"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринариялық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын мемлекеттік кіріс органдарына беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 10 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 11-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринариялық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын мемлекеттік кіріс органдарына беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 10 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актілердiң тiзбесi (бұдан әрi – тiзбе) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 17 ақпандағы
№ 11-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринариялық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын мемлекеттік кіріс органдарына беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 10 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік-құқықтық және құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҰҚК (келісім бойынша)

2015 жылғы ақпан

2.

"Ветеринария және өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларын кеден органдарына іссапарға жіберу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 шілдедегі № 870 қаулысының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині, АШМ

2015 жылғы ақпан

3.

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 977 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині, ИДМ, ҰҚК (келісім бойынша)

2015 жылғы ақпан

4.

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2015 жылғы ақпан

5.

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2015 жылғы ақпан

6.

"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ

2015 жылғы ақпан

7.

"Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ, Қаржымині

2015 жылғы ақпан

8.

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2013 жылғы 30 қарашадағы № 504 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығы

ҰҚК (келісім бойынша)

2015 жылғы ақпан

9.

Зертханалық бақылауды қоспағанда, мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы және ветеринария саласындағы уәкілетті орган мен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл жасауы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ, Қаржымині

2015 жылғы ақпан

10.

Зертханалық сараптаманы қоспағанда, мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы және өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган мен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл жасауы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ, Қаржымині

2015 жылғы ақпан

11.

Көліктік-логистикалық орталықтарды жайластыру және техникалық жарақтандыру бойынша үлгілік талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ, Қаржымині

2015 жылғы ақпан

      Ескертпе: аббревиатурлардың толық жазылуы:

      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;

      АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;

      ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады