Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.16 № 141 Қаулысымен.
1. "Байқоңыр" ғарыш айлағы 112-алаңының 1-құрылғысы шатырының құлау
фактісінің мән-жайларын зерделеу, себептерін анықтау және залалды бағалау
мақсатында мына құрамда үкіметтік комиссия құрылсын:
Школьник - Қазақстан Республикасының
Владимир Сергеевич Энергетика және минералдық
ресурстар министрі, төраға
Бижанов - Қазақстан Республикасының
Нұрахмет Құсайынұлы Төтенше жағдайлар жөніндегі
агенттігі төрағасының бірінші
орынбасары, төрағаның орынбасары
Нұрғисаев - Қызылорда облысының әкімі
Серікбай Өрікбайұлы
Нұрғалиев - Қазақстан Республикасы
Ерғазы Мейірғалиұлы Президентінің "Байқоңыр"
кешеніндегі арнаулы өкілі
(келісім бойынша)
Отто - Қазақстан Республикасының Ішкі
Иван Иванович істер вице-министрі
Өтеулина - Қазақстан Республикасының Еңбек
Хафиза Мұхтарқызы және халықты әлеуметтік қорғау
вице-министрі
Қожақов - Қазақстан Республикасының
Асан Егінбайұлы Сыртқы істер министрлігі ТМД
істері жөніндегі комитетінің
төрағасы
Қосынов - Қазақстан Республикасының
Алмас Олжабайұлы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі Аэроғарыш
комитетінің төрағасы
Комаров - Қазақстан Республикасының
Геннадий Григорьевич Қаржы министрлігі Мемлекеттік
мүлік және жекешелендіру
комитеті төрағасының орынбасары
Шардарбек - Қазақстан Республикасының
Шәріпбек Экономика және сауда
министрлігі Құрылыс істері
жөніндегі комитетінің төрағасы
Әшімбаев - "ҚазСТСҒЗИ" РМК институтының
Марат Омарбайұлы бас директоры (келісім бойынша).
2. Үкіметтік комиссия Ресей Федерациясының үкіметтік комиссиясымен тығыз байланыста жұмыс істейді және белгіленген тәртіппен орталық және жергілікті атқарушы органдарын қажетті ақпаратты, ұсыныстарды және мүдделі мәселелер жөнінде қорытындыларды алуға, сондай-ақ олардың мамандарын жұмыс комиссиясына тартуға құқылы деп белгіленсін.
3. Үкіметтік комиссия:
Ресей тарапымен келісе отырып шатырдың құлау себептерін, келтірілген
залалдың сомасын анықтауға және зардап шеккендерге нақты көмек көрсетуді
ұйымдастыруға қатыссын;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүргізілген жұмыстар жөнінде
ақпарат берсін және қажет болған жағдайда ұсыныстар тапсырсын.
Премьер-Министр
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.