Атырау облысы әкімінің Атырау қаласындағы автомобиль жолдарын жөндеуге
екінші деңгейдегі банктерден қарыз алудан бас тартуына байланысты және
жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуының жиынтық лимитін республиканың
басқа аймақтарына қайта бөлу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі
қаулы етеді:
1. "Атырау қаласындағы жол құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 6 сәуірдегі N 365
қаулысының күші жойылды
деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.