"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 19-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi (бұдан әрi – тiзбе) бекiтiлсiн.
      2. Мемлекеттік органдар:
      1) тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекітуге енгiзсiн;
      2) тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкiметiн қабылданған шаралар туралы хабардар етсiн.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің 
2012 жылғы 31 қаңтардағы
№ 19-ө өкімімен   
бекітілген     

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012
жылғы 13 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы
қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині, ЭДСМ

2012 жылғы ақпан

2.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2012 жылғы ақпан

3.

«Отандық әлеуеттi өнiм берушiлердiң санаттарын мемлекеттiк қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ

2012 жылғы ақпан

4.

«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар

2012 жылғы ақпан

5.

Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар

2012 жылғы ақпан

6.

Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу мәні болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2012 жылғы ақпан

7.

Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ОСК (келісім бойынша)

2012 жылғы ақпан

8.

Тапсырыс берушілер конкурс қорытындысы шыққанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге іркіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ бір көзден сатып алатын күнделiктi немесе апта сайынғы қажеттi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2012 жылғы ақпан

9.

«Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу кезiнде қазақстандық мазмұнның көлемi туралы ақпаратты ескере отырып, есептiлiктi жинау, қорыту және талдау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2012 жылғы ақпан

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
      ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
      ОСК – Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады