1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 16 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 5 ақпандағы
№ 18-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық
салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 16 қарашадағы
Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік
құқықтық актілердің
тізбесі
р/с № |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Жауапты мемлекеттік органдар |
Орындалу мерзімі |
---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1672 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ІІМ |
2010 жылғы ақпан |
2. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпандағы № 197 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
СІМ |
2010 жылғы ақпан |
3. |
«Механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерді мерзімді мемлекеттік техникалық байқау туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы № 263 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ІІМ бұйрығы |
ІІМ |
2010 жылғы ақпан |
4. |
«Қазақстан Республикасында көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің Ережелері» туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 12 қазандағы № 343 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ІІМ бұйрығы |
ІІМ |
2010 жылғы ақпан |
5. |
«Консулдық іс-әрекеттерді жасау үшін алынатын консулдық алымдар ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 08-1-1-1/115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
СІМ бұйрығы |
СІМ |
2010 жылғы ақпан |
6. |
«Тракторларға және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерге, олардың тіркемелеріне, соған қоса арнайы жабдыққа орнатылған тіркемелерге, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарға жыл сайынғы мемлекеттік байқау өткізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 468 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
АШМ бұйрығы |
АШМ |
2010 жылғы ақпан |
7. |
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, соған қоса арнайы жабдыққа орнатылған тіркемелерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 467 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
АШМ бұйрығы |
АШМ |
2010 жылғы ақпан |
8. |
Қазақстан Республикасының салық қызметі органдарының рәмізін пайдалану ережесін бекіту туралы |
Қаржымині бұйрығы |
Қаржымині |
2010 жылғы ақпан |
9. |
«Салық тіркелімінің нысандарын жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 626 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қаржымині бұйрығы |
Қаржымині |
2010 жылғы шілде |
10. |
«Банктер мен банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық қызметі органдарымен өзара қарым-қатынасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 598 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қаржымині бұйрығы |
Қаржымині |
2010 жылғы желтоқсан |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі