"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 198-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                       С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 198-ө өкімімен   
бекітілген     

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет
заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Акт нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімдері

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ЭБЖМ

2014 жылғы ақпан

2

«Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 780 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ЭБЖМ

2014 жылғы ақпан

3

«Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ЭБЖМ

2014 жылғы ақпан

4

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ

2014 жылғы ақпан

5

«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині, ЭБЖМ

2014 жылғы ақпан

6

«Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1061 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ

2014 жылғы ақпан

7

Инвестициялық ұсыныстардың қажетті сараптамаларын әзірлеу және түзету, өткізу, бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, іске асыру және іріктеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдері нің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ

2014 жылғы ақпан

8

Республикалық концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу үшін тартылатын заңды тұлғаларды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ, ИЖТМ

2014 жылғы ақпан

9

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, Қазақстан Республикасының жаңа бастамаларына арналған лимиттерді айқындау ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ

2014 жылғы наурыз

10

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ, Қаржымині

2014 жылғы ақпан

11

Жергілікті концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу үшін тартылатын заңды тұлғаларды айқындау туралы

ЖАО қаулысы

Облыстардың, Астана және Алматы ққ. әкімдіктері

2014 жылғы ақпан

12

«Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

ЭБЖМ бұйрығы

ЭБЖМ

2014 жылғы ақпан

13

«Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЭБЖМ бұйрығы

ЭБЖМ

2014 жылғы ақпан

14

«Концессия объектісінің, концессиялық жобаның құнын және концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № 24 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЭБЖМ бұйрығы

ЭБЖМ

2014 жылғы ақпан

15

«Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттамаларды, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын сараптауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 95 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЭБЖМ бұйрығы

ЭБЖМ

2014 жылғы ақпан

16

«Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және Бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 151 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЭБЖМ бұйрығы

ЭБЖМ

2014 жылғы ақпан

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭБЖМ       - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
             жоспарлау министрлігі
Қаржымині  - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ИЖТМ       – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
             министрлігі
ЖАО        – жергілікті атқарушы органдар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады