі көлемде қаржы қаражатын қарызға алу туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1) Атырау облысының әкiмi тартып отырған заемдардың шарттарына қаржы-экономикалық сараптама жүргiзудi және оларды келiсудi жүзеге асырсын;
2) мемлекеттiк борышты басқарудың шеңберiнде жергiлiктi атқарушы
органдар заемдарының тартылуының, өтелуiнiң және оларға қызмет
көрсетiлуiнiң мониторингiн қамтамасыз етсiн.
3. Атырау облысының әкiмi:
1) тартылған заемдардың жергiлiктi бюджет қаражатынан өтелуiн
және оларға қызмет көрсетiлуiн қамтамасыз етсiн;
2) оған Орал өзенiндегi көпiрдi жөндеу жұмыстарын жүргізуге
заңды тұлғалардың демеушілiк көмегі ретiндегi қаржы ресурстарын iздестiру
ұсынылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Омарбекова А.Т.
Қасымбеков Б.А.