"Шаруашылық басқармасы" жабық акционерлік қоғамының жекелеген мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 17 қыркүйек N 1401

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен келісім

 

бойынша "Шаруашылық басқармасы" жабық акционерлік қоғамына (бұдан әрі -

Қоғам) құны бойынша қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес мүлікті Қоғамның

жарияланған жарғылық капиталын төлеудің есебіне берсін;

     2) осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.

     2. "Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің Шаруашылық

басқармасын "Шаруашылық басқармасы" жабық акционерлік қоғамы етіп қайта

құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 тамыздағы

N 822 


P980822_


  қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

     көрсетілген қаулыға қосымшада:

     мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

     "Желтоқсан көшесі, 96

     Бөгенбай батыр көшесі, 152

     Гоголь көшесі, 111 - бұрынғы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және

сауда министрлігінің гараждары

     Бөгенбай батыр көшесі, 142";

     "Желтоқсан көшесі, 115" деген жолдағы "N 1 павильонды қоспағанда"

деген сөздер алынып тасталсын;

     "Панфилов көшесі, 106а" деген жол "106" деген санмен толықтырылсын.

     3. "Шаруашылық басқармасы" және "KEGOC" акционерлік қоғамдарының

кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17

маусымдағы N 784 


P990784_


  қаулысына күші жойылды деп танылсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


                               Қазақстан Республикасы

                                     Үкіметінің

                               1999 жылғы 17 қыркүйектегі

                                 N 1401 қаулысына

                                      қосымша


     "Шаруашылық басқармасы" жабық акционерлік

       қоғамының құрамына берілетін мүліктердің

                    Тізбесі


     N      Ғимараттардың              Баланстық құны (теңге)

     р/с    мекен-жайлары


     1.     Желтоқсан көшесі, 96           30192310

     2.     Бөгенбай батыр көшесі, 152     43054528

     3.     Гоголь көшесі, 111 -

            бұрынғы Қазақстан

            Республикасы Өнеркәсіп

            және сауда министрлігінің

            гараждары                      4919121

     4.     Желтоқсан көшесі, 115          67044030

            мекен-жайы бойынша        

            орналасқан ғимараттағы

            N 1 павильон

     5.     Панфилов көшесі, 106           23085638

     6.     Бөгенбай батыр көшесі, 142     158196556

     7.     Барлығы:                       326492183



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Қасымбеков Б.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады