1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы
Заңын
іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 29 мамырдағы
N 80-ө өкімімен
бекітілген
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с N |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 329 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ТСМ (жинақтау), ИСМ, ЭБЖМ |
2009 жылғы маусым |
2. |
"Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2007 жылғы 28 ақпандағы N 1-2/36 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ТСМ бұйрығы |
ТСМ |
2009 жылғы маусым |
3. |
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ведомстволары туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2007 жылғы 20 қарашадағы N 1-2/180 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ТСМ бұйрығы |
ТСМ |
2009 жылғы маусым |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі