"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қазандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 153-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қазандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің   
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 153-ө өкімімен    
бекітілген       

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2011 жылғы 24 қазандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы
қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі

Р/с

Нормативтік құқықтық
актінің атауы

Актінің
нысаны

Орындауға жауапты
мемлекеттік
органдар

Орындалу
мерзімі

1

2

3

4

5

1

«Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

2

«Өркен» грантын беру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

3

Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

4

Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде квота шегiнде педагогтік, медициналық және ветеринарлық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл (село) жастары қатарынан шыққан азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогтік және медициналық мамандықтар (бакалавриат) бойынша және философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен білім алушы азаматтардың жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

5

«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларын және оны беру мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

6

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

7

«Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

8

«Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

9

«Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

10

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын және берілген мемлекеттік грантты жұмсау бағытын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

11

«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

12

Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

13

Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

14

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

15

Білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

16

«Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

17

Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

18

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

19

«Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

20

Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

21

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

22

Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

23

Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізудің қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

24

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

25

Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықпен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

26

Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендері мен оқу-әдiстемелiк құралдарын дайындау, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

27

Бiлiм беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етiлген оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендерiнің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердiң, оның iшiнде электрондық жеткiзгiштердегі тізбесін бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

28

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастырудың және өткізудің қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

29

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

30

Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

31

«Шетелге оқуға жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

32

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастырудың қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

33

Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

34

Бірыңғай ақпараттық білім беру жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

35

«Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

36

Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын және олардың қызметінің, оның ішінде аз жасақталған мектептердегі қызметтің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

37

Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

38

Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

39

Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

40

Орта, техникалық және кәсіптік білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

41

Орта, техникалық және кәсіптік білім берудің жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

42

Біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесінің әдістемесін бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

43

Педагогтардың біліктілік деңгейін растау қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

44

Базалық жоғары оқу орындарында магистрлер мен PhD докторларын мақсатты даярлау тетігін бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

45

Мемлекеттік жоғары оқу орындарының ректорларын тағайындау қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

46

Университеттік интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

47

Мектеп-интернаттарға, бейіндік мектептерге қойылатын техникалық талаптарды бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

48

Біліктілікті қамтамасыз ету және оны қашықтықтан арттыру қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы желтоқсан

Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:

БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады