1. Қоса берiлiп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесіне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейту және бюджеттік рәсімдердің тиімділігін арттыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi (бұдан әрi – тiзбе) бекiтiлсiн.
2. Мемлекеттiк органдар:
1) тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн;
2) тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкiметiн қабылданған шаралар туралы хабардар етсiн.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 20 наурыздағы
№ 58-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
бюджет процесіне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың
жауапкершілігін күшейту және бюджеттік рәсімдердің тиімділігін
арттыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңын іске
асыру мақсатына қабылдануы қажет нормативтік құқықтық
актілердің тізбесі
Р/с |
Іс-шара |
Актінің нысаны |
Жауапты орындаушы |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
«Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы |
ЕК |
2012 жылғы наурыз |
2. |
«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ |
2012 жылғы наурыз |
3. |
«Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2012 жылғы наурыз |
4. |
«Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 235 қаулысына өзгеріс енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2012 жылғы наурыз |
5. |
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2012 жылғы наурыз |
6. |
«Нысаналы даму трансферттерін бөлу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ, Қаржымині |
2011 жылғы наурыз |
7. |
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінде айқындалған бұзушылықтар сыныптауышы |
Ішкі бақылау жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілетті органы мен ЕК бірлескен бұйрығы |
Қаржымині, ЕК (келісім бойынша) |
2012 жылғы наурыз |
8. |
«Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 214 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Бұйрық |
Қаржымині |
2012 жылғы наурыз |
9. |
«Бюджеттiк өтінімдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 233 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Бұйрық |
Қаржымині |
2012 жылғы наурыз |
10. |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұзушылықтар бойынша есептерді қалыптастыру жөніндегі кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы |
Бұйрық |
Қаржымині |
2012 жылғы наурыз |
11. |
«Бюджеттік кредиттеудің орындылығын анықтау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 151 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Бұйрық |
ЭДСМ |
2012 жылғы наурыз |
12. |
«Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Бұйрық |
ЭДСМ |
2012 жылғы наурыз |
13. |
Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы |
Бұйрық |
ККМ, ЭДСМ, ҚТҮКШІА |
2012 жылғы наурыз |
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi
ЕК - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi
ҚТҮКШІА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі