Қазақстан Республикасында мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуін дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 171-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасының еуразиялық өңір мемлекеттерімен көп жақты ынтымақтастығын нығайту және 2009 жылғы 18 - 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасында Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуін (бұдан әрі - кездесу) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп, кездесуді дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен (келісім бойынша), Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, делегацияларды Алматы қаласында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес ресми делегациялардың басшылары мен мүшелерін қамтамасыз ету және оларға «1+5» форматы бойынша қызмет көрсету жөніндегі қажетті ұйымдастыру шараларын қабылдасын, кездесуді өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету» және 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ресми делегациялар мүшелерінің әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақтарды күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, мемлекеттер басшыларының арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Алматы қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) ресми делегациялардың арнайы ұшақтарына Алматы қаласының әуежайында техникалық қызмет көрсетуді, олардың тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі кездесуді бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді, сондай-ақ кездесуді өткізу кезінде концерттік және мәдени бағдарламалар ұйымдастыру мен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      6. Алматы қаласының әкімдігі делегацияларды қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, Алматы қаласының әуежайы, көшелері мен баратын жерлерін (соның ішінде гүлмен) безендіруді, делегациялардың баратын жерлерінде бірге жүруді, сондай-ақ қабылдау жүргізу кезінде концерттік-мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) ресми делегациялардың мүшелеріне жеңілдетілген паспорттық бақылаудан өтуге жәрдем көрсетсін.
      8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті ресми делегациялардың мүшелеріне жеңілдетілген кедендік рәсімдерден өтуге жәрдем көрсетсін.
      9. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) мемлекеттер басшыларын Алматы қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу рәсіміне қатыссын.
      10. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің    
2009 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 171-ө өкіміне     
қосымша        

Мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысатын ресми делегациялардың басшылары мен мүшелерін қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Алматы қаласының әуежайындағы VIP-залда ресми делегация басшылары мен мүшелеріне қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ шай дастарқанын ұйымдастыру.
      2. Кездесуді өткізу кезінде ресми делегацияларға «1+5» форматында көліктік қызмет көрсетуді және тұру орындарын ұйымдастыру.
      3. Делегация мүшелері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің атынан қабылдаулар ұйымдастыру.
      4. Кездесуді өткізу орындарына қажетті азық-түліктің, мүліктің және құрал-жабдықтардың сатып алынуын және болуын ұйымдастыру, іс-шараларды өткізу орындарында микрофондарды, дыбыстық күшейткіштерді, гүлмен безендіруді қамтамасыз ету.
      5. Бейдждерді, буклеттерді және арнайы автомобильдік рұқсатнамаларды әзірлеу.
      6. 2009 жылғы 13 - 22 желтоқсан кезеңінде Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлеріне көліктік қызмет көрсету.
      7. Ресми делегациялар мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады