ЕСКЕРТУ. Қаулы күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.08.03. N 1095
қаулысымен. P991095_
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 наурыздағы N 299 P990299_ қаулысымен бекiтiлген Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын нығайту жөнiндегi шаралар жоспарының 13-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Орал- Каспий кеме қатынасы арнасын және Қиғаш өзенiнiң сағасын қалпына келтiру жөнiндегi табандық тереңдету жұмыстарын жүргiзу шараларын қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгіне 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттiрмейтiн мұқтаждарға көздеген қаражат есебiнен 80 (сексен) млн.теңге бөлсiн.
2. Атырау облысының әкiмi Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiмен бiрлесiп табандық тереңдету жұмыстарын жүргізу жөнiндегi шаралардың орындалуын қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнетiн қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі