"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 111-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдар:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2011 жылғы 24 тамыздағы
№ 111-ө өкімімен  
бекітілген     

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы
мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңын
iске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi

Р/с

Нормативтiк құқықтық актiнiң атауы

Актiнiң нысаны

Жауапты мемлекеттiк органдар

Орындалу мерзiмi

1

2

3

4

5

1.

«Базалық лауазымдық жалақының мөлшерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 қаңтардағы № 123 қаулысына өзгерiс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

Қаржымині (жинақтау), ЭДСМ

2011 жылғы тамыз

2.

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгеріс енгізу

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

Қаржымині

2011 жылғы тамыз

3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы» 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 және «Мемлекеттiк органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормалары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

Қаржымині (жинақтау), ЭДСМ

2011 жылғы тамыз

4.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы

Есеп комитетінiң қаулысы

Есеп комитеті (келісім бойынша)

2011 жылғы тамыз

5.

Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесін қалыптастыру және қызметін ұйымдастыру қағидасын бекіту

Есеп комитетінiң қаулысы

Есеп комитеті (келісім бойынша)

2011 жылғы тамыз

6.

Жоспарлау және сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізген кезде тәуекелдерді басқарудың үлгі жүйесін бекіту туралы

Есеп комитетінiң қаулысы

Есеп комитеті (келісім бойынша)

2011 жылғы тамыз

7.

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қағидасын бекіту туралы

Есеп комитетінiң қаулысы

Есеп комитеті (келісім бойынша), Қаржымині

Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті Жарлығы қабылданғаннан кейін бір ай ішінде

8.

«Мемлекеттiк бағдарламаларға, орталық мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына бағалау жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң 2010 жылғы 1 шiлдедегi № 17-Қ-қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Есеп комитетінiң қаулысы

Есеп комитеті (келісім бойынша)

2011 жылғы тамыз

9.

«Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың кейбір мәселелері туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 89 н/қ бұйрығына өзгеріс енгізу

Есеп комитеті төрағаның бұйрығы

Есеп комитеті (келісім бойынша)

2011 жылғы тамыз

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Есеп комитеті - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады