Кәсіпкерлікті одан әрі дамыту және мемлекеттік қолдау мәселелері жөнінде жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы N 9-ө Өкімі

      Кәсіпкерлікті одан әрі дамыту және мемлекеттік қолдау жөніндегі ұсыныстарды пысықтау мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Оразбақов                  - Қазақстан Республикасының Индустрия
Ғалым Ізбасарұлы             және сауда министрі, жетекші

Әблезов                    - Қазақстан Республикасының Индустрия
Қарыбай Тілеубергенұлы       және сауда вице-министрі, жетекшінің
                             орынбасары

Әміржанова                 - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Айгүл Бектібайқызы           сауда министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту
                             департаментінің кәсіпкерлікті дамыту
                             стратегиясы басқармасы бастығының
                             орынбасары, хатшы

Бекетаев                   - Қазақстан Республикасының
Марат Бақытжанұлы            Әділет вице-министрі

Ерғожин                    - Қазақстан Республикасының
Дәулет Еділұлы               Қаржы вице-министрі

Күрішбаев                  - Қазақстан Республикасының
Ақылбек Қажығұлұлы           Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Перматов                   - Қазақстан Республикасының Экономика
Ғалымжан Олжаұлы             және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Жұмағұлов                  - Қазақстан Республикасы Әділет
Ерлан Әскерұлы               министрлігі Заңнама департаментінің
                             директоры

Мәтішев                    - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Әлиақкпар Болатұлы           сауда министрлігі Бәсекелестікті
                             қорғау комитетінің төрағасы

Акбердин                   - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Рустам Александрович         сауда министрлігінің Бәсекелестікті
                             қорғау комитеті төрағасының орынбасары

Айсағалиева                - Қазақстан Республикасы Қаржы
Софья Серікбайқызы           министрлігінің Кедендік бақылау
                             комитеті төрағасының орынбасары

Әйтекенов                  - "Қазына" орнықты даму қоры"
Қайрат Медібайұлы            акционерлік қоғамы төрағасының
                             орынбасары (келісім бойынша)

Әмірин                     - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры"
Ғұсман Кәрімұлы              акционерлік қоғамының басқармасы
                             төрағасы (келісім бойынша)

Кононова                   - Астана қаласы Сауда-өнеркәсіп
Татьяна Ильинична            палатасының төрағасы (келісім бойынша)

Жүсіпов                    - Қазақстанның шағын қаржы ұйымдары
Шалқар Аманғосұлы            қауымдастығы директорлар кеңесінің
                             төрағасы (келісім бойынша)

Қуанғанова                 - Қазақстанның кәсіпкерлер форумы
Гүлнәр Шаймұратқызы          атқарушы директорының орынбасары
                             (келісім бойынша)

Никитинская                - "Атамекен" Одағы" Қазақстанның ұлттық
Екатерина Сергеевна          экономикалық палатасының басқармасы
                             төрағасының бірінші орынбасары
                             (келісім бойынша)

Якупбаева                  - "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы"
Юлия Константиновна          заңды тұлғалар бірлестігінің басқарушы
                             директоры (келісім бойынша)

Бессонов                   - "Фолдинг Спейс" жауапкершілігі
Евгений Анатольевич          шектеулі серіктестігінің президенті
                             (келісім бойынша)

Атабаев                    - "Атамекен" Одағы" Қазақстанның ұлттық
Әсет Асанбайұлы              экономикалық палатасы заң
                             департаментінің директоры
                             (келісім бойынша)

Қажкенов                   - Қазақстанның машина жасау одағының
Айбек Зекешұлы               атқарушы хатшысы (келісім бойынша)

Рүстемова                  - Қазақстанның азық-түлік және қайта
Римма Асхатқызы              өңдеу өнеркәсібі одағының сарапшысы
                             (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасының Үкіметіне мынадай ұсыныстар енгізсін:
      1) бір апта мерзімде шағын және орта бизнес субъектілерін 2008 жылға арналған мемлекеттік қаржылық қолдау көлемі мен тетіктері және мемлекеттік органдардың кәсіпкерлердің құқықтарын бұзуы туралы;
      2) үш апта мерзімде кәсіпкерлікті дамытуға тосқауыл болатын әкімшілік кедергілерді азайту және заңнаманы одан әрі жетілдіру туралы.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Ғ.І.Оразбақовқа жүктелсін.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады