1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 129-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Нормативтiк құқықтық және құқықтық актiлердің сапасына, уақтылы әзірленуіне және енгізілуіне жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | МСМ | 2015 жылғы 21 желтоқсан | Ғ. Ахмедьяров |
2. | Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | МСМ | 2015 жылғы 21 желтоқсан | Ғ. Ахмедьяров |
3. | Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | МСМ | 2015 жылғы 21 желтоқсан | Ғ. Ахмедьяров |
4. | Мемориалдық тақталарды орнатудың өлшемшарттары мен қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | МСМ | 2015 жылғы 21 желтоқсан | Ғ. Ахмедьяров |
5. | Қазақстан аумағындағы археологиялық зерттеулер нәтижесінде алынған материалдар мен олжаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | МСМ | 2015 жылғы 21 желтоқсан | Ғ. Ахмедьяров |
6. | Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | МСМ | 2015 жылғы 21 желтоқсан | Ғ. Ахмедьяров |
7. | Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | МСМ | 2015 жылғы 21 желтоқсан | Ғ. Ахмедьяров |
8. | Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | МСМ | 2015 жылғы 21 желтоқсан | Ғ. Ахмедьяров |
9. | Мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару нұсқаулығын бекіту туралы | бұйрық | МСМ | 2015 жылғы 21 желтоқсан | Ғ. Ахмедьяров |
10. | Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығын бекіту туралы | бұйрық | МСМ | 2015 жылғы 21 желтоқсан | Ғ. Ахмедьяров |
11. | Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | бұйрық | МСМ | 2015 жылғы 21 желтоқсан | Ғ. Ахмедьяров |
12. | Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы | бұйрық | МСМ | 2015 жылғы 21 желтоқсан | Ғ. Ахмедьяров |
13. | Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөнінде комиссия құру және ол туралы ережені бекіту туралы | бұйрық | МСМ | 2015 жылғы 21 желтоқсан | Ғ. Ахмедьяров |
14. | Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | МСМ | 2015 жылғы 21 желтоқсан | Ғ. Ахмедьяров |
15. | "Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 154 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | МСМ | 2015 жылғы 21 желтоқсан | Ғ. Ахмедьяров |
16. | "Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | МСМ | 2015 жылғы 21 желтоқсан | Ғ. Ахмедьяров |
17. | "Кітапхана қорларын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 152 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | МСМ | 2015 жылғы 21 желтоқсан | Ғ. Ахмедьяров |
18. | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | МСМ | 2015 жылғы 21 желтоқсан | Ғ. Ахмедьяров |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі.