Дүниежүзілік Банктің "Doing Business" рейтингісінің индикаторларын жақсарту жөніндегі шаралардың 2011 жылға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 61-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісінің индикаторларын жақсарту жөніндегі шаралардың 2011 жылға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша):
      1) Кешенді жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2011 жылғы 29 сәуірдегі
№ 61-ө өкімімен   
бекітілген     

Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісінің
индикаторларын жақсарту жөніндегі шаралардың 2011 жылға
арналған кешенді жоспары

Р/с

Шара

Ұсынылатын іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

6

1. «Кәсіпорындар ашу» индикаторы

1

Қолданыстағы заңнамаға заңды тұлғаны Интернет арқылы тіркеу қызметін енгізу, заңды тұлғаларды (филиалдарды және өкілдіктерді) тіркеу мерзімін қысқарту, тіркеу және тарату рәсімін оңайлату, қайта ұйымдастыру рәсімін тәртіпке келтіру, құрылтайшы құжаттарды нотариалдық куәландыруды алып тастау бөлігінде түзетулер енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын ВАК-қа енгізу

Тұжырымдама

Әділетмині, Қаржымині

2011 жылдың III тоқсаны

2

Заңды тұлғаларды, филиалдарды және өкілдіктерді тіркеу рәсімін оңайлату қабылданатын шаралар туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және түсіндіру іс-шараларын жүргізу

БАҚ-тағы сұхбат және мақалалар, дөңгелек үстелдер, семинарлар

ЭДСМ-ге ақпарат

Әділетмині, Қаржымині, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП, USAID және Дүниежүзілік Банктің сарапшылары (келісім бойынша)

2011 жылдың ішінде

3

Заңды тұлғаны (филиалдарды және өкілдіктерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің қағаз нысанын жою және коммерциялық ұйымдардың жарғыларын тексеру рәсімін алып тастау мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу

Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, Қаржымині, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП, USAІD және Дүниежүзілік Банктің сарапшылары (келісім бойынша)

2011 жылдың II тоқсаны

4

Осы индикаторды жақсарту жөніндегі реформалар жүргізуде озық тәжірибесі бар елдердің халықаралық тәжірибесін зерделеу

Дүниежүзілік Банктің сарапшыларымен консультациялар

Дүниежүзілік Банктің сарапшыларымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бейнеконференция өткізу

Мүдделі мемлекеттік органдар, USAID және Дүниежүзілік Банктің сарапшылары (келісім бойынша)

2011 жылдың ішінде

2. «Меншікті тіркеу» индикаторы

5

Тұтынушылар үшін тиімді және түсінікті техникалық паспортты жасау құнын есептеуді оңайлату мақсатында жылжымайтын объектінің 1 шаршы метріне байланыстыра отырып, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеу жөніндегі қызметтердің баға прейскуранттарын енгізу

Уәкілетті органның қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу

ЭДСМ-ге ақпарат

Әділетмині, Еңбекмині, БҚА

2011 жылдың бірінші жартыжылдығы

6

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеуді енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу, ол нотариалдық мәмілелер негізінде бір рәсім -  нотариусқа өтініш білдіру шеңберінде бір жұмыс күніне дейін жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді

Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын ВАК-қа енгізу

Тұжырымдама

Әділетмині, БАМ

2011 жылдың II тоқсаны

7

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібін оңайлату бойынша әділет органдары қабылдайтын шаралар туралы түсіндіру іс-шараларын бұқаралық ақпараттық құралдарында жариялау, ұйымдастыру және өңірлерде өткізу

БАҚ-тағы сұхбат және мақалалар, дөңгелек үстелдер, семинарлар

ЭДСМ-ге ақпарат

Әділетмині және жергілікті әділет органдары, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП, USAІD және Дүниежүзілік Банктің сарапшылары (келісім бойынша)

2011 жылдың ішінде

8

Осы индикаторды жақсарту бойынша реформалар жүргізуде озық тәжірибесі бар елдердің халықаралық тәжірибесін зерделеу

Дүниежүзілік Банктің сарапшыларымен консультациялар

Дүниежүзілік Банктің сарапшыларымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бейнеконференция өткізу

Мүдделі мемлекеттік органдар, USAID және Дүниежүзілік Банктің сарапшылары (келісім бойынша)

2011 жылдың ішінде

3. «Кредиттер алу» индикаторы

9

Банкроттық рәсімдері кезінде кредиторлардың, оның ішінде кепілді кредиторлардың басымдылығын анықтау туралы мәселені қарау

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

Қаржымині, Әділетмині, Еңбекмині, ҰБ (келісім бойынша), ҚҚҚ, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП, USAID және Дүниежүзілік Банктің сарапшылары (келісім бойынша)

2011 жылғы желтоқсан

10

Қазақстанда ислам банкингі тетігін енгізу мәселесін қарау

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП, USAID және Дүниежүзілік Банктің сарапшылары (келісім бойынша)

2011 жылдың IV тоқсаны

11

Осы индикаторды жақсарту бойынша реформалар жүргізуде озық тәжірибесі бар елдердің халықаралық тәжірибесін зерделеу

Дүниежүзілік Банктің сарапшыларымен консультациялар

Дүниежүзілік Банктің сарапшыларымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бейнеконференция өткізу

Мүдделі мемлекеттік органдар, USAID және Дүниежүзілік Банктің сарапшылары (келісім бойынша)

2011 жылдың ішінде

4. «Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы

12

Рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыру және оңайлату жөніндегі халықаралық тәжірибені зерделеу

Шет елдерде тағылымдамадан өту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚТҮКШІА, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2011 жылдың ішінде

13

Елді мекендердің бас жоспарлармен, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен және құрылыс салу жобаларымен қамтамасыз етілуіне қарай топографиялық түсіруді жүргізуге қойылатын талаптарды бөлу туралы мәселелерді қарау

Аумақтық құрылыс салу қағидасына толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚТҮКШІА, ЖРБА,  облыстардың, Алматы қалаларының әкімдіктері

2011 жылдың ІІІ тоқсаны

14

Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын салалық мемлекеттік органдармен (экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, энергетикалық және т.б.) міндетті келісу талаптарын алып тастау

Салалық заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭДСМ, ҚТҮКШІА, ИЖТМ, Қоршағанортамині, ДСМ, ТЖМ

2011 жылдың IV тоқсаны

15

Жобалау құжаттамасын жобаның сейсмикалық төзімділігі бойынша (сейсмикалық қауіпті өңірлер үшін) талаптарға сәйкестігіне «ҚазСКҒЗИ» РМК-мен келісуді жою

Құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚТҮКШІА, ТЖМ

2011 жылдың, ІІІ тоқсаны

16

Заңнамалық актілерді жоба әзірленгеннен және мемлекеттік сараптама жүргізілгеннен кейін оны сәулет және қала құрылысы органдарының бекітуі мәніне талдау

Аумақтық құрылыс салу қағидасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚТҮКШІА, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2011 жылдың III тоқсаны

17

Сараптамалық жұмыстар нарығының субъектілері жүзеге асыратын жобаларға сараптама жүргізудің нақты мерзімдерін белгілеу

Құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚТҮКШІА, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2011 жылдың ІІІ тоқсаны

18

Жергілікті атқарушы органдардың объектілерді пайдалануға қабылдау жөнінде актілер беруі мәніне заңнамалық актілерге талдау жүргізу

Құрылыс саласындағы заңнамаға және басқа нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚТҮКШІА, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2011 жылдың ІІІ тоқсаны

19

Меншік немесе жер пайдалану құқығында тапсырыс берушіге тиесілі учаскені құрылысқа пайдалануға рұқсат беру туралы талапты алып тастау

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚРЗ жобасының шеңберінде «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚРЗ-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Заң жобасы

ҚТҮКШІА, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2011 жылдың ІІІ тоқсаны

20

Объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссиясының барлық мүшелері қол қойғаннан кейін оны бекіту рәсімін алып тастау

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚРЗ жобасының шеңберінде «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚРЗ-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Заң жобасы

ҚТҮКШІА, мүдделі мемлекеттік органдар

2011 жылдың ІІІ тоқсаны

21

Мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамын қысқарту

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚРЗ жобасының шеңберінде «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚРЗ-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Заң жобасы

ҚТҮКШІА, мүдделі мемлекет органдар

2011 жылғы ІІІ тоқсан

22

Техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін ұйымды міндетті түрде тартуды алып тастау

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚРЗ жобасының шеңберінде «Қазақстан Республикасындағы сэулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚРЗ-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Заң жобасы

ҚТҮКШІА, мүдделі мемлекеттік органдар

2011 жылдың ІІІ тоқсаны

5. «Қызметкерлердің құқықтарын қорғау» индикаторы

23

Индикаторды есептеу әдіснамасын таныстыру, бастапқы ақпаратты жинау

Дүниежүзілік Банк сарапшыларымен консультациялар

Жұмыстың басталуына және есептеу әдістемесімен танысу қажеттілігіне байланысты Дүниежүзілік Банк сарапшыларымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бейнеконференциялар өткізу

Еңбекмині, Қаржымині, ЭДСМ, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП, ҚКФ, USAID және Дүниежүзілік Банктің сарапшылары (келісім бойынша)

2011 жылдың ішінде

24

Қазақстан Республиканың еңбек заңнамасын талдау

«Қызметкердің құқығын қорғау» индикаторы бойынша рейтингті жақсарту мақсатында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Еңбекмині, Қаржымині, ЭДСМ, Әділетмині, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП, ҚКФ, USAID және Дүниежүзілік Банктің сарапшылары (келісім бойынша)

2011 жылдың ішінде

6. «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторы

25

Индикаторды есептеу әдіснамасын таныстыру, бастапқы ақпаратты жинау

Дүниежүзілік Банктің сарапшыларымен консультациялар

Жұмыстың басталуына және есептеу әдістемесімен танысу қажеттілігіне байланысты Дүниежүзілік Банктің сарапшыларымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бейнеконференция өткізу

ИЖТМ, ҚТҮКШІА, ТМРА, ЭДСМ, USAІD және Дүниежүзілік Банктің сарапшылары (келісім бойынша)

2011 жылдың ішінде

26

Электр энергиясын пайдалану қағидасы мен Электр тораптық қағиданы бекіту

Техникалық шарттарды қарау мен беру мерзімін, сондай-ақ талап етілетін құжаттарды, техникалық шарттар берілетін жағдайлар тізбесін қысқарту бөлігінде тиісті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, ҚТҮКШІА, ТМРА, ЭДСМ, Әділетмині, USAІD және Дүниежүзілік Банктің сарапшылары (келісім бойынша)

Тиісті Заң жобасы қабылданғаннан кейін

7. «Кәсіпорындарды тарату» индикаторы

27

Заңды тұлғалардың банкроттық тетігін оңайлату (оңалту рәсімдерін оңайлату  және банкроттық рәсімдерінің тиімділігін арттыру) бөлігінде «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жетілдіру

Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын ВАК-қа енгізу

Тұжырымдама

Қаржымині, Әділетмині, Еңбекмині, ҰБ (келісім бойынша), «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП, USAID және Дүниежүзілік Банктің сарапшылары (келісім бойынша)

2011 жылдың II тоқсаны

28

Орындалмаған міндеттемелері жоқ және мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәуекелдің шамалы және орташа дәрежесі бар субъектілер санатына жатқызған шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін қайта ұйымдастырудың және ерікті таратудың оңайлатылған тәртібін белгілеу бөлігінде салық заңнамасын жетілдіру

Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын ВАК-қа енгізу

Тұжырымдама

Қаржымині, Әділетмині, Қазақстан салық төлеушілері қауымдастығы, USAID және Дүниежүзілік Банктің сарапшылары (келісім бойынша)

2011 жылдың II тоқсаны

29

Борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша сауда-саттық жүргізу ережесіне борышкердің мүлкін сату тиімділігін арттыруға бағытталған түзетулер енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 қаулысына өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП, USAID және Дүниежүзілік Банктің сарапшылары (келісім бойынша)

2011 жылдың бірінші жартыжылдығы

30

Өңірлерде кәсіпорындарды тарату саласында жүргізілетін реформалар туралы бизнес-қоғамдастықтар өкілдерімен түсіндіру іс-шараларын жүргізу

БАҚ-тағы сұхбат және мақалалар, дөңгелек үстелдер, семинарлар

ЭДСМ-ге ақпарат

Қаржымині, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП, USAID және Дүниежүзілік Банктің сарапшылары (келісім бойынша)

2011 жылғы шілде және желтоқсан

31

Осы индикаторды жақсарту бойынша реформалар жүргізуде озық тәжірибесі бар елдердің халықаралық тәжірибесін зерделеу

Дүниежүзілік Банктің сарапшыларымен консультациялар

Дүниежүзілік Банктің сарапшыларымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бейнеконференция өткізу

Мүдделі мемлекеттік органдар, USAID және Дүниежүзілік Банктің сарапшылары (келісім бойынша)

2011 жылдың ішінде

8. «Келісімшарттарды орындау» индикаторы

32

Индикаторды есептеу әдіснамасын таныстыру, бастапқы ақпаратты жинау

Дүниежүзілік Банк сарапшыларымен консультациялар

Жұмыстың басталуына және есептеу әдістемесімен танысу қажеттілігіне байланысты Дүниежүзілік Банктің сарапшыларымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бейнеконференция өткізу

Әділетмині, Қоршағанортамині, АШМ, Еңбекмині, БП, ЖС (келісім бойынша)

2011 жылдың ішінде

33

Сот жүйесін жетілдіруге бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыру

«Медиация туралы» Заңды іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЖС (келісім бойынша), Әділетмині

2011 жылдың ішінде

34

Жеке сот орындаушылары туралы жаңа шешімдерді тиімді енгізу бойынша Дүниежүзілік Банк сарапшыларының консультациялары

Бейнеконференция

ЭДСМ-ге ақпарат

Әділетмині, Қоршағанортамині, АШМ, Еңбекмині, БП, ЖС (келісім бойынша)

2011 жылғы қазан

35

Осы индикаторды жақсарту бойынша реформалар жүргізуде озық тәжірибесі бар елдердің халықаралық тәжірибесін зерделеу

Дүниежүзілік Банктің сарапшыларымен консультациялар

Дүниежүзілік Банктің сарапшыларымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бейнеконференция өткізу

Мүдделі мемлекеттік органдар, USAID және Дүниежүзілік Банктің сарапшылары (келісім бойынша)

2011 жылдың ішінде

9. «Халықаралық сауда» индикаторы

36

Есепке қабылданатын құжаттардың санын бекіту бойынша Дүниежүзілік Банк сарапшыларының консультациялары

Дүниежүзілік Банктің сарапшыларымен консультациялар

Дүниежүзілік Банктің сарапшыларымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бейнеконференция өткізу

Мүдделі мемлекеттік органдар, USAID және Дүниежүзілік Банктің сарапшылары (келісім бойынша)

2011 жылдың бірінші жартыжылдығы

37

Сыртқы сауда саласындағы экспорттық-импорттық операцияларда бірыңғай электрондық терезені енгізу

2011-2012 жылдарға арналған сыртқы сауда саласындағы экспорттық-импорттық операцияларда «Б-терезе» ақпараттық жүйесін Қазақстан Республикасында іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау

ЭДСМ-ге ақпарат

Қаржымині және мүдделі мемлекеттік органдар

Тоқсан сайын

38

Тауарлар мен көлік құралдарын электронды декларациялауды енгізу кедендік рәсімдерді жетілдіру

Электронды декларациялау мәселелері бойынша халықаралық стандартқа сәйкестігі тұрғысынан ұлттық заңнаманы талдау

Кеден заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қаржымині, БАМ

2011 жылдың III тоқсаны

39

Бизнес-қоғамдастықтар өкілдерімен өңірлерде заңнаманы түсіндіру бойынша, сондай-ақ халықаралық сауда саласында  жүргізіліп отырған реформалар туралы түсіндіру шараларын өткізу

БАҚ-тағы сұхбат және мақалалар, дөңгелек үстелдер, семинарлар

ЭДСМ-ге ақпарат

Халықаралық сауданы мемлекеттік реттеуге тартылған мемлекеттік органдар

Тоқсан сайын

40

Халықаралық сауданы мемлекеттік реттеуге тартылған мемлекеттік органдардың Интернет-ресурстарында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін бизнес-ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету

Халықаралық сауданы мемлекеттік реттеуге тартылған мемлекеттік органдардың Интернет-ресурстарында ақпаратты орналастыру

ЭДСМ-ге ақпарат

Халықаралық сауданы мемлекеттік реттеуге тартылған мемлекеттік органдар

Тоқсан сайын

41

Осы индикаторды жақсарту бойынша реформалар жүргізуде озық тәжірибесі бар елдердің халықаралық тәжірибесін зерделеу

Дүниежүзілік Банктің сарапшыларымен консультациялар

Дүниежүзілік Банктің сарапшыларымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бейнеконференция өткізу

Мүдделі мемлекеттік органдар, USAID және Дүниежүзілік Банктің сарапшылары (келісім бойынша)

2011 жылдың ішінде

10. «Салық салу» индикаторы

42

Қазақстан Республикасының салық салу саласындағы заңнамасын талдау

Салық салу саласындағы заңнамаға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қаржымині, Қазақстан салық төлеушілері қауымдастығы, USAID және Дүниежүзілік Банктің сарапшылары (келісім бойынша)

2011 жылдың ішінде

43

Осы индикаторды жақсарту бойынша реформалар жүргізуде озық тәжірибесі бар елдердің халықаралық тәжірибесін зерделеу

Дүниежүзілік Банктің сарапшыларымен консультациялар

Дүниежүзілік Банктің сарапшыларымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бейнеконференция өткізу

Мүдделі мемлекеттік органдар, USAID және Дүниежүзілік Банктің сарапшылары (келісім бойынша)

2011 жылдың ішінде

11. «Инвесторларды қорғау» индикаторы

44

Акционерлік қоғамдардың лауазымды адамдарының өздері қабылдайтын шешімдер үшін дербес жауапкершілігін белгілеу; осы адамдар қызметінің негізгі қағидаттарын айқындау; акционерлерге лауазымды адамдардың ірі мәмілелері және/немесе мүдделілік және басқалар болуына орай жасалатын мәмілелерді жасасу туралы шешімдер қабылдауының нәтижесінде қоғамға келтірілген шығындарды өтеу туралы шағым-талаппен сотқа жүгіну құқығын беру бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау

ҰБ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

2011 жылдың I тоқсаны

45

Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелерін «Директорлардың жауапкершілігі индексі» және «Акционерлердің сот процесіне қатысу қабілеттілігі индексі» индекстері бойынша Дүниежүзілік Банктің талаптарына сәйкестігіне түсіндіру

Дүниежүзілік Банктің сарапшыларымен бейнеконференция

ЭДСМ-ге ақпарат

ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП, ҚҚҚ, USAІD және Дүниежүзілік Банктің сарапшылары (келісім бойынша)

2011 жылдың ішінде

46

Акционерлік қоғамдардың лауазымды адамдарының дербес жауапкершілігі және осы мәселедегі халықаралық тәжірибе бөлігінде мүдделі тұлғалармен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану жөніндегі түсіндіру жұмысы

БАҚ-тағы сұхбат және мақалалар, дөңгелек үстелдер, семинарлар

ЭДСМ-гe ақпарат

ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП, ҚҚҚ, USAІD және Дүниежүзілік Банктің сарапшылары (келісім бойынша)

2011 жылдың ішінде

47

Осы индикаторды жақсарту бойынша реформалар жүргізуде озық тәжірибесі бар елдердің халықаралық тәжірибесін зерделеу

Дүниежүзілік Банктің сарапшыларымен консультациялар

Дүниежүзілік Банктің сарапшыларымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бейнеконференция өткізу

Мүдделі мемлекеттік органдар, USAID және Дүниежүзілік Банктің сарапшылары (келісім бойынша)

2011 жылдың ішінде

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған органы қорғау министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ЖРБА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
ҚТҮКШІА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестік қорғау агенттігі
«Атамекен» Одағы» ҚҰЭП - «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы
ҚКФ - Қазақстан кәсіпкерлері форумы
ҚҚҚ - Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы
ҚРЗ - Қазақстан Республикасының Заңы
ВАК - заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары
USAID - АҚШ Халықаралық даму агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады