"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы N 156-ө Өкімі

      1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 мамырдағы  Заңын  iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi тiзбеге сәйкес тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкiметiн қабылданған шаралар туралы хабардар етсiн.

       Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрiнiң   
2006 жылғы 8 маусымдағы 
N 156-ө өкiмiмен    
бекiтiлген       

  "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне
аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының
2006 жылғы 5 мамырдағы Заңын iске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң
тiзбесi

Р/с
N

Нормативтік құқықтық
кесімнің атауы

Кесімнің
нысаны

Орындауға
жауапты
мемлекет-
тік орган

Орындау
мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Міндетті аудит жүргізу жө-
ніндегі аудиторлық ұйымдар-
ға қойылатын біліктілік
талаптарын бекіту туралы

Уәкілетті
органның
бұйрығы

Қаржымині
ҚҚА

2006 жылғы
шілде

2.

Кәсіби аудиторлық ұйымдарды
аккредиттеу ережесін бекіту
туралы

Уәкілетті
органның
бұйрығы

Қаржымині

2006 жылғы
шілде

3.

Аудиторлық қызметті лицен-
зиялау ережесін бекіту туралы

Уәкілетті
органның
бұйрығы

Қаржымині

2006 жылғы
шілде

4.

Аудиторлыққа кандидаттарды
аттестаттауды жүргізу
ережесін бекіту туралы

Уәкілетті
органның
бұйрығы

Қаржымині

2006 жылғы
шілде

5.

Аудиторлыққа кандидаттарды
аттестаттау жөніндегі бі-
ліктілік комиссиясының қыз-
метін қалыптастыру және жү-
зеге асыру ережесін бекіту
туралы

Уәкілетті
органның
бұйрығы

Қаржымині

2006 жылғы
шілде

6.

Кәсіби аудиторлық ұйымдарды
тексеруді жүзеге асыру
ережесін бекіту туралы

Уәкілетті
органның
бұйрығы

Қаржымині

2006 жылғы
шілде

7.

Кәсіби аудиторлық ұйымдар-
дың есептілікті беру тізбе-
сін, нысандары мен мерзім-
ділігін бекіту туралы

Уәкілетті
органның
бұйрығы

Қаржымині

2006 жылғы
шілде

8.

Аудиторлардың біліктілігін
арттыру және курстан өткені
туралы сертификаттар беру
ережесін бекіту туралы

Уәкілетті
органның
бұйрығы

Қаржымині

2006 жылғы
шілде

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады