Дүниежүзілік Банктің "Doing Business" рейтингісі индикаторларын жақсарту жөніндегі шаралардың 2016 - 2017 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 1-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісі индикаторларын жақсарту жөніндегі шаралардың 2016 2017 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша):
      1) Кешенді жоспарды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;
      2) жыл сайын 5 сәуірге және 5 қазанға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жыл сайын 15 сәуірге және 15 қазанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

      Премьер-Министр                       К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң  
2016 жылғы 14 қаңтардағы
№ 1-ө өкiмiмен    
бекiтiлген      

Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингінің
индикаторларын жақсарту жөніндегі шаралардың
2016 – 2017 жылдарға арналған кешенді жоспары

№ р/с

Шара

Ұсынылатын іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімдері

1

2

3

4

5

6

1. «Кәсіпорындар ашу» индикаторы

1

Заңды тұлғаны тіркеу кезеңінде банктік шот ашу және міндетті сақтандыруды тіркеу рәсімін автоматтандыру

Банктік шот ашуға және сақтандыру шартын жасасуға «электронды үкімет» веб-порталы мен уәкілетті орган арқылы өтініш берудің пилоттық жобасын енгізу

ҰЭМ-ге ақпарат

ИДМ, Қаржымині, ДСӘДМ, Әділетмині, ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылғы наурыз

2

«Doing Business» рейтингінде Қазақстанның ұстанымын жақсарту бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу

БАҚ-та сөз сөйлеу, дөңгелек үстелдер, семинарлар және конференциялар өткізу

ҰЭМ-ге ақпарат

Әділетмині, Қаржымині, ДСӘДМ, ҰБ (келісім бойынша)

2016 – 2017 жылдар, ай сайын

2. «Меншікті тіркеу» индикаторы

3

Жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтар болмаған жағдайда нотариустың іс-қимылын нақтылау

«Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы
31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2016 жылғы ақпан

4

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мерзімін қысқарту

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңынаөзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

Әділетмині

2016 жылдың бірінші жарты жылдығы

5

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге қатысты мемлекеттік кепілдік ұсыну

жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге қатысты мемлекеттік кепілдік ұсыну туралы мәселені зерделеу

ҰЭМ-ге ақпарат

Әділетмині

2016 жылғы ақпан

6

«Doing Business» рейтингінде Қазақстанның ұстанымын жақсарту бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу

БАҚ-та сөз сөйлеу, дөңгелек үстелдер, семинарлар және конференциялар өткізу

ҰЭМ-ге ақпарат

Әділетмині

2016 – 2017 жылдар, ай сайын

3. «Келісімшарттарды орындау» индикаторы

7

Жауапкерге талап қою өтінішін электронды түрде:
- арнайы жүйе арқылы немесе электрондық пошта арқылы;
- факсимильді байланыс не мәтіндік хабарлама түрінде беру жүйесін жасау

«Сот кабинеті» электрондық сервисін, оның ішінде жауапкерге хабарламаны жеткізу жүйесін пысықтау жолымен жаңғырту


ҰЭМ-ге ақпарат

ЖС (келісім бойынша)

2016 жылдың екінші тоқсаны

8

Барлық деңгейдегі сот органдары шығарған коммерциялық істер бойынша сот шешімдерін интернет-ресурста ашық қолжетімділікте жариялау


Жоғарғы Соттың интернет-ресурсында Сот істері анықтамалығын жетілдіру.
Ықтимал деперсонификация туралы мәселені қарай отырып, Жоғарғы Соттың интернет-ресурсында Істердің бірыңғай сыныптамасын іске асыру шеңберінде азаматтық істердің санаттары бойынша сот актілеріне қолжетімділік беру

ҰЭМ-ге ақпарат

ЖС (келісім бойынша)

2016 жылдың екінші жарты жылдығы

9

Сот істерін қараудың маңызды кезеңдеріне қатысты сотта іс жүргізу мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамалық немесе нормативтік құқықтық актілерінің:
1) процестік құжаттарды беру;
2) іс бойынша сотта алғашқы тыңдау;
3) талап қою өтінішіне жауапкердің пікір беру;
4) дәлелдерді қарау кезеңінің аяқталу;
5) қорытынды сот шешімін шығару мерзімдерін айқындау

Жауапкердің талап қою өтінішін қайтаруға өтінім беру үшін процессуалдық мерзімді заңнамалық бекіту мәселелерін меңгеру


Әділетминіне ұсыныстар енгізу

ЖС (келісім бойынша), Әділетмині

2016 жылғы желтоқсан

10

Мыналардың:
1) сот отырыстарындағы кейінге қалдырудың немесе үзілістердің;
2) сот отырыстарын тек күтпеген және төтенше жағдайлар бойынша кейінге қалдырулардың ең көп санын реттейтін Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларындағы мерзімдерді анықтау

Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу

Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы

ЖС (келісім бойынша)

2016 жылдың бірінші жарты жылдығы

11

Жұмысының тиімділігін қадағалауға, соттағы істердің жылжуын бақылауға және белгіленген мерзімдердің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, тиісті құзыреті бар сот жұмысының нәтижелері туралы мынадай есептерді (статистикалық):
1) істерді қараудың ұзақтығы туралы есепті;
2) тіркелген істер санына шешім қабылданған сот істері санының қатынасы туралы есепті;
3) іс-жүргізудегі істердің қаралу ұзақтығы туралы есепті;
4) нақты істің жылжуы туралы есепті ашық қолжетімділікте жариялау

Жоғарғы Соттың интернет-ресурсында азаматтық істерді қарау бойынша аудандық соттардың, оның ішінде мамандандырылған экономикалық соттардың қызметі туралы есептерді (статистика) жариялау


Жоғарғы Соттың интернет-ресурсындағы жарияланымдар

ЖС (келісім бойынша)

2016 – 2017 жылдар, жарты жылда бір рет

12

«Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның ұстанымын жақсарту бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу

БАҚ-та сөз сөйлеу, дөңгелек үстелдер, семинарлар және конференциялар өткізу

ҰЭМ-ге ақпарат

ЖС (келісім бойынша)

2016 – 2017 жылдар, ай сайын

4. «Кредиттер алу» индикаторы

13

«Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның ұстанымын жақсарту бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу

БАҚ-та сөз сөйлеу, дөңгелек үстелдер, семинарлар және конференциялар өткізу

ҰЭМ-ге ақпарат

ҰБ (келісім бойынша)

2016 – 2017 жылдар, ай сайын

5. «Миноритарлық инвесторларды қорғау» индикаторы

14

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі акционерлердің активтердің 51%-ын сатуды мақұлдауы қажеттігін заңнамалық деңгейде белгілеу

«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңынаөзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылдың бірінші жарты жылдығы

15

Әлеуетті сатып алушының 50 пайыз сатып алу кезінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі барлық акционерлерге ресми коммерциялық ұсыныс жасауы тиіс екенін заңнамалық деңгейде белгілеу

«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңынаөзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ҰБ (келісім бойынша)

2016 жылдың бірінші жарты жылдығы

16

«Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның орын позициясын жақсарту бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу

БАҚ-та сөз сөйлеу, дөңгелек үстелдер, семинарлар және конференциялар өткізу

ҰЭМ-ге ақпарат

ҰБ (келісім бойынша)

2016 – 2017 жылдар, ай сайын

6. «Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы

17

Архитектура, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жаңалықтар бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізу

өңірлерде мүдделі ЖАО және кәсіпкерлік қауымдастықтар үшін өңірлік БАҚ-та жариялау арқылы пресс-турлар өткізу

БАҚ-та жариялау (өңірлік баспасөз және телевизия)

ҰЭМ

2016 жылдың бірінші жарты жылдығы

18

«Құрылысқа рұқсат алу» индикаторының құрамына кіретін рәсімдерге мониторинг жүргізу

«Құрылысқа рұқсат алу» индикаторының құрамына кіретін рәсімдер бойынша ай сайынғы есеп беру туралы Алматы қаласының әкімдігіне сұрау салу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰЭМ

2016 – 2017 жылдар, жарты жылда бір рет

19

«Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның ұстанымын жақсарту бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу

БАҚ-та сөз сөйлеу, дөңгелек үстелдер, семинарлар және конференциялар өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰЭМ

2016 – 2017 жылдар, ай сайын

7. «Халықаралық сауда» индикаторы

20

Сыртқы сауда саласындағы экспорттық-импорттық операциялар кезінде бірыңғай электронды терезені енгізу

ақпараттық жүйені енгізу

ҰЭМ-ге ақпарат

Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар

2017 жылғы желтоқсан

21

Кедендік тазалауға арналған уақыт шығындарын қысқарту

тауарларды электронды декларациялау жүйесін енгізу

ҰЭМ-ге ақпарат

Қаржымині

2017 жылғы маусым

22

«Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның ұстанымын жақсарту бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу

БАҚ-та сөз сөйлеу, дөңгелек үстелдер, семинарлар және конференциялар өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар

2016 – 2017 жылдар, ай сайын

8. «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторы

23

Электр энергиясын тұтынушылардың электр энергиясы сапасына, оның жеткізілуіне, сондай-ақ, энергетика кәсіпорындарының электр желісіне қосылу бөлігінде электр энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының мерзімдерінің және талаптарының сақталуына қанағаттануын айқындау

электр энергиясын тұтынушыларға сұрау салуды жіберу (шағын және орта бизнес өкілдеріне)
 

ҰЭМ-ге ақпарат

ЭМ, (аумақтық департаменттер), Алматы қаласының әкімдігі

2016 – 2017 жылдар, жарты жылда бір рет

24

Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу бөлігінде электр энергиясы саласындағы ҚР заңнамасы талаптарының орындалуын бақылау

электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу бөлігінде электр энергиясы саласындағы ҚР заңнамасы талаптарының сақталуына талдау жүргізу

ҰЭМ-ге ақпарат

ЭМ

2016 – 2017 жылдар, жарты жылда бір рет

25

Электр және жылу желілеріне қосылуға техникалық шарттарды беру талаптарын бұзу үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭМ

2016 жылдың бірінші жарты жылдығы

26

«Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның ұстанымын жақсарту бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу

БАҚ-та сөз сөйлеу, дөңгелек үстелдер, семинарлар және конференциялар өткізу

ҰЭМ-ге ақпарат

Энергетика министрлігі, (аумақтық департаменттер), Алматы қаласының әкімдігі

2016 – 2017 жылдары, ай сайын

9. «Төлем қабілетсіздігін шешу» индикаторы

27

Кредиторлар санатын енгізу, кредиторлар санаты үшін жеке дауыс беруді және бір санатқа жатқызылған кредиторлар үшін бірыңғай режимді белгілеу мәселесін қарау

кредиторлар санатын енгізу, сондай-ақ кредиторлар санаты үшін жеке дауыс беруді және бір санатқа жатқызылған кредиторлар үшін бірыңғай режимді белгілеу бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу және ұсыныстар әзірлеу

ҰЭМ-ге ақпарат

Қаржымині

2016 жылғы тамыз

28

Оңалту жоспарын мақұлдамаған кредиторларға жойылған кезде алуы мүмкін өтемақыға тең кепілдер беру мәселесін қарау

оңалту жоспарын мақұлдамаған кредиторларға жойылған кезде алуы мүмкін өтемақыға тең кепілдер беру жөніндегі халықаралық тәжірибені зерделеу ұсыныстар және әзірлеу

ҰЭМ-ге ақпарат

Қаржымині

2016 жылғы тамыз

29

«Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның ұстанымын жақсарту бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу

БАҚ-та сөз сөйлеу, дөңгелек үстелдер, семинарлар және конференциялар өткізу

ҰЭМ-ге ақпарат

Қаржымині

2016 – 2017 жылдары, ай сайын

10. «Салық салу» индикаторы

30

Барлық ҚҚС төлеушілерінің Қазақстан Республикасында электронды шот-фактураларды жазуды жүзеге асыруы

шот-фактураларды тек электронды түрде жазу және алу кезінде Шот фактуралар реестрін ұсынуды жою

Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2017 жылғы шілде

31

Электронды аудиттің бейімделуін жүзеге асыру

тексерушілердің салық төлеушіде тікелей болу уақытын қысқарту

ҰЭМ-ге ақпарат

Қаржымині

2017 жылғы қаңтар

32

Жалпы ұсынылған салық есептілігінің жалпы санындағы электронды түрде ұсынылатын салық есептілігі санының ұлғаюы

салық төлеушілерге салық есептілігі е-gov (электрондық үкімет) арқылы ұсынуға мүмкіндік беру

ҰЭМ-ге ақпарат

Қаржымині

2016 жылғы тамыз

33

Тәуекелді басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру

ең тәуекелді субъектілерге ғана тексерулерді тағайындау

ҰЭМ-ге ақпарат

Қаржымині

2016 жылғы тамыз

34

Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін қызметтерді жетілдіру бойынша қабылданатын шаралар туралы түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу

БАҚ-та сұхбат беру және мақалалар, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу
 

ҰЭМ-ге ақпарат

Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар

2016 – 2017 жылдар, жарты жылда бір рет

35

«Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның ұстанымын жақсарту бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу

БАҚ-та сөз сөйлеу, дөңгелек үстелдер, семинарлар және конференциялар өткізу

ҰЭМ-ге ақпарат

Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар

2016 – 2017 жылдары, ай сайын

11. «Қызметкердің құқықтарын қорғау» индикаторы

36

Жұмыс берушінің және жұмыскерлердің еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша ақпараттандырылуын жоғарылату

Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексінің ережелерін ескере отырып, жұмысшылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу

ҰЭМ-ге ақпарат

ДСӘДМ

2016 – 2017 жылдар, жарты жылда бір рет

Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексінің ережелерін бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет- ресурста жариялау

ҰЭМ-ге ақпарат

ДСӘДМ

2016 – 2017 жылдар, жарты жылда бір рет

салалық және өңірлік деңгейде үш жақты комиссиялардың отырыстарын, әлеуметтік серіктестіктердің қатысуымен еңбек заңнамасы мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер өткізу

ҰЭМ-ге ақпарат

ДСӘДМ

2016 – 2017 жылдар, тоқсан сайын

37

«Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның ұстанымын жақсарту бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу

БАҚ-та сөз сөйлеу, дөңгелек үстелдер, семинарлар және конференциялар өткізу

ҰЭМ-ге ақпарат

ДСӘДМ

2016 – 2017 жылдар, ай сайын

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ЖС – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты;
      ИДМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және даму министрлігі;
      ДСӘДМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;
      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
      ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;
      Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
      ҰБ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі;
      ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі;
      БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары;
      ҚҚС – қосымша құн салығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады