Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1998 жылғы 24 қазанда Баку қаласында жасалған Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі
арасындағы Экономикалық ынтымақтастықты тереңдету туралы келісім
бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Укiметi мен Әзербайжан
Республикасының Yкiметi арасындағы Экономикалық
ынтымақтастықты тереңдету туралы
Келісім
(ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 4, 36-құжат)
(1999 жылғы 17 шілдеде күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,
Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 80 бет)
Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының
Yкiметi мен Әзербайжан Республикасының Yкiметi,
1996 жылғы 16 қыркүйектегi Каспий теңiзiнiң мәселелерi жөнiндегі Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев пен Әзербайжан Республикасының Президентi Г.А.Алиевтiң Бiрлескен Мәлiмдемесiнiң, 1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының арасындағы Ынтымақтастықты одан әрi дамыту және тереңдету туралы бiрлескен декларацияның, 1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының арасындағы Халықаралық рыноктарға мұнайды тасымалдаудағы ынтымақтастық туралы меморандумның ережелерiн, сондай-ақ басқа да екi жақты құжаттарды басшылыққа ала отырып,
мемлекетаралық интеграция экономикалық дамудың аса маңызды элементтерiнiң бiрi болып табылатынын есепке ала отырып,
еңбектi халықаралық бөлiсудiң, өндiрiстi мамандандырудың және кооперациялаудың, өз елдерiнің әлеуметтiк-экономикалық дамуының мақсаттарына қол жеткiзу үшін өзара пайдалы сауданың артықшылықтарын пайдалана отырып, тең құқықты әрi өзара пайдалы сауда-экономикалық және өндiрiстiк қарым-қатынастарды одан әрi нығайту және дамыту, оларға ұзақ мерзiмдi және тұрақты сипат беру, екi мемлекеттiң экономикалық әлеуетiн тиiмдi пайдалану және олардың халқының әл-ауқатын көтеру қажеттілiгiне сүйене отырып,
өз мемлекеттерiнiң өндiрiстiк және интеллектуалдық әлеуетi өзара тиiмдi пайдалану қажеттiлiгiн растай отырып,
экономикалық реформаларды жүзеге асыруды үйлестiруге, тауарлардың, қызмет көрсетулердiң, капиталдардың және жұмыс күшiнiң еркiн ауыспалылығына кезең-кезеңмен көшу үшiн жағдайлар жасауға зор маңыз бере отырып,
жан-жақты ынтымақтастықты одан әрi тереңдетуге ұмтыла отырып,
төмендегiлер туралы уағдаласты:
1-бап
Тараптар экономикалық ынтымақтастықты ұзақ мерзiмдi әрiптестiк, теңдiк пен өзара пайда принциптерiнде, меншiк нысанына және бағыныстылығына қарамастан екi мемлекеттiң шаруашылық жүргiзушi субъектілерi арасында тiкелей байланыстар орнату жолымен, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормалары мен принциптерiне сәйкес, екi мемлекеттiң ұлттық мүдделерiн ескере отырып жүзеге асырады.
2-бап
Ортақ экономикалық кеңiстiктi кезең-кезеңмен қалыптастырудың және дамытудың қажеттiлiгiн мойындай отырып, Тараптар халықаралық құқық нормаларын сақтаумен және де Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес сыртқы экономикалық қызмет саласында нормативтiк-құқықтық базаны жақындастыру, инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау, кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту, жекешелендiруге қатысу жөнiнде қолайлы жағдайлар жасайтын болады.
3-бап
Тараптар ұлттық тауар өндiрушiлердi қолдау және қорғау шараларының жүйесiн әзiрлейдi әрi жүзеге асырады;
трансұлттық бiрлестiктердiң, қаржы-өнеркәсiптiк топтардың,
холдингтердің, кооперация негiзiндегi бiрлескен өндiрiстiк
құрылымдардың құрылуын көтермелейдi;
өз мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы транзит үшiн Тараптар
мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес қолайлы жағдайлар жасайды;
ортақ мүдденi бiлдiретiн экологиялық проблемаларды шешуде,
ғылыми-iздестiру зерттеулерiн жүргiзуде өзара iс-қимылды қамтамасыз етедi.
4-бап
Тараптар:
Каспий теңiзiнiң биологиялық жүйесiн қорғау және сақтау жөнiндегi
шараларды келiсуге;
болжау-iздестiру модельдерiн және минералдық шикiзаттың кен
орындарына баға берудi қалыптастыруға;
Каспий теңiзiне қатысты басым жобаларда өзара iс-қимыл жасауға;
неғұрлым перспективтi бағыттар бойынша халықаралық рыноктарға көмiрсутегi шикiзатын тасымалдаудың мүмкiн болатын нұсқаларын бiрлесiп қарауға көмектесу ниетiн көздейдi.
5-бап
Тараптар өздерiнiң 1998 жылғы 8 қыркүйектегi Еуропа-Кавказ-Азия
дәлiзiн дамыту жөнiндегi халықаралық көлiк туралы негiзгi көп жақты
келiсiмнiң ережелерiне адалдығын бiлдiрiп:
экономиканы интеграциялау және сауда-экономикалық байланыстарды
екi жақты, сондай-ақ көп жақты деңгейлерде жандандыру мақсатында
Еуропа-Кавказ-Азия көлiк дәлiзiн пайдалану саласында өзара iс-қимыл
жасауға;
Ақтау қаласы мен Баку қаласы айлақтарының қазiргi бар қуатын
транзит үшiн белсендi түрде пайдалана отырып, бұдан былай да аймақтық
ынтымақтастықты дамытуға және Тараптар мемлекеттерiнiң екi айлағы
арасындағы паромдық өткелдi қалпына келтiру мәселесiн бiрлесiп пысықтауға
келiстi.
6-бап
Тараптар бiрлескен қазақстан-әзербайжан үкiметаралық комиссиясын
құрады, оған мынадай мiндеттердi:
осы Келiсiм ережелерiнiң орындалуына бақылау жасау және оны үйлестiру;
ынтымақтастықтың ұзақ мерзiмдi Бағдарламасын және оны iске асыру
жөнiндегi шаралардың жыл сайынғы Жоспарын әзiрлеудi жүктейдi.
7-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiнуге және қолдануға қатысты даулар
консультациялар және келiссөздер жолымен реттелуге жатады.
8-бап
Осы Келiсiм Тараптардың өзге де халықаралық шарттарынан
туындайтын құқықтары мен міндеттемелеріне әсер етпейдi.
9-бап
Осы Келiсiмге енгiзiлетiн барлық өзгерiстер мен толықтырулар осы Келiсiмнiң ажырамайтын бөлiгi болып табылатын жеке Хаттама түрiнде ресімделетiн болады және ол 10-баптың ережелерiне сәйкес күшiне енедi.
10-бап
Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажет мемлекетiшiлiк процедураларды орындағанын растайтын соңғы жазбаша хабарламасы түскен күннен бастап күшiне енедi және 5 жыл бойы қолданыста болады.
Егер Тараптардың ешқайсысы осы Келiсiмнiң қолданылу мерзiмiнiң
аяқталуына дейiн 6 ай бұрын оның қолданысын тоқтататын өз ниетi туралы
екiншi Тарапты жазбаша хабардар етпесе, оның қолданыс мерзiмi келесi 5
жылға өздiгiнен ұзартылатын болады.
Осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату ынтымақтастықтың ұзақ мерзiмдi
Бағдарламасына сәйкес iске асырылатын жобаларды жүзеге асыруға әсер
етпейдi.
Баку қаласында 1998 жылғы 24 қазанда әрқайсысы қазақ, әзербайжан және
орыс тілдерiнде екi дана болып жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi
бiрдей.
Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Мамандар:
Орынбекова Д.
Нарбаев Е.