"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 31 тамыздағы № 122-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (келісім бойынша) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2010 жылғы 31 тамыздағы
№ 122-ө өкімімен    
бекітілген        

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы
15 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы
қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

«Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚҚА Басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2010 жылғы тамыз

2.

«Сақтандыру рыногының кәсіби қатысушыларымен және кәсіби қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенттерімен құжаттарды жасау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 14 маусымдағы № 224 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚҚА Басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2010 жылғы тамыз

3.

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 24 қыркүйектегі № 345 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚҚА Басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2010 жылғы тамыз

4.

«Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі № 274 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚҚА Басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2010 жылғы тамыз

5.

«Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинактаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚҚА Басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2010 жылғы тамыз

6.

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беруші акцияларының жиырма бес және одан астам процентіне иелік ететін (дауыс беруге құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтерін қолдауы бойынша шаралар туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 51 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚҚА Басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2010 жылгы тамыз

7.

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы» 2003 жылғы 24 қыркүйектегі № 345 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚҚА Басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2010 жылғы тамыз

8.

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚҚА Басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2010 жылғы тамыз

9.

«Сақтандыру портфелін беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 86 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚҚА Басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2010 жылғы тамыз

10.

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) Ұйымын автоматтандыруға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 102 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚҚА Басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2010 жылғы тамыз

11.

«Инвестициялық қызмет нәтижесінде сақтандыру ұйымы алған кірістерге сақтандырылушының (пайда алушының) қатысу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы № 155 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚҚА Басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2010 жылғы тамыз

12.

«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 177 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚҚА Басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2010 жылғы тамыз

13.

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚҚА Басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2010 жылғы тамыз

14.

«Сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндеті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы № 141 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚҚА Басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2010 жылғы тамыз

15.

«Банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының есеп беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚҚА Басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2010 жылғы тамыз

16.

«Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарды және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 25 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚҚА Басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2010 жылғы тамыз

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады