Инвестициялық дауларды қарау тәртібін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 9-ө өкімі

      1. Инвестициялық дауларды қарау тәртібін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Мәсімов
КәрімҚажымқанұлы

-

Қазақстан Республиксының
Премьер-Министрі, басшы

Мәми
Қайрат Әбдіразақұлы

-

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы (келісім бойынша)

Қасенова
Әсия Бәкенқызы

-

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының орынбасары, хатшы (келісім бойынша)

Сұлтанов
Бақыт Тұрлыханұлы

-

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

Асанов
Жақып Қажыманұлы

-

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша)

Құсайынов
Марат Әпсеметұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары

Баймолдина
Зәуреш Хамитқызы

-

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары

Мусинов
Асқар Ахметұлы

-

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

Мырзағалиев
Мағзұм Маратұлы

-

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің орынбасары

Сағадиев
Ерлан Кенжеғалиұлы

-

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі

Жүрсінов
Рустам Манарбекұлы

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша).

      2. Жұмыс тобы 2015 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде инвестициялық дауларды қарау тәртібін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеп, Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгізсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына (келісім бойынша) жүктелсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады