Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 58-VІ ҚРЗ.

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат):

      1) мазмұнындағы 233-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "233-бап. Бас бостандығынан айыру орындарында күзетпен қамауда отырған немесе жазасын өтеп жүрген адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу";

      2) 1-баптың 1-тармағының 20) тармақшасы "пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмаған бала (кәмелетке толмағандар);" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 222-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қамауға алу және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындайтын мекемелерде отырған адамдарды – тиісті мекемелердің бастықтары;";

      4) 233-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "233-бап. Бас бостандығынан айыру орындарында күзетпен қамауда отырған немесе жазасын өтеп жүрген адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу

      1. Бас бостандығынан айыру орындарында күзетпен қамауда отырған немесе жазасын өтеп жүрген адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар некеге тұратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қатысуымен осы Кодексте көзделген неке қию (ерлі-зайыпты болу) шарттарын сақтай отырып, адамның күзетпен ұстау немесе жазасын өтеп жүрген орны бойынша, тиісті мекеменің әкімшілігі айқындаған үй-жайда жүргізеді.

      2. Күзетпен қамауда отырған адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеуді тіркеуші орган осы іс жүргізуінде жатқан адамды немесе органды хабардар еткеннен кейін жүргiзедi.".

      2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат):

      1) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "46-бап. Бас бостандығынан айыру

      1. Бас бостандығынан айыру сотталған адамды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне жіберу арқылы оны қоғамнан оқшаулаудан тұрады.

      2. Бас бостандығынан айыруға сотталған, үкiм шығару кезінде он сегiз жасқа толмаған адамдар кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелеріне орналастырылады.

      3. Осы Кодексте көзделген қылмыстарды жасағаны үшiн бас бостандығынан айыру – алты айдан он бес жылға дейiнгі, ал аса ауыр қылмыстары үшiн жиырма жылға дейiнгi мерзiмге не өмiр бойына белгiленедi. Абайсызда жасалған қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыру мерзімі он жылдан аспайды. Айыппұл салуды, түзеу жұмыстарын немесе бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстырған жағдайда ол алты айға жетпейтiн мерзiмге тағайындалуы мүмкiн. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаларды тағайындаған кезде бас бостандығынан айыру мерзiмдерiн iшiнара немесе толық қосқан жағдайда және осы Кодекстің 47-бабының бесінші бөлігінде, 71-бабының бесінші бөлігінде және 77-бабының бесінші бөлігінде көзделген жағдайларда бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзiмi – жиырма бес жылдан, ал үкiмдердiң жиынтығы бойынша отыз жылдан аспауға тиіс.

      4. Өмір бойына бас бостандығынан айыру – аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ өлім жазасына балама ретінде белгіленуі мүмкін. Өмір бойына бас бостандығынан айыру он сегіз жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға, әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге тағайындалмайды. Өмір бойына бас бостандығынан айыру кешірім жасау тәртібімен белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін.

      5. Бас бостандығынан айыруды:

      1) абайсызда жасаған қылмыстары үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған, сондай-ақ қасақана қылмыс жасағаны үшiн бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалған, алғаш рет сотталған адамдарға – қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде;

      2) қасақана онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар және ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бiр жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдарға және айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға – қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде;

      3) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы кезінде не егер сотталған адам бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген болса, қылмыстардың қайталануы болмаған кезде және әйелдерге қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде – қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде;

      4) қылмыстардың қауiптi қайталануы кезiнде, сондай-ақ өмiр бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға – қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалады.

      Үкімдер жиынтығы кезінде бас бостандығынан айыруды өтеу үшін жиынтыққа кіретін үкімдердің бірінде белгіленген мекеменің неғұрлым қатаң түрі айқындалады.

      6. Аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың қауiптi қайталануы кезiнде жаза мерзiмiнiң бiр бөлiгiн, бiрақ бес жылдан аспайтын мерзiмді қылмыстық-атқару жүйесінің толық қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалуы мүмкiн.

      7. Үкiммен тағайындалған мекеменiң түрін өзгертудi сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 96-бабына сәйкес жүргiзедi.";

      2) 81-бапта:

      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Кәмелетке толмаған сотталғандар бас бостандығынан айыруды кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейді.";

      тоғызыншы бөлік алып тасталсын;

      3) 467-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы Кодекстің 45-бабының ережелері әскери қызметшілерге қатысты және осы Кодекстің 41-бабының үшінші бөлігінде, 42-бабының үшінші бөлігінде және 43-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады деп белгілей отырып, оның қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.".

      3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 2-құжат):

      1) 276-баптың алтыншы бөлігінің 2) тармағындағы "сот сараптамасы объектілерінің сақталуын" деген сөздер "жүргізіліп жатқан зерттеулердің жан-жақтылығын, толықтығы мен объективтілігін, сот сараптамасы объектілерінің сақталуының қамтамасыз етілуін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 473-баптың бірінші бөлігіндегі "гаупвахтада ұстауға" деген сөздер "қамаққа алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 476-баптың 3) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған, бақылаудан жасырынған және жазасын өтеуден жалтарып жүрген адамдарға қатысты iздестiру, оның ішінде халықаралық іздестіру жариялау, оны тоқтату және бұлтартпау шарасын таңдау туралы;";

      4) 478-бап мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "2-1. Осы Кодекстің 476-бабының 3) тармағында көрсетілген, халықаралық іздестіруді жариялау және тоқтату бөлігіндегі мәселелер қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталған, бақылаудан жасырынған және жазасын өтеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруді жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша қаралады.".

      4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129, 131-құжаттар):

      1) 3-бап мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) тергеу изоляторларының оқшауланған учаскелері – бас бостандығынан айыруға сотталғандарды, сондай-ақ қамаққа алуға сотталғандарды ұстауға арналған камералары бар тергеу изоляторларының үй-жайлары.";

      2) 26-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "5. Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты мекеме әкімшілігі оларда психикалық ауытқушылықтар мен сексуалдық зорлық-зомбылыққа бейімділіктің бар (жоқ) екендігі туралы мәселені шешу үшін жазаны өтеу мерзімі аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін сотқа материалдарды жібереді. Осы бөліктің ережелері сотталған адамдардың есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуының анықталуына байланысты соттың шешімі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылатын сотталғандарға қолданылмайды.

      Мекеме әкімшілігі сот-психиатриялық сараптама нәтижесі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау, ұзарту, өзгерту немесе тоқтату туралы мәселелерді шешу үшін сотқа ұсыну жібереді.

      Мекеме әкімшілігі соттың қаулысын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымына медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын орындау үшін жібереді.

      Өзіне қатысты соттың шешімімен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы белгіленген, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамның мекемелерден босатылғаны туралы хабарлама босатылғанға дейін бес жұмыс күні бұрын тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымына және ішкі істер органына жіберіледі.";

      3) 69-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "4. Жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынған сотталған адамға қатысты пробация қызметі бастапқы іздестіру іс-шараларын жүзеге асырады және оған іздестіру жариялау туралы сотқа ұсыну енгізеді.";

      4) 83-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сотталғандар қамаққа алу түріндегі жазасын сотталған жеріндегі арнаулы қабылдау орындарында, тергеу изоляторларының оқшауланған учаскелерінде өтейді.";

      5) 85-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қамаққа алуға сотталғандар тамақпен бас бостандығынан айыруға сотталғандар үшін белгіленген нормалар бойынша қамтамасыз етіледі.

      Әскери қызметшілер гауптвахтада ұсталған кезеңде тамақпен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару қызметі, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс салаларындағы уәкілетті органдар белгілейтін нормалар бойынша қамтамасыз етіледі.";

      6) 88-бап мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "4-1. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес басқа мекемеге жіберілген не ауыстырылған сотталған адамды одан әрі ұстауға негіз болмаған кезде, оның өтініші бойынша не оның келісімімен әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау мақсатында ол тиісті түрдегі басқа мекемеге ауыстырылуға жатады.

      Оң мінез-құлық дәрежесінің және тиісті түрдегі мекемеде орынның болуы сотталған адамды ауыстырудың міндетті шарттары болып табылады.

      Бұл ретте сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстары құжаттармен расталады.

      Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісу бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.";

      7) 89-бапта:

      үшінші бөліктегі "жазасын колония-қоныстарда өтеумен," деген сөздер алып тасталсын;

      төртінші-жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Орташа қауіпсіз мекемелерде:

      1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қасақана қылмыстар және ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бiр жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар;

      2) айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айырумен ауыстырылған адамдар;

      3) мекемелерден осы Кодекстің 96-бабының бірінші бөлігінің 1) тармақшасына, үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес ауыстырылған сотталғандар;

      4) кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерден осы Кодекстің 156-бабына сәйкес ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейдi.";

      5. Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде:

      1) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған ерлер, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы кезінде не егер сотталған адам бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген болса, қылмыстардың қайталануы болмаған кезде;

      2) қылмыстарының қауіпті қайталануы кезінде бас бостандығынан айыруға сотталған әйелдер;

      3) осы Кодекстің 96-бабының бірінші бөлігінің 1) тармақшасына, үшінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейдi.

      6. Төтенше қауіпсіз мекемелерде:

      1) қылмыстарының қауіпті қайталануы кезінде;

      2) өмiр бойына бас бостандығынан айыруға;

      3) өлiм жазасы түрiндегi жазасы кешiрiм жасау тәртiбiмен бас бостандығынан айырумен ауыстырылған;

      4) осы Кодекстің 96-бабының бірінші бөлігінің 1) тармақшасына, үшінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейдi.

      7. Толық қауіпсіз мекемелерде:

      1) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн, қылмыстарының қауіпті қайталануы кезінде бес жылдан астам мерзiмге;

      2) өздерiне қатысты өлiм жазасы туралы сот үкiмі өлiм жазасын орындауға мораторий енгiзiлгенге дейiн немесе мораторий қолданылған уақытта күшiне енген;

      3) осы Кодекстiң 88-бабы төртінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес ауыстырылған;

      4) осы Кодекстің 96-бабы үшінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес жiберiлген сотталғандар жазасын өтейдi.";

      8) 91-бап мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

      "8. Белгіленген тәртіппен әлеуметтік, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жарияланған не сотталғандардың мекемеде болу мүмкіндігін жоққа шығаратын ерекше жағдайлар режимін енгізген жағдайда олар қылмыстық-атқару жүйесі уәкілетті органының шешімі бойынша төтенше жағдайдың салдары жойылғанға не ерекше жағдайлар режимінің мерзімі аяқталғанға дейін басқа мекемелерге ауыстырылады.

      Төтенше жағдай салдарларын жою немесе ерекше жағдайлар режимін енгізуге негіз болған жағдайларды жою мүмкін болмаған кезде сотталғандар осы немесе басқа облыстағы тиісті түрдегі мекемеге жіберіледі.";

      9) 95-бапта:

      үшінші бөліктегі "бастығы айқындайды" деген сөздер "бастығының қаулысымен айқындалады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сотталған адамның мінез-құлық дәрежесін айқындау мақсатында оның мінез-құлқын бағалау сотталған адам мекемеге келген күннен бастап жүзеге асырылады.

      Көтермелеулері және жазалаулары жоқ не жазалауы осы Кодексте белгіленген тәртіппен өтелген сотталған адам белгілі бір мінез-құлық дәрежесі жоқ деп танылады.

      Сотталған адамды бір түрдегі мекемеден екіншісіне ауыстырған жағдайда мінез-құлық дәрежесінің бұрын қойылған бағалауы оның мінез-құлқын осы Кодексте көзделген мерзімдерде мекеме комиссиясы қараған кезге дейін сақталады.

      Сотталғандардың мінез-құлық дәрежелері мынадай критерийлер негізінде айқындалады:

      оң сипатталатын сотталғандар үшін:

      1) кемінде бір көтермелеуі болған әрі соңғы көтермелеу алған күннен бастап үш және одан көп ай бойы жазалаулары болмаған кезде – дәрежесі бірінші оң мінез-құлық;

      2) бірінші оң мінез-құлық дәрежесі болған, сотталғандардың ерікті ұйымына мүше болған әрі бірінші оң мінез-құлық дәрежесін алған күннен бастап алты және одан көп ай бойы жазалаулары болмаған кезде – дәрежесі екінші оң мінез-құлық;

      3) екінші оң мінез-құлық дәрежесі болған, сотталғандардың ерікті ұйымына мүше болған әрі екінші оң мінез-құлық дәрежесін алған күннен бастап бір жыл және одан көп уақыт бойы жазалаулары болмаған кезде – дәрежесі үшінші оң мінез-құлық;

      теріс сипатталатын сотталғандар үшін:

      1) жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушы деп танылған кезде – дәрежесі бірінші теріс мінез-құлық;

      2) жазаны өтеудің белгіленген тәртібін үнемі бұзушы деп танылған кезде – дәрежесі екінші теріс мінез-құлық;

      3) жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушы деп танылған кезде – дәрежесі үшінші теріс мінез-құлық.

      Сотталған адамды жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушы, үнемі бұзушы не қаскөйлікпен бұзушы деп тану осы Кодекстің 130-бабының үшінші бөлігіне және 154-бабының төртінші бөлігіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      10) 96-бапта:

      үшінші бөліктің бірінші абзацы "бұзушылық жасаған" деген сөздердің алдынан "қаскөйлікпен" деген сөзбен толықтырылсын;

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сотталған адам жаза мерзімінің осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген бір бөлігін өтеген кезде мекеме әкімшілігі дәрежесі екінші немесе үшінші оң мінез-құлықты сотталған адамды мекеме түрін өзгерту туралы мәселені қарау үшін сотқа өтінішхат беру құқығының басталғаны туралы бес күн мерзімде жазбаша хабардар етуге міндетті.";

      11) 129-баптың бірінші бөлігіндегі "көзделген көтермелеу –" деген сөздер "көзделген көтермелеу – мінез-құлқының бағалауы жоқ не" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 169-баптың сегізінші бөлігінде:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) ішкі істер органдарының жазбаша рұқсатынсыз басқа жерлерге шықпауға;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) негізгі жазаны толық өтегенге және пробациялық бақылау мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеуге;".

      5. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VI, 114-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4, 7-құжат):

      1) 336-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы алып тасталсын;

      2) 348-баптың төртінші бөлігіндегі "қылмыстық-атқару жүйесі" деген сөздер "атқарушылық іс жүргізу" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Жедел-iздестiру қызметi туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат):

      1) 1-баптың 24) тармақшасындағы "қылмыстық жауаптылықтан жалтарған адамдардың" деген сөздер "қылмыстық жауаптылықтан, жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген адамдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бап. Жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерi

      Жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерi:

      1) адам мен азаматтың өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерiн, меншікті құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау;

      2) қоғамның, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және оның экономикалық әлеуетi мен қорғаныс қабiлетiн нығайтуға жәрдемдесу;

      3) қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;

      4) анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, қылмыстық жауаптылықтан, жазаны өтеуден немесе пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген адамдарды, хабарсыз кеткен азаматтарды және заңмен көзделген жағдайларда өзге де адамдарды iздестiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ табылған танылмаған мәйіттерді сәйкестендіру;

      5) Қазақстан Республикасы Президентiнiң және басқа да күзетiлетін адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

      6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзетудi қамтамасыз ету;

      7) мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету;

      8) ұйымдарға коммерциялық құпияны қорғауда жәрдемдесу;

      9) күзетпен ұстау немесе бас бостандығынан айыру орындарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген режимдi ұстап тұру;

      10) күзетпен ұстау немесе бас бостандығынан айыру орындарындағы күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың, сотталғандардың, персоналдың және өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      11) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады.";

      3) 7-баптың б-2) тармақшасы және 10-баптың 1-тармағының в-2) тармақшасы "борышкерді" деген сөзден кейін ", сондай-ақ жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген адамды" деген сөздермен толықтырылсын.

      7. "Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 131-құжат):

      23-баптың екінші бөлігінің б) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "б) егер ол қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сотталған болса, оған пробациялық бақылау белгіленген немесе оған жазаны орындауды кейінге қалдыру қолданылған болса - оны сот шешімінің негізінде шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, жазаны өтеп болғанға немесе жазадан босатылғанға, пробациялық бақылаудың мерзімі аяқталғанға, жазаны орындауды кейінге қалдыру мерзімі аяқталғанға дейiн;".

      8. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж, № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-V; 154, 156-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 2-құжат):

      13-баптың 1-тармақшасындағы "сараптық-криминалистiк" деген сөздер "криминалистік" деген сөзбен ауыстырылсын.

      9. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 13, 272-құжат; 2002 ж., № 18, 159-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 5-6, 40-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат):

      1) бүкіл мәтін бойынша:

      "түзеу мекемелерінің", "түзеу мекемесінен", "түзеу мекемесі", "түзеу мекемесінің" деген сөздер тиісінше "қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің", "қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен", "қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі", "қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "а" және "б" тармақшаларында аталған", "в" тармақшасында аталған" деген сөздер тиісінше "а) және б) тармақшаларында аталған", "в) тармақшасында аталған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бап. Әкiмшiлiк қадағалау белгіленген адамдар

      Әкiмшiлiк қадағалау жазасын өтеген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдарға:

      а) экстремистік және (немесе) террористік қылмыстары және кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстары үшін;

      б) ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін немесе қасақана қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға екі және одан да көп рет сотты болғандарға, жаза мерзімі аяқталған кезде дәрежесі үшінші теріс мінез-құлықты сотталғандарға;

      в) егер жазаны өтегеннен кейiн iшкi iстер органдарының ескертулерiне қарамастан қоғамдық тәртіпті, адам мен азаматтың құқықтарын және заңды мүдделерін үнемі бұзса, өзге де құқық бұзушылықтар жасаса ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін немесе қасақана қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға екі және одан да көп рет сотты болған адамдарға белгіленеді.";

      3) 3-бапта:

      а) тармақшасындағы "а" тармақшасында аталған" деген сөздер "а) тармақшасында аталған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) тармақшасындағы "б" тармақшасында аталған" деген сөздер"б) тармақшасында аталған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) тармақшасындағы "в" тармақшасында аталған" деген сөздер "в) тармақшасында аталған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 5-бапта:

      үшінші бөлік "органның" деген сөзден кейін "немесе мекеменің" деген сөздермен толықтырылсын;

      алтыншы бөліктегі "а" және "б" тармақшаларында көзделген" деген сөздер "а) және б) тармақшаларында көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 7, 9, 10 және 12-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Әкімшілік қадағалау белгіленген адамдарға қатысты қолданылатын шектеулер

      Әкiмшiлiк қадағалау белгіленген адамдарға қатысты өмір сүру салтына, отбасындағы және тұрғылықты жерiндегі мiнез-құлқына, қадағалауға алынған адамның жеке басын сипаттайтын басқа да мән-жайларға қарай мынадай:

      а) iшкi iстер органдары айқындаған уақытта тұрғынжайдан кетуге;

      б) iшкi iстер органдары айқындаған аудан (қала) жерлерінде болуға;

      в) қадағалауды жүзеге асыратын iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз аудан (қала) шегiнен тыс жерлерге шығуға;

      г) кәмелетке толмағандардың ата-аналарының не заңды өкілдерінің келісімінсіз оларды іздестіруге, оларға баруға, олармен телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілмен қарым-қатынас жасауға;

      д) алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды қолдануға тыйым салу түріндегі шектеулер толық көлемде немесе жеке-жеке қолданылуы мүмкiн.";

      "9-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесi әкiмшiлiгiнiң әкiмшiлiк қадағалау белгілеу туралы қаулыны жiберу тәртiбi

      Әкiмшiлiк қадағалау белгіленген адамды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатар алдында мекеме әкiмшiлiгi оның таңдаған тұрғылықты жеріндегі iшкi iстер органына сот қаулысын, оған мінездеме беретін материалдар мен оның келетiн уақыты туралы хабарлама жiбередi.

      10-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды белгілеу, мерзімін ұзарту немесе шектеулердi өзгерту туралы сот қаулысын қадағалауға алынған адамға жариялау

      Қадағалауға алынған адамға әкiмшiлiк қадағалауды белгілеу, мерзiмiн ұзарту немесе шектеулердi өзгерту туралы сот қаулысын қадағалауға алынған адамға қолын қойғыза отырып, iшкi iстер органдарының жергілікті полиция қызметінің бастығы, ал қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіндегі адамға – мекеме бастығы жариялайды. Бұл ретте қадағалауға алынған адамға оның мiндеттерi, әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын бұзғаны үшiн жауаптылығы, ал әкімшілік қадағалау белгіленген адамға қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатылар алдында таңдаған тұрғылықты жерiне белгілі бір мерзiмде келмегенi үшiн жауаптылығы түсiндiрiледi.

      Әкiмшiлiк қадағалау белгіленген адам таңдаған тұрғылықты жерiне келмеген жағдайда, ішкі істер органы оның орналасқан жерін және оның келмеу себептерін анықтау жөніндегі бастапқы іс-шараларды жүргізеді.

      Әкiмшiлiк қадағалау белгіленген адамның тұратын жері анықталмаған жағдайда, ішкі істер органы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастайды, оған бұлтартпау шарасын таңдай отырып, іздестіру жариялайды.";

      "12-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асыратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің мiндеттерi

      Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асыру кезiнде:

      а) әкiмшiлiк қадағалау белгіленген адамды есепке алғаннан кейін оған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін оның пробация қызметіне келуін қамтамасыз етуге және әкiмшiлiк қадағалау белгілеу туралы сот қаулысының көшірмесін пробация қызметінің атына жіберуге;

      б) әкімшілік қадағалау белгіленген адамның тұрғылықты жерi мен жұмыс орны бойынша оның мiнез-құлқын жүйелi түрде байқауға;

      в) әкімшілік қадағалау белгіленген адамның қоғамдық тәртiптi, адам және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзуының алдын алуға және жолын кесуге;

      г) әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын бұзушылық туралы белгiленген тәртiппен хаттамалар жасауға және оларды қарау үшiн сотқа жiберуге міндетті.";

      6) 13-бап мынадай мазмұндағы д) тармақшасымен толықтырылсын:

      "д) тиісті әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асыру және әкімшілік қадағалау белгіленген адамның тұрған жері туралы ақпарат алу үшін, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқығы бар. Электрондық бақылау құралдарын қолдану тәртібін және ішкі істер органдарының әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайды.";

      7) 15-баптағы ""а", "в", "г", "д" және "е" тармақшаларында көзделген", ""б" тармақшасында көзделген" деген сөздер тиісінше "а), в) г), д) және е) тармақшаларында көзделген", "б) тармақшасында көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 16-баптың г) тармақшасындағы "тiркелуге мiндеттi." деген сөздер "тіркелуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы д) тармақшасымен толықтырылсын:

      "д) әкімшілік қадағалау мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеуге міндетті.".

      10. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат):

      86-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) күзетпен ұстау не адамға сол жерде тұру мүмкiндiгiнен айыратын қылмыстық жаза немесе қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шарасын қолдану кезiнде – күзетпен ұстау не қылмыстық жазасын немесе қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шарасын өтеген мерзiмi iшiнде сақталады. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғынжайға құқығынан айыру бұл жағдайда сот үкiмiмен көзделуi мүмкiн.".

      11. "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2011 ж., № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат):

      1) 2-бапта:

      7) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) тәртіптік изолятор – күзетпен ұстаудың белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзған бір адамды ұстауға арналған камера;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) тергеу изоляторы – мыналарды:

      өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған, қылмыс жасады деп күдік келтірілгендер мен айыпталушыларды;

      қамауға алуға сотталғандарды;

      бас бостандығынан айыруға сотталғандарды;

      бас бостандығынан айыруға сотталғандарды, шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін қалдырылғандарды не жіберілгендерді;

      мекемелерден Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес келген сотталғандарды ұстауға арналған арнаулы мекеме;";

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) уақытша оқшаулау үй-жайы – күзетпен ұстаудың белгіленген тәртібін бұзған кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған камера;";

      12) тармақша "адамдарды" деген сөзден кейін ", сондай-ақ осы Заңның 46-6-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда әкімшілік қамауға алынған адамдарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 5-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) әкімшілік қамауға алынған адамдарды уақытша ұстау изоляторларына, арнаулы қабылдау орындарына орналастыру судьяның оларды қамауға алу туралы қаулысының негізінде жүзеге асырылады;";

      3) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері және гауптвахталар күдіктілер мен айыпталушыларды күзетпен ұстау орындары болып табылуы мүмкін.";

      4) 10-баптың 1-тармағындағы "Түзеу мекемелерінде" деген сөздер "Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 11-бапта:

      2-тармақтағы және 3-тармақтың 2) тармақшасындағы "түзеу мекемелерiнiң" деген сөздер "қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қарауында гауптвахталар бар әскери полиция органдарының бастықтары ұғынылады.";

      6) тармақша алып тасталсын;

      6) 16-бапта:

      1-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) тізбесі мен саны Ішкі тәртіп қағидаларында айқындалатын заттар мен нәрселерді пайдалануға;";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Сөйлеу не есту, не көру кемістігі бар мүгедектер болып табылатын күдіктілер мен айыпталушылардың дактильді-ымдау тілін немесе Брайль әліпбиін меңгерген мамандар көрсететін қызметтерді пайдалануға құқығы бар.";

      7) 19-бапта:

      4-тармақтағы "жазаны орындайтын мекемелерде" деген сөздер "қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтағы "үш күн мерзімнен" деген сөздер "екі жұмыс күнінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 23-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Күдіктілер мен айыпталушыларға медициналық, оның ішінде психиатриялық көмек көрсету тәртібін, сондай-ақ оларды медициналық мекемелерде ұстау мен оларға қызмет көрсетуге осы мекемелердің персоналын тарту тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қорғаныс министрлігі айқындайды.";

      6-тармақтағы ", Әдiлет министрлiгiне" деген сөздер алып тасталсын;

      9) 25-баптағы "Әдiлет министрлiгi" деген сөздер "Ішкі істер министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 29-баптың 4-тармағындағы "карцерге" деген сөз "тәртіптік изоляторға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 33-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы қылмыстық атқару жүйесінің уәкілетті органы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Күзетпен ұстау орындарының қызметкерлері адамдардың күзетпен ұстау орындарының аумағына кірген және шыққан кездегі заттары мен киімдерін жете тексеруді, сондай-ақ кірген және шыққан көлік құралдарын жете тексеруді, күдіктілер мен айыпталушылардың сақтауына және пайдалануына тыйым салынған нәрселерді, заттар мен тамақ өнімдерін алып қоюды жүргізеді.";

      12) 37 және 39-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "37-бап. Жазалау шаралары

      Белгіленген міндеттерді орындамағаны үшін күдіктілер мен айыпталушыларға мынадай жазалау шаралары:

      1) ескерту;

      2) сөгіс;

      3) он бес тәулікке дейінгі мерзімге тәртіптік изоляторға жабу;

      4) кәмелетке толмаған күдіктілер мен айыпталушыларды жетпіс екі сағатқа дейінгі мерзімге уақытша оқшаулау үй-жайына жабу қолданылуы мүмкін.";

      "39-бап. Тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұстау

      1. Күдіктілер мен айыпталушылар:

      1) басқа күдіктілер мен айыпталушыларға қысым көрсеткені және оларды қорлағаны;

      2) күзетпен ұстау орындары қызметкерлерінің немесе өзге де адамдардың заңды талаптарына бағынбағаны не оларды қорлағаны;

      3) оқшаулау қағидаларын бірнеше рет бұзғаны;

      4) алкогольдік ішімдіктерді сақтағаны, дайындағаны және ішкені;

      5) сақтауға және пайдалануға тыйым салынған басқа да нәрселерді, заттар мен тамақ өнімдерін сақтағаны, дайындағаны және пайдаланғаны;

      6) құмар ойындарға қатысқаны үшін тәртіптік изоляторға, ал кәмелетке толмағандар уақытша оқшаулау үй-жайына отырғызылуы мүмкін.

      2. Тәртіптік изоляторға, уақытша оқшаулау үй-жайына жабу түріндегі жаза сөгіс түрінде екі және одан да көп рет жаза қолданылған күдіктілер мен айыпталушыларға да қолданылады.

      3. Тәртіптік изоляторға, уақытша оқшаулау үй-жайына жабу күзетпен ұстау орны әкімшілігі бастығының немесе оның міндетін атқарушы адамның қаулысы және күдіктіні немесе айыпталушыны тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұстау мүмкіндігі туралы медициналық қызметкердің қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

      4. Күдіктілер мен айыпталушылар тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында жеке жатын орнымен және төсек-орындармен белгіленген сағаттарда ұйықтайтын уақытқа ғана қамтамасыз етіледі.

      5. Тәртіптік изоляторға, уақытша оқшаулау үй-жайына жабылған күдіктілер мен айыпталушыларға:

      1) қорғаушымен жолығудан басқа, хат жазысуға, жолығуларға;

      2) тамақ өнімдері мен ең қажетті нәрселерді сатып алуға;

      3) хаттар, сауқаттар және сәлемдемелер алуға;

      4) үстел үсті ойындарын, кітаптарды, газеттерді, журналдарды және өзге де әдебиетті пайдалануға тыйым салынады.

      Сауқаттар мен сәлемдемелер күдіктілер мен айыпталушыларға олардың тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында болу мерзімі аяқталғаннан кейін табыс етіледі.

      Тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұсталушы күдіктілер мен айыпталушыларға қатысты осы бапта көзделмеген өзге де шектеулерге жол берілмейді.

      Олардың ұсыныстар, арыздар және шағымдар жіберуі осы Заңның 20-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      6. Күзетпен ұстау орны әкімшілігі бастығының немесе оның міндетін атқарушы адамның тәртіптік изоляторға, уақытша оқшаулау үй-жайына отырғызу түріндегі жазаны орындауды кейінге қалдыруға, күдіктіні немесе айыпталушыны медициналық көрсетілімдерді ескере отырып мерзімінен бұрын босатуға құқығы бар. Егер жазаны орындауды ұзарту мерзімі медициналық көрсетілімдер бойынша жазаны қолданған күннен бастап бір айдан асып кетсе, онда күдікті немесе айыпталушы жазадан босатылуы мүмкін.

      7. Емізулі балалары бар әйелдер, жүкті әйелдер және кәмелетке толмағандар тәртіптік изоляторға жабылмайды.";

      13) 3-2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-2-тарау. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында ұстау

      46-6-бап. Әкімшілік қамауға алынған және арнаулы қабылдау орындарына, уақытша ұстау изоляторларына жеткізілген адамдарды қабылдау және тіркеу

      1. Әкімшілік қамауға алынған адамдар арнаулы қабылдау орнына, уақытша ұстау изоляторына түскен кезде:

      1) судьяның өзі қол қойған және соттың мөрімен бекемделген қамауға алу туралы қаулысының;

      2) арнаулы қабылдау орнында, уақытша ұстау изоляторында сақтауға тыйым салынған, алып қойылған заттарымен жеке жете тексеру хаттамасының;

      3) әкімшілік қамауға алынған адамның жеке басын куәландыратын құжаттарының болуы тексеріледі.

      2. Арнаулы қабылдау орнына, уақытша ұстау изоляторына жеткізілген адамдарды тіркеу, жеке жете тексеруді, медициналық куәландыруды, дактилоскопиялауды, суретке түсіруді жүргізу тәртібі, сондай-ақ алып қоюға жататын заттар тізбесі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекітетін Арнаулы қабылдау орнындағы ішкі тәртіп қағидаларында айқындалады.

      3. Әкімшілік қамауға алынған адамдардың арнаулы қабылдау орнына, уақытша ұстау изоляторына орналастырылғаны немесе олардың тиісті медициналық ұйымдарға жіберілгені туралы арнаулы қабылдау орнының, уақытша ұстау изоляторының әкімшілігі бір тәулік ішінде олардың жақын туыстарына тұрғылықты жері бойынша хабарлайды.

      4. Әкімшілік қамауға алынған адамдардың сотқа, прокуратура органдарына немесе басқа да мемлекеттік органдарға жазған өтініштері қаралмайды және олар берілген уақытынан бастап жиырма төрт сағат ішінде мекенжайы бойынша жіберіледі.

      5. Арнаулы қабылдау орны болмаған немесе онда орындар болмаған не арнаулы қабылдау орнының шалғайлығынан немесе тиісті қатынас жолдарының болмауынан оған жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда әкімшілік қамауға алынған адамдарды уақытша ұстау изоляторында ұстауға жол беріледі.

      Уақытша ұстау изоляторында әкімшілік қамауға алынған адамдар және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдар бөлек ұсталады.

      46-7-бап. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды ұстау режимі

      1. Әкімшілік қамауға алынған адамдар есіктерінде берік тиектері және қарау тесіктері болуға тиісті камераларда ұсталады, терезелер металл торлармен жабдықталады. Әр камерада арнаулы қабылдау орнындағы, уақытша ұстау изоляторындағы Ішкі тәртіп қағидалары ілінеді.

      2. Арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында тәулік бойы кезекшілікті қамтамасыз ететін және онда ұсталушы адамдардың мекеменің шегінен тыс жерлерге өз бетінше кету мүмкіндігін болғызбайтын режим белгіленеді.

      Әкімшілік қамауға алынған адамдарға "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дене күші және арнаулы құралдар қолданылуы мүмкін.

      3. Арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын әкімшілік қамауға алынған адамдар тамақпен күзетпен ұсталатындар және уақытша ұстау изоляторында отырғандар үшін белгіленген нормалар бойынша қамтамасыз етіледі. Тамақ өнімдерін күн сайын ведомость бойынша кезекші береді.

      4. Арнаулы қабылдау орындарына, уақытша ұстау изоляторларына орналастырылған ерлер әйелдерден бөлек орналастырылады.

      5. Туберкулездің жұқпалы түрімен, венерологиялық және басқа да инфекциялық аурулармен ауыратындар әкімшілік қамауға алынған басқа адамдардан оқшауландырылады.

      6. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер гауптвахталарда ұсталады.

      Әскери қызметшілердің гаупвахтада әкімшілік қамауды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайды.

      46-8-бап. Әкімшілік қамауға алынған, арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттері

      1. Әкімшілік қамауға алынған, арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын адамдардың:

      1) өздерінің құқықтары мен міндеттері, арнаулы қабылдау орнында, уақытша ұстау изоляторында ұстау режимі, ұсыныстар, арыздар мен шағымдар беру тәртібі туралы ақпарат алуға;

      2) арнаулы қабылдау орнында, уақытша ұстау изоляторында болу кезеңінде жеке басының қауіпсіздігіне;

      3) арнаулы қабылдау орнындағы Ішкі тәртіп қағидаларында бекітілетін нормалар бойынша материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитариялық көрсетілетін қызметтер алуға;

      4) хаттар, сауқаттар, бандерольдер мен сәлемдемелер алуға;

      5) түнгі уақытта сегіз сағат ұйықтауға;

      6) күніне кемінде екі сағат күн сайын серуендеуге;

      7) арнаулы қабылдау орнында, уақытша ұстау изоляторында Ішкі тәртіп қағидаларын және басқа да адамдардың құқықтарын сақтаған жағдайда – діни жораларды орындауға;

      8) арнаулы қабылдау орнының, уақытша ұстау изоляторының әкімшілігіне, прокуратура органдарына, сотқа өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы мәселелері бойынша өтініш жасауға құқығы бар.

      2. Әкімшілік қамауға алынған, арнаулы қабылдау орындарына, уақытша ұстау изоляторларына орналастырылған адамдар арнаулы қабылдау орнындағы, уақытша ұстау изоляторындағы Ішкі тәртіп қағидаларын орындауға міндетті.

      46-9-бап. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды арнаулы қабылдау орнынан, уақытша ұстау изоляторынан босату

      1. Әкімшілік қамауға алынған адамдар арнаулы қабылдау орнынан, уақытша ұстау изоляторынан судьяның қаулысымен белгіленген әкімшілік қамауға алу мерзімін өтегеннен кейін босатылады.

      2. Босатылған адамдарға сақталуы заңсыз болып табылатын заттардан басқа, олардан сақтауға алып қойылған құжаттары, ақшасы мен заттары қолхат алына отырып қайтарылады.

      3. Әкімшілік қамауға алынған адамдар атыс қаруын немесе суық қаруды, жарылғыш, қатты әсер ететін немесе улы заттарды және есірткі заттарын заңсыз сақтаған кезде шешім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданады.

      4. Босатылған адамға оның арнаулы қабылдау орнында, уақытша ұстау изоляторында болғаны туралы анықтама беріледі.";

      14) 48-бапта:

      3-тармақтағы "немесе қамауға алу", "ретінде қамауға алу" деген сөздер тиісінше "немесе күзетпен ұстау", "ретінде күзетпен ұстау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "оны қамауға алуға кім санкция бергендігі" деген сөздер "оны күзетпен ұстауға кім санкция бергендігі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      12. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-І, 47, 49-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат):

      1) 27-баптың 1-тармағында:

      16-2) және 17-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді орындайды;";

      "17-1) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органдар құрады;";

      мынадай мазмұндағы 17-3) – 17-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "17-3) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілейді;

      17-4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетуді үйлестіреді;

      17-5) Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, өмірлік қиын жағдайда деп танылған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;

      17-6) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, оның ішінде:

      қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін тауарларға, орындайтын жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тапсырыстарды орналастыру;

      қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында сотталғандардың еңбегін пайдаланатын өндірістер ашу, оларды кеңейту және жаңғырту үшін кәсіпкерлік субъектілерін тарту арқылы жәрдемдеседі;

      17-7) пробация қызметінің есебінде тұрған мүмкіндігі шектеулі кәмелетке толмағандарды ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді;";

      2) 31-баптың 1-тармағының 14-1) және 14-3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес қылмыстық-атқару саласындағы қызметті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;";

      "14-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді орындайды;";

      3) 35-баптың 1-тармағында:

      12-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-1) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді;";

      мынадай мазмұндағы 12-10) және 24) тармақшалармен толықтырылсын:

      "12-10) жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;";

      "24) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, оның ішінде:

      қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін тауарларға, орындайтын жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тапсырыстарды орналастыру;

      қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында сотталғандардың еңбегін пайдаланатын өндірістер ашу, оларды кеңейту және жаңғырту үшін кәсіпкерлік субъектілерін тарту арқылы жәрдемдеседі.".

      13. "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат):

      12-баптың 3-тармағында:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) анықтаудан, тергеуден, соттан жасырынған адамдарды, сондай-ақ жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылауды жүзеге асырудан жалтарып жүрген адамдарды;";

      8) тармақша "белгілі бір қызметпен шұғылдану" деген сөздер "белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу" деген сөздермен ауыстырылсын.

      14. "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат):

      1) 10-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмағандардың өмір салтына және мінез-құлқына бақылау жасауды қамтамасыз етеді;";

      2) 12-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) пробация қызметі әзірлеген әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмағандарға орта білім алуға көмек көрсетеді;".

      15. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс, үкiметтiк емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 6, 8-құжат; 2011 ж., № 21, 171-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 3, 21-құжат; 2015 ж., № 23-I, 166-құжат):

      5-баптың 1-тармағының 13-1) тармақшасындағы "қылмыстық-атқару инспекциясының" деген сөздер алып тасталсын.

      16. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 119-құжат):

      1) 5-бап мынадай мазмұндағы 6-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-4) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру қағидаларын қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органмен келіседі;";

      2) 31-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмағандарды орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардан шығару туралы шешім пробация қызметінің келісімімен қабылданады.".

      17. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат):

      6-баптың 1-тармағының 11) тармақшасындағы "қылмыстық-атқару инспекциясы" деген сөздер алып тасталсын.

      18. "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 8, 40-құжат; № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 21-І, 125-құжат):

      1) 6-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі сотталғандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі;";

      2) 7-бапта:

      9), 11-1) және 11-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) қылмыстық қудалауды, пробациялық бақылауды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;";

      "11-1) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын және пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында профилактикалық және жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз етеді;

      11-2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес сотталғандарға тәрбиелік ықпал етуді жүзеге асырады;";

      3) 28-баптың 1-тармағында:

      3) тармақша "жазасын" деген сөздің алдынан "бас бостандығынан айыру түріндегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза немесе қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шаралары қолданылған;".

      19. "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129, 131-құжаттар):

      1) 4-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын, сондай-ақ әкімшілік жазалауларды орындау;";

      2) 6-бапта:

      1-тармақтың 34) және 41) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "34) анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынған, қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындаудан және өтеуден, сот шешімін орындаудан жалтарып жүрген, хабарсыз кеткен адамдарды іздестіруді жүргізуге;";

      "41) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардан өздеріне заңмен және сотпен жүктелген міндеттерді орындауды талап етуге;";

      2-тармақта:

      20) және 25) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындаудан және өтеуден жалтарып жүрген адамдарды ұстау жөнінде іс-шаралар жүргізуге;";

      "25) жеке адамдардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған деп күдік келтірілген, қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындаудан және өтеуден жалтарып жүрген адамдардың ізіне түсу кезінде не сол жерде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасалды немесе жасалуда, жазатайым оқиға болды деп санау үшiн жеткiлiктi мәлiметтер болған кезде, дүлей зілзалалар, апаттар, авариялар, эпидемиялар, эпизоотиялар және жаппай тәртiпсiздiктер кезiнде жеке адамдардың жеке басының қауiпсiздiгi мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн тұрғын және өзге де үй-жайларға, аумақтарға және жер учаскелерiне (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардан басқа) кедергiсiз кiруге, оларды қарап тексеруге;";

      мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "25-1) ішкі істер органдарының есебінде тұрған адамдарды байқауды және бақылауды қамтамасыз ету, электрондық бақылау құралдарының болуы мен тұтастығын тексеру мақсатында олар тұратын тұрғын үй-жайларға, аумақтар мен жер учаскелеріне (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардан басқа), олардың жұмыс немесе оқу орны бойынша кез келген меншік нысандарына қарамастан, ұйымдардың өндірістік және өзге де үй-жайларына кедергісіз кіруге;";

      3) 11-бапта:

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) қылмыстық-атқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінің, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады;";

      25) тармақша мынадай мазмұндағы отыз бірінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес қылмыстық-атқару қызметі саласындағы қағидаларды және нұсқаулықтарды;".

      20. "Сот-сараптама қызметі туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 1-2, 1-құжат):

      19-баптың 6-тармағының 4) тармақшасындағы "айрылған;" деген сөз "айрылған адам сот сарапшысы бола алмайды." деген сөздермен ауыстырылып 5) тармақша алып тасталсын.

2-бап. Осы Заң, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады