Астана қaласында салынып жатқан 240 төсектiк аурухана кешенiнiң мүмкiндiгiн кеңейту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 17 маусым N 795

      Астана қаласындағы 240 төсектiк аурухана кешенiнiң жұмыс iстеу мүмкiндiгiн кеңейту және уақытында iске қосу және одан әрi тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі белгіленген тәртіппен экономикалық сараптама жүргізсін және қорытындысын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жіберсін.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.07.20. N 1014
               қаулысымен. P991014_
      2. Қазақстан Республикасы Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігінің қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Societe Generale London компаниясы мен Қазақстан Республикасы арасында 1997 жылғы 22 мамырда қол қойылған, Қаржы министрлігі арқылы іске асырылатын Заем туралы келісімге сәйкес тартылған заем бойынша борыштың негiзгi сомасын Қазақстан Республикасының өтеуiне 2001 жылға дейiн мұрсат беру мәселесiн шешу жөнiндегi мiндеттеме туралы "Фитцпатрик" фирмасының (Ұлыбритания) ұсынысын ескере отырып, заңдарда белгiленген тәртiппен:
      1) несие берушi - Societe Generale Lоndоnмен 796,32 миллион жапон иенi сомасында қосымша сыртқы заем тарту туралы келiссөз жүргiзсiн;
      2) қосымша тартылатын сыртқы заемның қаржылық шарттары бойынша қорытынды дайындасын, ресiмдеп және осы сыртқы заем жөнiндегi қажеттi құжаттарды ресiмдесiн және қол қойсын;
      3) Societe Generale Lоndоnмен келiссөз жүргiзсiн және 1997 жылғы 22 мамырда қол қойылған Заем туралы келiсiмге заем бойынша борыштың негiзгi сомасын Қазақстан Республикасының өтеуiне 2001 жылға дейін мұрсат беру жөнiнде тиiстi қосымшалар мен өзгерiстер енгiзсiн және қажеттi құжаттарға қол қойсын;
      4) 2000 жылдан бастап республикалық бюджетте қосымша тартылатын заемға қызмет көрсету үшiн тиiстi шығыстарды, ал 2001 жылдан бастап Societe Generale London компаниясы мен Қазақстан Республикасы арасында 1997 жылғы 22 мамырда қол қойылған, Қаржы министрлiгi арқылы iске асырылатын Заем туралы келiсiмге сәйкес тартылған заемды және осы қаулыға сәйкес қосымша тартылған заемды өтеу үшiн тиiстi шығыстарды қарастырсын;
      5) қосымша тартылған заемның тiркелуiн, мониторингiн және iске асырылуын бақылаумен, оны өтеу мен қызмет көрсетудi қамтамасыз етсiн.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.07.20. N 1014
               қаулысымен. P991014_
 
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлігі:
      1) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын;
      2) Астана қаласындағы 240 төсектiк аурухана кешенiн салудың барысы туралы Қазақстан Республикасының Yкiметiне тоқсан сайын хабарлап отырсын;
      3) 1999 жылдың 1 шiлдесiнен бастап "Республикалық клиникалар мен ҒЗИ-тары арнаулы медициналық көмек" 65 бағдарламасының "Мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде ғылыми-зерттеу институттарының республикалық клиникаларында халыққа арнаулы медициналық көмек көрсету" 31 кiшi бағдарламасы бойынша 1999 жылға арналған республикалық бюджетте

 

қарастырылған қаражаттың шегiнде аурухана кешенiн қаржыландыруды жүзеге

асырсын.

     4. Осы қаулының iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қаржы министрi О.Ә. Жандосовқа жүктелсiн.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



      Оқығандар:

        Омарбекова А.

        Нарбаев Е.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады