Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 28 қыркүйек N 1471

      Алматы қалалық сотының 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 939/9 және 1997 жылғы 21 шiлдедегi N 963/14 сот шешiмдерiн атқару мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне 29 "Кезек күттiрмейтiн iс-шаралар" бағдарламасында көзделген, "Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 шiлдедегi N 996 P990996_ қаулысына сәйкес "Қаламгер" кәсiпорны мен "АЕРБ" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң алдындағы берешегін iшiнара өтеу үшiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне бөлiнген қаражаттан 27 548 000 (жиырма жетi миллион бес жүз қырық сегiз мың) теңге сомасындағы қалдық ақшаны пайдалануға рұқсат берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi бiр апта мерзiмде бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердi

 

осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.

     3. Құпия.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары Қаржы министрi Ораз Әлиұлы Жандосовқа

жүктелсiн.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі




   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Икебаева А.Ж.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады