Қырғыз Республикасының Президенті Қ. Бакиевтің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 90-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту, Қырғыз Республикасының Президенті Қ. Бакиевтің 2008 жылғы 17 - 18 сәуірдегі Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):

      1) қосымшаға сәйкес Қырғызстан делегациясының мүшелеріне "1+10" форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;

      2) сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қырғызстан делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, сондай-ақ жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді және арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Қырғыз Республикасының Президенті Қ. Бакиевтің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;

      2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.

      6. Астана қаласының әкімі Қырғызстан делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезіндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, баратын орындарында бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында қырғыз делегациясын қарсы алуға/шығарып салуға қатыссын.

      8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2008 жылғы 15 сәуірдегі
N 90-ө өкіміне    
қосымша       

  Қырғызстан делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Қырғыз делегациясы мүшелерін Астана қаласындағы "Риксос - Президент Астана" қонақ үйіне "1+10" форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін "Риксос - Президент Астана" қонақ үйіне орналастыру.

      3. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапар бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.

      4. Қырғызстан делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.

      5. Қырғыз делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастыру.

      6. Іс-шаралар өткізілетін орындарды гүлмен безендіру.

      7. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың атынан Қырғыз Республикасының Президенті Қ. Бакиевтің құрметіне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.

      8. Делегация мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады