Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасында экономикалық және қаржылық бұзушылықтармен күрес саласында ынтымақтастық, сондай-ақ заңсыз өткізілген валюталық құндылықтарды қайтару туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 22 қазан N 1587

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасында экономикалық және қаржылық бұзушылықтармен күрес саласында ынтымақтастық, сондай-ақ заңсыз өткізілген валюталық құндылықтарды қайтару туралы келісімге қол қойылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан
Республикасының Үкiметi арасында экономикалық және
қаржылық бұзушылықтармен күрес саласында ынтымақтастық,
сондай-ақ заңсыз өткiзiлген валюталық құндылықтарды қайтару
туралы Келісім


     Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкiметi

мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi,

     мемлекеттiк егемендiгiн өзара құрметтеу принциптерiне сүйене отырып,

     ұлттық заңдардың ережелерiне және өз мемлекеттерiнiң халықаралық

мiндеттемелерiн негізге ала отырып,

     тең құқықтық, өзара түсiнiстiк жеке өзара тиiмдiлiк принциптерiн

басшылыққа ала отырып,


 
       экономикалық және қаржылық, бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ, заңсыз өткiзiлген валюталық құндылықтарды қайтаруға байланысты мiндеттердi тиiмдi шешуге өзара мүдделiгiне сүйене отырып,
      мына төмендегiлер туралы уағдаласты:
 
                       1-бап. Келiсiмнiң мақсаты
 
      Экономикалық және қаржылық, заңдарды бұзушылыққа қарсы тиiмдi күрестi ұйымдастыру және Тараптар мемлекеттерiнiң аумағына заңсыз өткiзiлген валюталық, құндылықтарды қайтару мақсатында Тараптардың құзыреттi органдарының ынтымақтастығы осы Келiсiмнiң мақсаты болып табылады.
      Осы Келiсiм азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша

 

құқықтық көмек көрсету туралы қолданылып жүрген халықаралық келiсiмдер

жөнiндегi Тараптардың мiндеттемелерiн қозғамайды.


              2-бап. Тараптардың құзыретті органдары


     Осы Келiсiмнiң Тараптардың құзыреттi органдары болып табылады:

     Қазақстан Республикасының тарапынан - Мемлекеттік кiрiс министрлiгi,

Iшкi iстер министрлiгi.

     Әзiрбайжан Республикасының тарапынан - Iшкi iстер министрлiгi, Қаржы

министрлiгі, Ұлттық Банк, Мемлекеттiк Кеден комитетi, Бас мемлекеттiк

салық инспекция немесе екi жағдайда да осы Келiсiмнiң қолданылу кезеңiнде

Тараптардың жоғарыда аталған құзыреттi органдардың уәкiлеттi кез келген

тұлғасы не органы болып табылады.

     Құзыреттi органдардың ресми атауы өзгерген жағдайда, Тараптар ол

туралы дипломатиялық арналар бойынша бiр-бiрiн дереу хабардар етедi.


              3-бап. Ынтымақтастық нысандары


     Осы Келiсiмнiң аясында Тараптар ынтымақтастықтың мынадай нысандарын:

     1) экономикалық және қаржылық бұзушылық туралы ақпарат алмасуда;


 
       2) экономикалық және қаржылық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ заңсыз өткiзiлген валюталық құндылықтарды қайтару жөнiнде шаралар қолданған кезде өзара iс-қимыл жасауда;
      3) ұлттық, қаржы жүйелерi туралы қаржылық-экономикалық заңдарға енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар туралы, сондай-ақ қаржылық-экономикалық заңдарды бұзушылықтардың, алдын алу, анықтау және жолын кесу жөнiнде әдiстемелiк ұсыныстар туралы ақпарат алмасуда;
      4) жұмыс топтарын құруды, өкiлдер, сарапшылар алмасуды және кадрларды оқытуды қоса алғанда, ынтымақтастық процессiнде туындайтын мәселелердi жедел қарауда;
      5) қаржылық және экономикалық бұзушылықтарға қарсы күрес проблемалары бойынша ғылыми-практикалық, конференциялар мен семинарларды ұйымдастыруда және өткiзуде пайдаланады.
 
      Ұлттық қаржылық жүйелерi және қаржылық-экономикалық, заңдарды

 

бұзушылық туралы ақпарат алмасу мемлекеттiк құпиялар туралы Тараптардың

заңдарын сақтай отырып жүзеге асырылады.

     Осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асырумен байланысты мәселелер бойынша

құзыреттi органдары бiр-бiрiне тiкелей қызмет етедi.


             4-бап Тараптардың өзара iс-қимыл жасауы


     Тараптардың құзыреттi органдары қаржылық-экономикалық бұзушылықтардың

алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ заңсыз өткiзiлген валюталық

құндылықтарды қайтару жөнiнде өзара iс-қимыл жасайтын болады.


            5-бап. Құқықтық сипаттағы ақпарат алмасу


     Тараптардың құзыреттi органдары қаржылық-экономикалық саланы

реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң қабылдануы, оларға өзгерiстер

мен толықтыруларды енгізiлу туралы жүйелi түрде ақпарат алмасуды жүзеге

асырады.


      6-бап. Ақпараттық қамтамасыз ету мәселелерi бойынша

                   ынтымақтастық


     Тараптардың құзыреттi органдары қаржылық-экономикалық заңдарды

бұзушылыққа қарсы күрестi күшейту мақсатында ақпараттық жүйенi құру және

жұмыс істеу мәселелерi бойынша тәжiрибе, әдiстемелiк және ғылыми

материалдар алмасуды жүзеге асырады, бiр-бiрiне қажеттi ақпаратты өтеусiз

тегін бередi.


      7-бап. Тәжiрибе алмасу және кадрлар даярлауды көмек

                            көрсету



 
       Тараптардың құзыретті органдары кадрларды оқыту және қайта даярлау мәселелерi бойынша өздерiнiң оқу орындарының базасында ынтымақтастық жасайды, қаржылық-экономикалық бұзушылыққа қарсы күрестiң көкейкестi мәселелерi бойынша бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзедi.
      Осы баптың аясында ынтымақтастықты жүзеге асырудың нақты нысандары

 

Тараптардың құзыретті органдары арасында жасасқан сәйкес Келiсiмдермен

айқындалады.


        8-бап. Сұрау салудың нысандары және мазмұны


     Сұрау салу жазбаша нысанда немесе телетайп, факсимельдiк немесе

компьютерлiк байланыстар арқылы жiберiледi. Кезек күттірмейтiн жағдайларда

сұрау салу дереу растама алу арқылы ауызша және жазбаша нысанда берілуi

мүмкiн. Телетайп, факсимельдiк немесе компьютерлiк байланыстарды

пайдаланған жағдайда сұралатын құзыретті орган жазбаша нысанда растама

талап етуi мүмкiн.

     Жәрдемдесу туралы сұрау салу мыналарды қамтуы тиiс:

     а) сұрау салушы Тараптардың құзыретті органының атауын;

     б) сұралатын Тараптың құзыреттi органының атауын;

     в) iстi қысқаша баяндау және сұрау салуды негіздеудi;

     г) сұрау салуды тиiсiнше орындауға қажеттi кез келген басқа да

ақпаратты.


             9-бап. Сұрау салуды орындау



 
       Сұрау салу ол алынған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей орындалады. Қажет болған жағдайда сұрау салуды орындаудың мерзiмi Тараптардың құзырет органдарының өзара келiсiмi бойынша ұзартылуы мүмкiн. Сұрау салу сұралатын Тараптың мемлекетiнің күшi бар заңдарында белгiленген тәртiппен орындалады.
      Сұралатын Тараптардың құзыретті органы қажет болған жағдайда қосымша ақпарат сұратуы мүмкiн.
      Сұрау салуды қанағаттандыру мүмкiн болмаған жағдайда сұралатын Тараптың құзыретті органы бұл жөнінде сұраушы Тараптың құзыреттi органына дереу хабарлайды.
      Егер осындай сұрау салу сұралатын Тараптың егемендiгiне немесе

 

қауiпсiздiгіне нұқсан келтiретiн болса, не заңдарына қайшы келсе, сұрау

салуды орындаудан толығымен немесе iшiнара бас тартылады.

     Тараптардың сұрау салуын орындауын бас тартудың себептерi сұраушы

Тараптың құзыреттi органына жазбаша нысанда хабардар етiледi.


      10-бап. Сұрау салуды орындау кезiнде өзара түсiнiстiк


     Сұралатын Тараптың құзыретті органы сұраушы Тараптың құзыретті

органының өкiлеттi өкiлiн, егер бұл сұралатын Тарап мемлекетiнiң заңдарына

қайшы келмесе, өз мемлекетiнiң аумағында сұрау салуды орындауға қатысуға

рұқсат етедi.


     11-бап. Тiл


     Ақпарат алуға сұрау салу және оған жауап Тараптардың өзара келiсілген

тілде жасалады.


     12-бап. Ақпаратты пайдалану


     Тараптардың құзыреттi органы осы Келiсiмнiң ережелерiн орындауға

байланысты ақпараттың құпиялығына кепiлдiк бередi.

     Осы Келiсiмнiң аясында алынған ақпаратты аталмыш ақпаратты берген

құзыреттi органның жазбаша келiсiмінсiз үшiншi Тарапқа беруге болмайды.


     13-бап. Заңсыз аударылған валюталық құндылықтарды

                    қайтару механизмi


     Заңсыз аударылған валюталық құндылықтарды қайтару механизмi 

Тараптардың өзара келiсiмi бойынша анықталады.


     14-бап. Шығындар


     Тараптардың құзыретті органдары өзара уағдаластық бойынша осы

Келiсiмнiң ережелерiн жүзеге асыруға байланысты барлық шығындарды көтередi.


     15-бап. Келiсiмдi жүзеге асыру жөнiндегі қосымша шаралар


     Тараптардың құзыреттi органдарының өкiлдерi қажет болған жағдайда осы

Келiсiмнiң ережелерiн орындауға байланысты мәселелердi талқылау мақсатында

екi жақты кездесулер өткiзедi.


     16-бап. Өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу


     Осы келiсiмге жекелеген хаттамалармен рәсiмделетін Тараптардың өзара

келiсiмi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн және осы

Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.


     17-бап. Таластар және келiспеушiлiктер



 
       Осы Келiсiмнiң ережелерiн қолдануға немесе түсiнiк беруге байланысты туындаған барлық таластар мен келiспеушiлiктер Тараптар арасында келiссөз және кеңес арқылы шешiледi.
 
                  Қорытынды ережелер
 
      Осы Келiсiмге Тараптардың оны күшiне енгізуге қажеттi iшкi

 

мемлекетішiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама

алынған күннен бастап күшiне енедi.

     Осы Келiсiмнiң қолданылуы Тараптардың бiреуi екiншi Тараптан оның

қолданылуын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап 6

ай өткеннен кейiн доғарылады.

     1999 жылғы "___"______________ __________ қаласында екi данада,

әрқайсысы қазақ, әзiрбайжан және орыс тiлдерiнде жасалды, бұл ретте бүкiл

мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде

келiспеушiлiктер пайда болған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi

басшылыққа алатын болады.


     Қазақстан Республикасының        Әзірбайжан Республикасының

     Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін




   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Орынбекова Д.К.       





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады