"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 46-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай өнімдерінің жекелеген турлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері жөніндегі өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Орталық мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 2 маусымдағы
№ 46-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай өнімдерінің жекелеген турлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау тәртібін және өлшемшарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

2.

"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

3.

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2016 жылғы маусым

А.М. Теңгебаев

4.

"Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 136 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2016 жылғы маусым

А.М. Теңгебаев

5.

"Шикі мұнайды (немесе) газ конденсатын өңдеуге мұнай берушілердің қол жеткізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 51 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

6.

"Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 159 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

7.

"Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың өткізілуі туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 237 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ, ҰЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

8.

"Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингінің жүзеге асырылу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

9.

"Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 799 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бірлескен бұйрық

ЭМ, ҰЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

10.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2016 жылғы маусым

А.М. Теңгебаев

11.

"Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларациялардың нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 119 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2016 жылғы маусым

А.М. Теңгебаев

12.

"Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2016 жылғы маусым

А.М. Теңгебаев

13.

Өңдеу өнімдерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ, Қаржымині

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

14.

Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау туралы

облыстардың, Алматы және Астана қалалары әкімдіктерінің қаулылары

ЖАО

2016 жылғы шілде

Н.В. Дычко, Ш.Л. Илмұханбетова, Н.А. Сақтағанов, Е.М. Әукенов, Т.Ә. Шәкімов, С.Қ. Тұяқбаев, С.А. Карплюк, Б.С. Орынбеков, Қ.М. Отаров, Ғ.Н. Есқалиев, М.Н. Манкеев, А.Б. Бадашев, С.М. Тұрдалиев, Ғ.М. Әміреев, Қ.Қ. Айтмұхаметов, А.М. Ахметжанов

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      ЭМ - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;

      ЖАО - жергілікті атқарушы органдар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады