Қытай Халық Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Үкіметіне техникалық көмек беруі туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 20 қараша N 1761

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және олардың күшін жою тәртібі туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2679 U952679_ заң күші бар Жарлығының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ұсынған және қытай тарапымен алдын-ала пысықталған, Қытай Халық Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Үкіметіне техникалық көмек беруі туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қытай тарапымен

 

келіссөздер жүргізсін және уағдаластықтарға қол жеткізген соң принциптік

сипаты жоқ өзгерістер мен толықтыруларды келісім жобасына енгізуге рұқсат

беріліп, аталған келісімге Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол

қойсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


      Қытай Халық Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы

         Үкіметіне техникалық көмек беруі туралы келісім


     Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының

Үкіметі (бұдан әрі Тараптар деп аталады) екі елдің арасындағы достық

байланыстарды одан әрі нығайту және техникалық-экономикалық

ынтымақтастықты дамыту мақсатында төмендегілер туралы келісті:


                       1-Бап


     Қытай Тарапы Қазақстан Тарапына 10 миллион (он миллион) қытай юаны

мөлшерінде өтеусіз техникалық көмек береді.


                        2-Бап


     Жоғарыда аталған көмек қаражаты Тараптардың арасындағы уағдаластыққа

сәйкес ынтымақтастықтың жобасын жүзеге асыру үшін немесе Қазақстан

Республикасына жалпы мақсаттағы тауарлардың жеткізілімі үшін

пайдаланылатын болады.


                          3-Бап


     Осы Келісімді жүзеге асыру үшін есеп шоттарды жүргізудің регламенті

Қытай Банкі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында қосымша

келісілетін болады.


                           4-Бап


     Осы Келісім қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және Тараптар

өздеріне қабылданған міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданыста

болады.

     Осы Келісімге Пекин қаласында 1999 жылғы ____ қарашада екі данада,

әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде қол қойылды және де барлық

мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруді пікір

алшақтығы туындаса, Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын

болады.


     Қазақстан Республикасының         Қытай Халық Республикасының

          Үкіметі үшін                        Үкіметі үшін




   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.          





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады