"Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 5 мамырдағы № 61-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 157-ө Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 11-ө Өкімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2012.12.30 № 11-ө Өкімімен.

      «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 5 мамырдағы № 61-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары, Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір мүшелері арасында міндеттерді бөлу туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары, Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір мүшелері арасында міндеттерді бөлу бекітілсін.»;
      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлуде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары, Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір мүшелері арасында міндеттерді бөлу»;
      «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімов» деген бөлімде:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Экономикалық, қаржы, фискалдық, өңірлік және инвестициялық, кеден саясатының, мемлекеттік бюджеттің стратегиялық мәселелері.»;
      мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      «Ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік кешен мәселелері.»;
      «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е. Шөкеев» деген бөлім алып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешев» деген бөлімде:
      мынадай мазмұндағы бірінші абзацпен толықтырылсын:
      «Экономиканы жедел басқару мәселелері.»;
      мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
      «Өндірістік инфрақұрылымды дамыту және Көлік стратегиясын іске асыру мәселелері.
      Жер және су қатынастары, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану, ғарыш қызметі мәселелері.
      Құрылысты дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мәселелері.
      Төтенше жағдайлар және жұмылдыру жұмысы мәселелері.»;
      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция
             істері министрі Ж.С. Айтжанова

      Сауда және тарифтік саясат, бәсекелестік, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, ТМД елдерімен және олардың ықпалдастық бірлестіктерімен өзара қарым-қатынастар мәселелері.
      Еуразия экономикалық қоғамдастығы (ЕурАзЭҚ) шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері.
      Кеден одағы (Қазақстан Республикасы - Ресей Федерациясы - Беларусь Республикасы) шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері.».

      Премьер-Министр                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады