Қазақстанның су ресурстарын басқару мәселелері жөнінде ведомствоаралық кеңес құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 141-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 9 наурыздағы № 47-ө өкімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 09.03.2022 № 47-ө өкімімен.

      "Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 786 Жарлығына сәйкес және Қазақстанның су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстанның су ресурстарын басқару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Қеңес туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 141-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстанның су ресурстарын басқару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстанның су ресурстарын басқару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес Қазақстанның су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында құрылды.

      3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

      5. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда бір реттен сиретпей өткізіледі.

2. Кеңестің міндеттері

      6. Кеңестің міндеті:

      1) су шаруашылығы саласындағы саясаттың ұлттық басымдықтары;

      2) өзендер бассейндері мен бассейндер ішінде, сондай-ақ секторлар бойынша (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік және коммуналдық секторлар басымдықтарының бірлестігі) сумен жабдықтау саласында ұлттық басымдықтарды айқындау;

      3) өңірлер мен тұтынушылар арасында су ресурстарын қайта бөлу, егер қажет болса, квоталар белгілеу;

      4) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі стандарттарды айқындау;

      5) сала үшін қаржыландыру қағидалары (мемлекеттік/жеке қаржыландыруға қол жеткізу және тұтынушылардан алынатын жалпы төлемдер);

      6) су шаруашылығы секторының ұйымдастырушылық саясатын айқындау мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Кеңес жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі

      7. Кеңес жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 141-ө өкіміне
қосымша

Қазақстанның су ресурстарын басқару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің кұрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.01.2022 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға;

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, төрағаның орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы, хатшы;

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;

      су қорын пайдалану және қорғау саласындағы бассейндік кеңестердің төрағалары (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады