1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 24 шілдедегі
№ 115-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік органдар |
Әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгізу мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 4 маусымдағы № 514 және «Қазақстан Республикасының сот сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 4 маусымдағы № 515 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
2013 жылғы |
2 |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығында жүргізілетін сот сараптамалары түрлерінің тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
2013 жылғы |
3 |
Денсаулық сақтау саласында жүргізілетін сот сараптамалары түрлерінің тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
2013 жылғы |
4 |
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарына алғаш жұмысқа кіретін адамдардың арнайы кәсіптік даярлықтан өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 122 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
2013 жылғы |
5 |
Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
2013 жылғы |
6 |
Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
2013 жылғы |