"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 18 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 63-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 18 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Орталық мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 30 мамырдағы
№ 33-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 18 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Нормативтік құқықтық актіні сапалы әзірлеу және уақтылы енгізу үшін жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2017 жылғы маусым

Б.Б. Бисенқұлов

2.

Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық ІІМ

ІІМ, БП (келісім бойынша)

2017 жылғы маусым

Б. Б.Бисенқұлов

3.

Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы қызметі мен ішкі тәртіптемесін мекемелердің ұйымдастыру қағидалары бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2017 жылғы маусым

Б.Б.Бисенқұлов

4.

"Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 510 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

бұйрық

ІІМ

2017 жылғы маусым

Б.Б. Бисенқұлов

5.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2017 жылғы маусым

Б.Б. Бисенқұлов

6.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2017 жылғы маусым

Б.Б. Бисенқұлов

7.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ("Әкімшілік қадағалаудағы адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 97 бұйрығы;
"Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 383 бұйрығы;
"Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 622 бұйрығы;
"Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 89 бұйрығы)

бұйрық

ІІМ

2017 жылғы маусым

Б.Б. Бисенқұлов

8.

Әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полиция органдарының гауптвахтасында әкімшілік қамауды өтеу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ҰҚК (келісім бойынша)

2017 жылғы маусым

М.Ө. Қалқабаев

9.

Әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында әкімшілік қамауды өтеу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

Қорғанысмині

2017 жылғы маусым

Т.С. Мұхтаров

10.

"Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

бұйрық

БП (келісім бойынша)

2017 жылғы маусым

Е.Ә. Кененбаев

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БП - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

      ҰКҚ - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      Қорғанысмині - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады