1999 жылғы 8-11 маусымда Астана қаласында Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымының министрлері Кеңесінің XXVII сессиясын өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 15 мамыр N 580

      Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымының шеңберінде Қазақстан Республикасының темір жол көлігі саласындағы ынтымақтастығын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің бюджеттік қаржыландыру қаражатын тартпастан 1999 жылы 8-11 маусымда Астана қаласында Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымының министрлері Кеңесінің XXVII сессиясын өткізу туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымының министрлері Кеңесінің XXVII сессиясын өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі сессияға қатысушыларға келу және кету құжаттарын ресімдеуге, халықаралық ұйымдардың өкілдерін қарсы алуды ұйымдастыруға жәрдем көрсетсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әуежайда,

 

жүру бағыты бойынша делегациялардың қауіпсіздігін, олардың болатын

жерлерінде (бағдарлама бойынша) және сессия жұмысы кезеңінде кеңесті

өткізу барысында қоғамдық тәртіпті ұстап тұруды қамтамасыз етсін.

     5. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының

Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігіне жүктелсін.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің

      міндетін-атқарушы



   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Омарбекова А.        









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады