Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 18 маусым N 804. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.06. N 434 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569  қаулысына  мынадай толықтырулар енгізілсін: 
      Аталған қаулымен бекітілген 1999 жылға арналған республикалық бюджетке кредиторлық берешектерді өтеудің тәртібі туралы ережеде: 
      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: 
      "Астана қаласындағы салық органдарында 1999 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелген берушілердің кредиторлық берешектерін өтеу "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің арасында бөлінетін салықтар мен алымдарды қоспағанда, республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша жүргізіледі. Бұл ретте, берешектердің сомасын республикалық бюджеттің кірісіне есептеу Қазақстан Республикасы Президентінің "Астана қаласының арнайы экономикалық аймағын құру туралы 1996 жылғы 9 қазандағы N 3127  Жарлығымен  белгіленген нормативтер бойынша бөлместен жүзеге асырылады; 
      12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: 
      "Астана қаласында 1999 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелген берушілер бойынша салық органы анықтамада міндетті түрде олардың Астана қаласында 1999 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелгендігі туралы белгі қояды."; 
      46-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: 
      "Астана қаласында 1999 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелген берушілер төлем тапсырысында 107102 "Астана қаласында 1999 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектілердің берешектерін өтеуі" кіріс кодын көрсетеді, ал төлем тағайындаудың мәтіндік кеңестігінде - "Астана қаласы бойынша кредиторлық берешектерді өтеу" деген сөздерді жазады";
      50-тармақтың екінші сөйлемі "немесе 107102 "Астана қаласында 1999 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектілердің берешектерді өтеуі" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады