"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 10 ақпандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 40-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 10 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (келісім бойынша) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2011 жылғы 30 наурыздағы
№ 40-ө өкімімен  
бекітілген    

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының 2011 жылғы 10 ақпандағы Заңын іске асыру
мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі 

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Жылдық тиімді сыйақы ставкасының шекті мөлшерін бекіту туралы

ҰБ Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша), ҚҚА (келісім бойынша)

2011 жылғы наурыз

2.

Банк қызметтерін көрсету және банктердің банк қызметтерін көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидасын бекіту туралы

ҚҚА Басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2011 жылғы наурыз

3.

Банктік қарыз шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

ҚҚА Басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2011 жылғы наурыз

4.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚҚА Басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2011 жылғы наурыз

5.

«Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына толықтыру енгізу туралы

ҰБ Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2011 жылғы наурыз

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады