Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 23 ақпандағы N 32-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу бекітілсін.
 

      2. Министрлер мен агенттік төрағалары өздері басқаратын мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық басымдықтары мен бағдарламалық құжаттарын іске асыру жөніндегі қызметі үшін дербес жауаптылықта болады деп белгіленсін.
 

      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 11 қаңтардағы N 3-ө  өкімінің күші жойылды деп танылсын.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2006 жылғы 23 ақпандағы
N 32-ө өкімімен    
бекітілген      

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Премьер-Министрінің орынбасары және Премьер-Министрі
Кеңсесінің Басшысы арасында
МІНДЕТТЕРДІ БӨЛУ

       Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Д.К.Ахметов

      Үкіметтің қызметіне басшылық жасау.
      Үкімет мүшелерінің, орталық атқарушы органдар басшыларының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша стратегиялық басымдықтарды, мемлекеттік және мақсатты бағдарламаларды іске асыруын бақылау.
      Мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық мәселелері.
      Үкіметтің кадр мәселелері.
      Қазақстан Республикасының Президентімен, сондай-ақ Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да конституциялық органдармен қатынастарда Үкіметтің атынан өкілдік ету.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
К.Қ.Мәсімов

       Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру.
      Индустриялық-инновациялық, технологиялық және инвестициялық саясат саласындағы бағдарламалық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету.
      Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, ТМД елдерімен және олардың ықпалдастық бірлестіктерімен өзара қарым-қатынастар мәселелері бойынша министрліктер мен ведомстволардың қызметін үйлестіру.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Кеңсесінің Басшысы
А.А.Тілеубердин

       Үкіметтің шешімдерін дайындау және олардың орындалуын ұйымдастыру бөлігінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволардың мемлекеттік және орындаушылық тәртіпті сақтау, мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру.
      Үкіметтің кадр саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
      Премьер-Министр Кеңсесінің Президент Әкімшілігімен, Парламент палаталары аппараттарымен және облыс әкімдерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

       Министрлер мен агенттіктердің төрағалары:
       өздері басқаратын органдардың алдына қойылған міндеттердің толық көлемде орындалуын қамтамасыз етеді;
       өз құзыреті және өкілеттіктері шегінде республикалық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады