"Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 14 мамырдағы N 68-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 наурыздағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы кажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі:
      1) орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне қабылданған шаралар туралы ақпарат берсін.

      Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2009 жылғы 14 мамырдағы
N 68-ө өкімімен    
бекітілген      

"Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с N

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік объектілерін енгізу жөнінде қабылданған шаралар туралы есептер беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ, Әділетмині, ЭБЖМ, Қаржымині, БҒМ, АШМ, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылғы мамыр

2.

Инновациялық даму институттарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ, Әділетмині, ЭБЖМ, Қаржымині, БҒМ, АШМ, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылғы мамыр

3.

Инновациялық гранттар алуға ұсынылатын инновациялық жобаларға мемлекеттік ғылыми-техникалық, экономикалық және экологиялық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ, Әділетмині,  ЭБЖМ, Қаржымині, АШМ

2009 жылғы мамыр

4.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 66 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ

2009 жылғы мамыр

5.

Инновациялық грант туралы үлгілік шарттың нысанын бекіту туралы

ИСМ бұйрығы

ИСМ, Әділетмині, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылғы мамыр

6.

Технопарктер жанынан құрылған сараптамалық кеңестер қызметінің ережесін бекіту туралы

ИСМ бұйрығы

ИСМ, Әділетмині, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылғы мамыр

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ИСМ                   - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
                        министрлігі
БҒМ                   - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                        министрлігі
ЭБЖМ                  - Қазақстан Республикасы Экономика және
                        бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қаржымині             - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Әділетмині            - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
АШМ                   - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                        министрлігі
"Самұрық-Қазына" АҚ   - "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл ауқат қоры"
                        акционерлік қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады