Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.24. N 1232 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235   жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. Қоса берiп отырған Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне төрт, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi болуына рұқсат берiлсiн. <*>
       Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.20. N 1863 
қаулысымен
       Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.09. N 541  қаулысымен
      3. Бекiтiлген штат саны лимитінің шегiнде Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы ведомстволары:
      Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi; 
      Азаматтық авиация комитетi;
      Темiр жол көлiгi комитетi; <*>
      Көлiктiк бақылау комитетi; <*>
       ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2000.11.03. N  1665 , 2002.08.19. N  916 ,   2003.08.06. N  786 , 2004.10.28. N  1111   қаулыларымен .  
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне құрылған ведомстволардың  ережелерi мен құрылымын бекiту және Үкiметтiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн; 
      осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.    
      5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр  шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 
      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.      

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң         
1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756          
қаулысымен бекiтiлген               

  Қазақстан Республикасының Көлiк және
коммуникациялар министрлiгi туралы
Ереже

       ЕСКЕРТУ. Мәтiндегi "көлiк, ақпараттық және коммуникациялық", "көлiктiк және ақпараттық, коммуникациялық", "көлiк пен коммуникациялар, ақпараттандыру" деген сөздер "көлiктiк, коммуникациялық" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2003.07.22. N 724  қаулысымен .

  1. Жалпы ережелер

       1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) көлiктік, коммуникациялық кешенде басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. 
      Министрлiктiң мынадай ведомстволары: Көлiктiк бақылау комитетi, Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi, Азаматтық авиация комитетi, Темiр жол көлiгi комитетi болады. <*>
       Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.12. N 1521 
қаулысымен .
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2000.11.03. N 1665   қаулысымен .
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2002.08.19. N 916   қаулысымен .
       Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.12 N 995  қаулысымен .
       Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.07.22. N 724  қаулысымен .      
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2003.08.06. N 786   қаулысымен .
       ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004.10.28. N 1111   қаулысымен .
      2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнің актiлерiне, өзге де нормативтік құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 
      3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. 
      Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 
      Министрліктiң, егер оған заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 
      4. Министрлiк өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен бұйрықтармен ресiмделетiн, Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi күшi бар шешiмдер қабылдайды. 
      5. Министрлiктiң ережесi мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 
      6. Министрлiктің заңды мекен-жайы: 
      Астана қаласы, Абай даңғылы, 49. 
      7. Министрлiктің толық атауы - "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі" мемлекеттiк мекемесi. 
      8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады. 
      9. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады. 
      Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 
      Егер Министрлiкке заң актілерiмен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, мұндай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 

  2. Министрлiктiң негізгі мiндеттерi, функциялары
және құқықтары

       10. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi: 
      1) көлiктік, коммуникациялық кешендi дамытудың стратегиялық жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу; 
      2) заңдарда белгiленген тәртiппен көлiктік, коммуникациялық кешен қызметiн мемлекеттiк реттеудi және үйлестiрудi жүзеге асыру; 
      3) көлiк, ақпараттық жүйелер, қызмет көрсету рыногын қалыптастыруға қатысу және кәсiпкерлiкке, шағын және орта бизнеске мемлекеттiк қолдау көрсету; <*>
      4) тасымалдауларға, мемлекеттiк мұқтаждықтардың қажеттерiне болжамдар жасау және уақытында сапалы қамтамасыз ету; <*>
      5) көлiк қызмет көрсетулерiн тұтынушылардың құқығы сақталуын бақылауды жүзеге асыруға қатысу; <*>
      6) көлiк пен саласында заңдардың орындалуын қамтамасыз ету;<*>
      7) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және жобалау жұмыстарына мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыруға, сондай-ақ олардың көлiк және салаларындағы кадрларды оқытуға, даярлауға және бiлiктiлiгiн арттыруға қатысу болып табылады; <*>
      8) халықаралық трафикті есепке алуды жүзеге асыру. 
      9) <*>
       Ескерту. 10-тармақ 8-тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.14. N 74   қаулысымен .  
       Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.12. N 1521 
қаулысымен .  
       Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.12 N 995 
қаулысымен .
       Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.07.22. N 724  қаулысымен .
       ЕСКЕРТУ. 9)-тармақша алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004.10.28. N 1111   қаулысымен .  
      11. Министрлiк заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады; 
      1) жүктердi, жолаушыларды тасымалдауға қажеттiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттiк саясат пен стратегияны iске асыру; <*> 
      2) Үкiметтiң шешiмi бойынша көлiктік, коммуникациялық кешеннiң заңды тұлғалары акцияларының мемлекеттiк үлестерi мен пакеттерiн иелену және пайдалану жөнiндегi функцияларын жүзеге асыру; 
      3) көлiктiк, коммуникациялық қызметтi жүзеге асыратын объектiлердi жекешелендiру мәселелерiн шешуге қатысу; 
      4) өз құзыретiнiң шегiнде көлiктік, коммуникациялық кешеннiң дамуы мен жұмыс iстеуiнiң маңызды мәселелерi бойынша ғылыми-зерттеу, конструкторлық және жобалау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыру; 
      5) өз құзыретінің шегiнде көлiктік, коммуникациялық кешеннiң қызметiне байланысты нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына сараптама ұйымдастыруға қатысу; 
      6) өз құзыретiнiң шегiнде техникалық шарттар мен өзге нормативтердi бекiту, сертификаттау жүргiзу, сондай-ақ көлiктік, коммуникациялық кешенде белгiленген нормативтердiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру; 
      7) көлiк пен коммуникациялар, қызметтерін көрсету, қызмет көрсету рыногын қалыптастыруға қатысу; 
      8) мемлекеттiк тапсырысты орналастырады, мемлекеттiк тапсырысқа бөлiнген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға қатысу; 
      9) әуе кеңiстiгiнiң пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру; <*>
      10) Министрлiктің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және қабылдау;
      11) өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасы көлiктік, коммуникациялық кешенiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеудi және үйлестiрудi жүзеге асыру;
      12) көлiктік, коммуникациялық кешенде мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;
      13) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мамандарын ақысыз негiзде, ал мемлекеттiк қызметкер болып табылмайтын мамандарды ақылы негiзде сараптамалар мен консультациялар жүргiзу үшiн тарту;
      13-1) өз құзыретiнiң шегiнде Министрлiктiң жыл сайынғы жұмылдыру жоспарларын әзiрлеу;
      13-2) <*>
      13-3) <*>
      13-4) <*>
      13-5) жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты қалааралық облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) автомобиль тасымалдауларын ұйымдастырады, тиiстi облыстардың (астана мен республикалық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарымен көрсетiлген бағыттар бойынша қозғалыс кестесiн келiседi; <*>
      13-6) жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты халықаралық автомобиль тасымалдауларын ұйымдастырады, көрсетiлген тасымалдаулардың бағыттары бойынша қозғалыс кестесiн келiседi;<*> 
      13-7) жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты халықаралық және қалааралық облысаралық автомобиль тасымалдауларының бағыттар тiзiлiмiн жүргiзедi; <*>
      13-8) өз құзыретiнiң шегінде автомобиль көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi; <*>
      13-9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады; <*>
      13-10) автомобиль көлiгi саласындағы қоғамдық бiрлестiктермен және заңды тұлғалардың қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы бiрлестiктерiмен мемлекеттiң өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi. <*> 
      14) өзiне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
       Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.12. N 1521  қаулысымен .
       ЕСКЕРТУ. 11-тармақ 13-1) тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.11.03. N 1665   қаулысымен .
       ЕСКЕРТУ. 11-тармақ 13-2) тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 2001.08.21. N 1095   қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ 13-2) тармақшасы алып тасталды - ҚР Үкіметінiң 2002.07.17. N 794   қаулысымен .    
      Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.12 N 995  қаулысымен .
      Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.07.22 N 724  қаулысымен
      Ескерту. 11-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.04.19 N 432  қаулысымен
      ЕСКЕРТУ. 13-3), 13-4)-тармақшалар алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004.10.28. N 1111   қаулысымен .  
     12. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерiн iске асыру және функцияларын жүзеге асыру үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен:
      1) жеке және заңды тұлғалардан Министрлiктiң құзыретiне кiретiн барлық мәселелер бойынша қажеттi ақпараттар, материалдар, анықтамалық деректердi сұратуға; 
      2) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi жөнiнде ұсыныс енгiзуге; 
      3) көлiктік, коммуникациялық кешенге кiретiн республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелердiң уәкiлеттi органы болуға, оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыруға; 
      4) Yкiметтiң шешiмдерi бойынша көлiктік, коммуникациялық кешеннiң заңды тұлғалары акцияларының мемлекеттiк үлестерi мен пакеттерiне иелiк етуге және пайдалануға; 
      5) өзiнiң қарауындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң басшыларын iрiктеудi және тағайындауды жүзеге асыруға, заңдарға сәйкес бiрiншi басшылармен келiсiмшарттар жасауға; 
      6) өз құзыретiнiң шегiнде халықаралық ұйымдарда көлiктік, коммуникациялық кешеннiң мүдделерiн бiлдiруге, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша халықаралық шарттарды дайындауды және жасасуды жүзеге асыруға; 
      7) Министрлiк ведомстволарының мiндеттерi мен функцияларына сәйкес келмейтiн бұйрықтарын тоқтатуға және хаттарын керi қайтарып алуға; 
      8) мемлекеттiк сатып алу процесiнде тапсырысшы болуға; 
      9) өзiне заңдармен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 

  3. Министрліктің мүлкі

      13. Министрлiктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. 
      14. Министрлiкке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 
      15. Министрлiктiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. 
      Министрлiкке заңдарда белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 

  4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру

      16. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Министр басқарады. 
      Министрдің оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын орынбасарлары (вице-министрлерi) болады. 
      17. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады әрi басшылық жасайды және Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi. 
      18. Министр осы мақсатта: 
      1) вице-министрлердiң, Министрлiктің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн және өкiлеттiктерiнiң шеңберiн айқындайды;
      2) заңдарға сәйкес Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
      3) заңдарда белгiленген тәртiппен Министрлiк қызметкерлерiн  көтермелеу, материалдық көмектер көрсету, тәртiптiк жаза қолдану  мәселелерiн шешедi; 
      4) Министрлiктің бұйрықтарына қол қояды; 
      5) Министрлiктiң құрылымын, штат кестесiн және құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      6) Мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Министрлiктің атынан өкiлдiк етедi;
      7) заңдарға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 
      19. Министрлiктiң консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министр бекiтедi.     

  5. Министрлiкті қайта ұйымдастыру және тарату

      20. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.     

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң          
1999 жылғы 20 қарашадағы               
N 1756 қаулысына қосымша                

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi
жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 1 сәуiрдегi N 355  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 12, 112-құжат). 
      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 11-тармағы. 
      3. "Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегi N 1334 
қаулысының  2-тармағының 3) тармақшасы.
     4. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттiк мекемесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 5 қазандағы N 1522  қаулысының  3-тармағының 1) тармақшасы.     

Вопросы Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 ноября 1999 года N 1756. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 24 ноября 2004 г. N 1232 (P041232).

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 24.11.2004 № 1232.

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 13 октября 1999 года N 235 "О мерах по совершенствованию структуры государственных органов Республики Казахстан и уточнению их компетенции" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о Министерстве транспорта и коммуникации Республики Казахстан.

      2. Разрешить Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан иметь четырех вице-Министров, в том числе одного первого.

      Сноска. В пункт 2 внесены изменения - постановлениями Правительства РК от 20 декабря 2000 г. N 1863 ; от 9 июня 2003 г. N 541 .

      3. Образовать в пределах утвержденного лимита штатной численности ведомства Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан в организационно-правовой форме государственных учреждений:

      Комитет автомобильных дорог и строительства инфраструктурного комплекса;

      Комитет гражданской авиации;

      Комитет железнодорожного транспорта;

      Комитет транспортного контроля.

      Сноска. В пункт 3 внесены изменения - постановлениями Правительства РК от 3 ноября 2000 г. N 1665 ; от 19 августа 2002 г. N 916 ; от 6 августа 2003 г. N 786 ; от 28 октября 2004 г. N 1111 .

      4. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан в установленном порядке:

      внести в Правительство Республики Казахстан предложения по утверждению положений и структур образованных ведомств и приведению ранее принятых решений Правительства в соответствие с настоящим постановлением;

      принять иные меры по реализации настоящего постановления.

      5. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению.

      6. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр

      Республики Казахстан

  Утверждено
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 20 ноября 1999 года N 1756

Положение
о Министерстве транспорта и коммуникации
Республики Казахстан

      Сноска. В Положение внесены изменения и дополнения - постановлением Правительства РК от 12 октября 2000 г. N 1521 ;
      в тексте слова "транспортный, информатизационный и коммуникационный", "транспортного, информатизационного и коммуникационного", "транспортную, информатизационную и коммуникационную", "транспортном, информатизационном и коммуникационном" заменены словами "транспортный, коммуникационный", "транспортного, коммуникационного", "транспортную, коммуникационную", "транспортном, коммуникационном" - постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 июля 2003 года N 724 .

1. Общие положения

      1. Министерство транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (далее - Министерство) является центральным исполнительным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство, а также в пределах, предусмотренных законодательством, - межотраслевую координацию в транспортном, коммуникационном комплексе.

      Министерство имеет ведомства: Комитет транспортного контроля, Комитет автомобильных дорог и строительства инфраструктурного комплекса, Комитет гражданской авиации, Комитет железнодорожного транспорта.

      Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлениями Правительства РК от 3 ноября 2000 г. N 1665 ; от 19 августа 2002 г. N 916 ; от 12 сентября 2002 г. N 995 ; от 22 июля 2003 года N 724 ; от 6 августа 2003 г. N 786 ; от 28 октября 2004 г. N 1111 2. Министерство осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, законами, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Министерство является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, а также в соответствии с законодательством счета в банках.

      Министерство вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      Министерство имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.

      4. Министерство по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами, которые имеют обязательную силу на всей территории Республики Казахстан.

      5. Положение и лимит штатной численности Министерства утверждаются Правительством Республики Казахстан.

      6. Юридический адрес Министерства:

      город Астана, проспект Абая, 49.

      7. Полное наименование Министерства - государственное учреждение "Министерство транспорта и коммуникаций Республики Казахстан".

      8. Настоящее Положение является учредительным документом Министерства.

      9. Финансирование деятельности Министерства осуществляется только из республиканского бюджета.

      Министерству запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Министерства.

      Если Министерству законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход республиканского бюджета.

2. Основные задачи, функции и права Министерства

      10. Основными задачами Министерства являются:

      1) участие в разработке и реализация стратегических планов и программ развития транспортного, коммуникационного комплекса;

      2) в установленном законодательством порядке осуществление государственного регулирования и координации деятельности транспортного, коммуникационного комплекса;

      3) участие в формировании рынка услуг транспорта и оказании государственной поддержки предпринимательству, малому и среднему бизнесу;

      4) разработка прогнозов и своевременное качественное обеспечение потребностей государственных нужд в перевозках;

      5) участие в осуществлении контроля за соблюдением прав потребителей услуг транспорта;

      6) обеспечение исполнения законодательства в области транспорта;

      7) участие в формировании государственного заказа научно-исследовательских, научно-технических и проектных работ, а также на обучение, подготовку и повышение квалификации кадров отраслей транспорта;

      8) осуществление учета международного трафика;

      9) (исключен - N 1111 от 28.10.2004 г.)

      Сноска. В пункт 10 внесены изменения - постановлениями Правительства РК от 14 января 2000 г. N 74 ; от 12 сентября 2002 г. N 995 ; постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 июля 2003 года N 724 ; от 28 октября 2004 г. N 1111

      11. Министерство в установленном законодательством порядке осуществляет следующие функции:

      1) реализация государственной политики и стратегии, направленных на обеспечение потребностей экономики и населения в перевозках грузов, пассажиров;

      2) по решениям Правительства осуществление функций по владению и пользованию государственными долями и пакетами акций юридических лиц транспортного, коммуникационного комплекса;

      3) участие в решении вопросов приватизации объектов, осуществляющих транспортную, коммуникационную деятельность;

      4) в пределах своей компетенции организация проведения научно-исследовательских, конструкторских и проектных работ по важнейшим проблемам развития и функционирования транспортного, коммуникационного комплекса;

      5) в пределах своей компетенции участие в организации экспертизы проектов нормативных правовых актов, связанных с деятельностью транспортного, коммуникационного комплекса;

      6) в пределах своей компетенции утверждение технических условий и иных нормативов, проведение сертификации, а также осуществление контроля за соблюдением установленных нормативов в транспортном, коммуникационном комплексе;

      7) участие в формировании рынка услуг транспорта и коммуникаций;

      8) размещение государственного заказа, участие в осуществлении контроля за использованием средств, выделенных на государственный заказ;

      9) осуществление контроля за использованием воздушного пространства;

      10) разработка и принятие нормативных правовых актов по вопросам, входящим в компетенцию Министерства;

      11) в пределах своей компетенции осуществление государственного регулирования и координации деятельности транспортного, коммуникационного комплекса Республики Казахстан;

      12) осуществление мероприятий по защите государственных секретов в транспортном, коммуникационном комплексе;

      13) привлечение для проведения экспертиз и консультаций специалистов центральных и местных исполнительных органов на безвозмездной основе, а специалистов, не являющихся государственными служащими, на платной основе;

      13-1) в пределах своей компетенции разработка ежегодных мобилизационных планов Министерства;

      13-2) (подпункт исключен - постановлением Правительства РК от 17 июля 2002 года N 794 );
      13-3) (исключен - N 1111 от 28.10.2004 г.)
      13-4) (исключен - N 1111 от 28.10.2004 г.)

      13-5) организует регулярные междугородние межобластные (включая столицу и город республиканского значения) автомобильные перевозки пассажиров и багажа, согласовывает расписания движений по указанным маршрутам с местными исполнительными органами соответствующих областей (столицы и города республиканского значения);

      13-6) организует регулярные международные автомобильные перевозки пассажиров и багажа, согласовывает расписания движения по маршрутам указанных перевозок;

      13-7) ведет реестр маршрутов регулярных международных и междугородных межобластных автомобильных перевозок пассажиров и багажа;

      13-8) в пределах своей компетенции участвует в осуществлении международного сотрудничества в сфере автомобильного транспорта и представляет интересы Республики Казахстан в международных организациях и иностранных государствах;

      13-9) осуществляет лицензирование отдельных видов деятельности, подлежащих лицензированию, в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      13-10) обеспечивает взаимодействие государства с общественными объединениями и объединениями юридических лиц в форме ассоциаций (союзов) в сфере автомобильного транспорта;

      14) иные функции, возложенные на него законодательством.

      Сноска. В пункт 11 внесены изменения - постановлениями Правительства РК от 3 ноября 2000 г. N 1665 ; от 21 августа 2001 г. N 1095 ; от 12 сентября 2002 г. N 995 ; от 22 июля 2003 года N 724 ; от 19 апреля 2004 г. N 432 ; от 28 октября 2004 г. N 1111 .

      12. Министерство для реализации основных задач и осуществления функций имеет право в установленном законодательством порядке:

      1) запрашивать у физических и юридических лиц необходимую информацию, материалы, справочные данные по всем вопросам, входящим в компетенцию Министерства;

      2) вносить предложения по вопросам создания, реорганизации и ликвидации подведомственных организаций;

      3) выступать уполномоченным органом республиканских государственных предприятий и государственных учреждений, входящих в транспортный, коммуникационный комплекс, утверждать их уставы, осуществлять в отношении них функции субъекта права государственной собственности;

      5) осуществлять подбор и назначение руководителей республиканских государственных предприятий и учреждений, находящихся в его ведении, заключать в соответствии с законодательством контракты с первыми руководителями;

      6) в пределах своей компетенции представлять интересы транспортного, коммуникационного комплекса в международных организациях, осуществлять подготовку и заключение международных договоров по поручениям Правительства Республики Казахстан;

      7) отменять приказы и отзывать письма ведомств Министерства, которые не соответствуют их задачам и функциям;

      8) выступать заказчиком в процессе государственных закупок;

      9) осуществлять иные права, возложенные на него законодательством.

3. Имущество Министерства

      13. Министерство имеет на праве оперативного управления обособленное имущество.

      14. Имущество, закрепленное за Министерством, относится к республиканской собственности.

      15. Министерство не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом.

      Министерству может быть предоставлено право распоряжения имуществом в случаях и пределах, установленных законодательством.

4. Организация деятельности Министерства

      16. Министерство возглавляет Министр, назначаемый на должность и освобождаемый от должности Президентом Республики Казахстан.

      Министр имеет заместителей (вице-Министров), назначаемых на должность и освобождаемых от должности Правительством Республики Казахстан по представлению Министра.

      17. Министр организует и руководит работой Министерства и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Министерство задач и осуществление им своих функций.

      18. В этих целях Министр:

      1) определяет обязанности и круг полномочий вице-Министров и руководителей структурных подразделений Министерства;

      2) в соответствии с законодательством назначает на должности и освобождает от должностей работников Министерства;

      3) в установленном законодательством порядке решает вопросы поощрения, оказания материальной помощи, наложения дисциплинарных взысканий на сотрудников Министерства;

      4) подписывает приказы Министерства;

      5) утверждает структуру, штатное расписание Министерства и положения о структурных подразделениях;

      6) представляет Министерство в государственных органах и иных организациях;

      7) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством.

      19. Министерство имеет Коллегию, являющуюся консультативно-совещательным органом. Численный и персональный состав Коллегии утверждается Министром.

5. Реорганизация и ликвидация Министерства

      20. Реорганизация и ликвидация Министерства осуществляется в соответствии с законодательством.

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 20 ноября 1999 года N 1756

      Перечень

      утративших силу некоторых решений

      Правительства Республики Казахстан

      1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 апреля 1999 года N 355 P990355_ "Вопросы Министерства транспорта, коммуникаций и туризма Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 12, ст. 112).

      2. Пункт 11 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденные постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 августа 1999 года N 1093 P991093_ "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан".

      3. Подпункт 3) пункта 2 постановления Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 1999 года N 1334 P991334_ "Вопросы Комитета транспортного контроля Министерства транспорта, коммуникаций и туризма Республики Казахстан".

      4. Подпункт 1) пункта 3 постановления Правительства Республики Казахстан от 5 октября 1999 года N 1522 P991522_ "О Республиканском государственном учреждении "Государственная фельдъегерская служба Республики Казахстан".