Орал-Каспий кеме қатынасы арнасын қалпына келтіру жөніндегі табандық тереңдету жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 3 тамыз N 1095

      "Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын нығайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 наурыздағы N 299 P990299_ қаулысымен бекітілген Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын нығайту жөніндегі шаралар жоспарының 13-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Орал-Каспий кеме қатынасы арнасын және Қиғаш өзенінің сағасын қалпына келтіру жөніндегі табандық тереңдету жұмыстарын жүргізу шараларын қаржыландыру үшін 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мұқтаждарға көзделген қаражат есебінен 80 (сексен) млн. теңге бөлсін.
      2. Атырау облысының әкімі Орал-Каспий кеме қатынасы арнасын және Қиғаш өзенінің сағасын табандық тереңдету жұмыстарын жүргізу жөніндегі қажетті шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін

 

қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     4. "Орал-Каспий" кеме қатынасы арнасын қалпына келтіру жөніндегі

табандық тереңдету жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлу туралы" Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 шілдедегі N 1072 


P991072_


  қаулысының

күші жойылды деп танылсын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.

    Омарбекова А.        





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады