1. Қоса беріліп отырған "Лотереялар және лотерея қызметі туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті нормативтік құқықтық актіні қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 50-ө өкімімен бекітілген |
"Лотереялар және лотерея қызметі туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Акт нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік органдар | Орындалу мерзімі | Нормативтік құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Лотереялар және лотереялық қызмет саласындағы уәкілетті органды айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | МСМ | 2016 жылғы маусым | С.Ж. Мұсайбеков |
2. | Лотерея операторын және оған лотерея өткізу құқығын беру мерзімін айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | МСМ | 2016 жылғы маусым | С.Ж. Мұсайбеков |
3. | Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының орындалуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің және Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығы | МСМ, ҰЭМ | 2016 жылғы маусым | С.Ж. Мұсайбеков |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
МСМ - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі