"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуелсіз салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы N 13-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуелсіз салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдар:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                                   К. Мәсімов

                                         Қазақстан Республикасы
                                           Премьер-Министрінің
                                         2009 жылғы 30 қаңтардағы
                                             N 13-ө өкімімен
                                                бекітілген

    "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
       тәуелсіз салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері
       бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
     Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы
          Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
            нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

р/с N

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушы

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМРМ (жинақтау), ТМРА

2009 жылғы ақпан

2

Үлгілік инвестициялық шартты, үлгілік келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМРМ (жинақтау), ТМРА

2009 жылғы ақпан

3

Шекті тарифтерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМРМ (жинақтау), ТМРА, ЭБЖМ

2009 жылғы ақпан

4

Реттелетін нарықтардағы баға белгілеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТМРА (жинақтау), АБА, БҚА

2009 жылғы ақпан

5

Тауарлар нарықтарында мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдердің, тауарлар мен қызметтердің номенклатурасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТМРА (жинақтау), БҚА

2009 жылғы ақпан

6

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 1044 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМРМ

2009 жылғы ақпан

7

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТМРА (жинақтау), АБА, БҚА

2009 жылғы ақпан

8

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 724 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АБА

2009 жылғы ақпан

9

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына арналған тарифтерді тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтынатын көлеміне карай саралау ережесін бекіту туралы

ТМРА бұйрығы

ТМРА

2009 жылғы ақпан

10

"Электр және жылу энергетикасы салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 29 қарашадағы N 276-НҚ және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2006 жылғы 1 желтоқсандағы N 318 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

ТМРА мен ЭМРМ-нің бірлескен бұйрығы

ТМРА, ЭМРМ

2009 жылғы ақпан

11

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

ТМРА бұйрығы

ТМРА

2009 жылғы ақпан

12

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

ЭМРМ бұйрығы

ЭМРМ

2009 жылғы ақпан

       Ескертпе : аббревиатуралардың толық жазылуы:

БҚА                - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау
                     агенттігі
АБА                - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
                     байланыс агенттігі
ТМРА               - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
                     реттеу агенттігі
ЭБЖМ               - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
                     жоспарлау министрлігі
ЭМРМ               - Қазақстан Республикасы Энергетика және
                     минералдық ресурстар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады