"Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1999 жылдың сәуір-маусымында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 105 Жарлығын жүзеге асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 12 сәуір N 404

      "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1999 жылдың сәуір-маусымында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 105 U990105_ Жарлығын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдері:
      шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1999 жылдың сәуір-маусымында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді қамтамасыз етсін;
      шақырылғандарды әскерге жинау және жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін белгілесін;
      жинау мен қызмет атқару орындарына командаларды жөнелтуді және оларды алып жүруді қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі әскерге шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз етуді, сондай-ақ әскери комиссарлардың өтініші бойынша шақырылғандарға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өтініші бойынша запасқа босатылған мерзімді қызметтің әскери қызметшілері мен әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ұсынған өтінімдер мен есептер бойынша әскери қызметке шақырылған азаматтарды, сондай-ақ мерзімді қызметтен запасқа босатылған әскери қызметшілерді тасымалдауды белгіленген тәртіппен жүзеге асырушы ұйымдардың шығыстарын өтесін.
      5. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары әскерге шақырылған жастар арасында Қазақстан Республикасының "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы заңын сақтауға бағытталған алдын алу жұмысын

 

жандандырсын.

     6. Мыналарға:

     1) некеде тұратын және бір баласы бар, шақырушыларға шақырудың шекті

жасына дейін;

     2) толық орта білім базасында оқитын кәсіптік-техникалық және

арнаулы орта оқу орындарының оқушыларына оқу аяқталғанға дейін

мерзімді әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылсын.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға

жатады.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


  Оқығандар:

Қобдалиева Н.

Омарбекова А.       





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады