"Республикалық ипотекалық несиелендіру қоры" акционерлік қоғамын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 29 сәуір N 524

      Ауыл шаруашылығында реформаларды қолдауды қамтамасыз ету және нарықтық қатынастарды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Жарғылық қорында 1999 жылға арналған республикалық бюджетте ауыл шаруашылығында реформаларды мемлекеттік қолдауға Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне көзделген қаражаттың есебінен 50 (елу) миллион теңге сомасында мемлекеттің 100 проценттік қатысуымен "Республикалық ипотекалық несиелендіру қоры" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) бір ай мерзімде Қоғамның жарғысын бекітсін және тіркесін;
      2) Қоғамға қызметтің мынадай негізгі бағыттарын белгілесін:
      жердің және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жерді пайдалану құқықтарының кепілімен берілген несиелерді қайтарудың кепілдіктерін беру;
      жер учаскелерінің және жерді пайдалану құқықтарының құнын бағалау жөніндегі және жер учаскелері мен жерді пайдалану құқықтарының ипотекалық несиелерді қамтамасыз етуге кепілі туралы құжаттарды ресімдеу жөніндегі жұмысқа қатысу;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы  қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.
      Омарбекова А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады