Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы N 795 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 20 шілде N 1014

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Астана қаласында салынып жатқан 240 төсектік аурухана кешенінің мүмкіндігін кеңейту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы N 795 P990795_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 

     "1. Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі

агенттігі белгіленген тәртіппен экономикалық сараптама жүргізсін және

қорытындысын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жіберсін.";

     2) 2-тармақ мынадай сөздермен толықтырылсын:

     "2. Қазақстан Республикасы Экономикалық жоспарлау жөніндегі

агенттігінің қорытындысы негізінде" бұдан әрі мәтін бойынша.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады